Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 13 қарашадағы № 1162 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.06.99 ж. № 693; 29.09.99 ж. № 1474; 25.11.99 ж. № 1789;
03.07.02 ж. № 716 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көзделген отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) қаржыландырылуына ұсынылатын жобалардың тізімі жөніндегі ұсынысы мақұлдансын.
ҚР Үкіметінің 03.07.02 ж. № 716 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
олардың өз инвестициялық жобалары бойынша ұсыныстарын қоса алғанда, бұл жобаларды екінші деңгейдегі банктер қарағаннан кейін отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шаралардың шеңберінде қаржыландырылуға ұсынылатын жобалардың түпкілікті тізбесін;
ерекше жағдайларда жобаны осы қаулының 5-тармағында белгіленген шектерден тыс қаржыландырудың ең жоғарғы сомасы мен осы жобалар бойынша несиені қайтарудың мерзімін;
заемшылар осы қаулының 3-тармағында белгіленген мерзімдерден бұрын өтеген қаражатты пайдаланудың тәртібін айқындайды деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 02.06.99 ж. № 693 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3.
ҚР Үкіметінің 02.06.99 ж. № 693; ҚР Үкіметінің 25.11.99 ж. № 1789; 03.07.02 ж. № 716 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді және толықтырылды
4. Қор уәкілетті банктермен 22 716 100 (жиырма екі миллион жеті жүз он алты мың бір жүз) АҚШ долларына бара-бар жалпы сомаға несиелік келісімдер жасассын. Қордың несиелерін банк жылдық 5 (бес) процент мүдде (сыйақы) ставкасы бойынша 5 жыл мерзімге бөледі. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпорындарға несиелер бергенге дейін қордың несиелер бойынша мүддесінің (сыйақысының) ставкасы жылдық 10 (он) процентті құрайды. Кәсіпорынға үш айдың ішінде берілмеген несиелер Қорға қайтарылуға жатады.
27 283 900 (жиырма жеті миллион екі жүз сексен үш мың тоғыз жүз) АҚШ долларынаібаламды сома отандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасының шеңберінде жобаларды одан әрі несиелендіру үшін "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын арттыруға пайдаланылсын.
Отандық тауар өндiрушілердi қолдау жөніндегі шараларды iске асыру үшiн бөлiнген 22 716 100 (жиырма екi миллион жетi жүз он алты мың бiр жүз) АҚШ долларына баламалы сомадағы қаражат уәкiлеттi банктер қайтарғаннан кейiн Қордың жарғылық капиталын арттыруға бағытталсын.
ҚР Үкіметінің 25.11.99 ж. № 1789 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Уәкілетті банктер мен Эксимбанк үшін мынадай міндетті талаптар белгіленсін:
уәкілетті банктер үшін негізгі капиталға инвестицияларға арналған несиелер бойынша маржа жылдық 3 (үш) проценттен, Эксимбанк үшін - жылдық 8 (сегіз) проценттен, айналымдық капиталға уәкілетті банктер үшін - жылдық 5 (бес) проценттен, Эксимбанк үшін - жылдық 10 (он) проценттен аспауы тиіс;
уәкілетті банктердің бір жобаны қаржыландыруының ең жоғары көлемі 6 (алты) миллион АҚШ долларына баламды сомадан аспауы тиіс.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |