202-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған некені тану
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында қиылған некелер және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттің заңын сақтай отырып жасалса, осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында заңды ден танылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдіктер арасында қиылған некелер, олар аумағында жасалған мемлекеттің заңдарын сақтай отырып қиылса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
203-бап. Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған некенің заңсыздығы
Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған некенің заңсыздығы осы Заңның 200, 202 баптарына сәйкес неке қию кезінде қолданылған заңдармен айқындалады.
204-бап. Некенің бұзылуы
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер арасындағы некені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некені оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес некені азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзуға жол берілетін жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде бұзылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдіктер арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
205-бап. Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында екеуінің бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен, ал екеуінің бірге тұратын жері болмаған жағдайда - аумағында екеуінің бірге тұрған соңғы жері болған мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Бұрын бірге тұрған жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
206-бап. Әке (ана) болуды анықтау және даулау
1. Әке (ана) болуды анықтау және даулау бала туған кезде азаматы болған мемлекеттің заңдарымен айқындалады.
2. Әке (ана) болуды анықтаудың және даулаудың тәртібі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтық хал актілерін жазу органдарында әке (ана) болуды анықтауға жол берілсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын тым болмаса біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анасы әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне арыз беруге құқылы.
207-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері
Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, соның ішінде ата-аналардың балаларын асырап-бағу жөніндегі міндеті аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Ата-аналар мен балалардың бірге тұратын жері болмаған жағдайда ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері бала азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Талапкердің талап етуі бойынша алименттік міндеттемелерге және ата-ана мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұратын мемлекеттің заңдары қолданылуы мүмкін.
208-бап. Кәмелетке толған балалардың және басқа да отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері
Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының пайдасына алименттік міндеттемелері, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Бірге тұратын жері болмаған жағдайда мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 209-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
209-бап. Бала асырап алу
1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның ішінде бала асырап алудың күшін жою осы заңның 76-78, 82-84 және 96-баптарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік болып табылатын баланы асырап алған жағдайда баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ егер аталған мемлекеттің заңдарына сәйкес талап етілетін болса, асырап алуға баланың да келісімін алу қажет.
3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті орган жүргізген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейін баланың тұратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан немесе оның ата-анасынан (олардың біреуінен) бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
4. Егер бала асырап алудың нәтижесінде баланың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күші сот тәртібімен жойылуға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi жүзеге асырады.
210-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде, егер мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
211-бап. Азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын шет мемлекеттердің құжаттарын тану
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жөнінде тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген құжаттар консулдық ресмилендірілген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
212-бап. Басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңдарының Қазақстан Республикасында қолданылуы
Басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңдарының нормалары оларды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
213-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарында белгіленгенінен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының