«Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде
әскери кафедра құру туралы »
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 26 тамыздағы № 802 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жүйесi үшiн Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi студенттерi - Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. 1999 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде оқу орнының шығыстары мен штат санының шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп:
1) әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) әскери кафедраны командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-қосалқы қызметкерлермен жасақтасын;
3) әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлықтың бейiнi мен оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiкпен қамтамасыз етсiн.
4. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде:
7-тармақтың үшiншi азатжолы мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң әскери кафедрасынан басқасы";
17-тармақ мынадай азатжолмен толықтырылсын:
"Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң әскери кафедрасында қызмет өткеретiн офицерлер мен прапорщиктер заттық мүлiкпен, арнайы техникалық керек-жарақпен, тұрғын үймен, санаторийлiк-курорттық емдеумен, сондай-ақ жоғарыда аталған университеттiң есебiнен әскери қызметте тұратын офицерлер мен прапорщиктер және олардың отбасы мүшелерi үшiн қолданылып жүрген нормалар бойынша натуральды үлестiң басқа да түрлерiмен қамтамасыз етiледi";
Көрсетiлген қаулымен бекітілген Запастағы офицерлердiң бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленетiн жоғары оқу орындарының тiзбесiне:
"Университеттер" деген тарау мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi