Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 562
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1642 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қарағанды облысында мемлекеттік меншiктi басқаруды жетiлдiру, қаржы тәртібін нығайту, экономикалық реформаларды жеделдету мен тереңдету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қазандағы № 1260 және "Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" 1996 жылғы 21 қазандағы № 1289 қаулыларына сәйкес және жекешелендiру бағдарламасының орындалуын жеделдету және өтiмсiз мемлекеттік мүлiктi сатуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөніндегі ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 19, 166-құжат) бекітілген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөніндегі Ережеге мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
5-тармақтағы "(аукцион, тендер)" деген сөздерден кейiн "Өтiмсiз жекешелендiру объектiлерiн сату саудаластық кезiнде сатып алушылар ұсынған баға бойынша жүзеге асырылады" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында аталған жекешелендiруге жататын өтiмсiз объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi