Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулыларына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 7 мамырдағы № 804 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысының қосымшасына:
"Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" VII бөлiміндегі, реттiк нөмiрi 111:
"Демпинг және орны Заң жобасы, наурыз Экономминi,
толтырылатын Үкiмет 1997 ж. Кеденком,
тарифтер туралы қаулысы Өнеркәсiпсаудминi,
Әдiлетминi,
Баға және
монополияға қарсы
саясат жөніндегі
мемлекеттік
комитет"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Антидемпинг туралы Заң жобасы, мамыр Экономсаудаминi,
Үкiмет 1997 ж. Мемкеденкомы,
қаулысы Әдiлетминi".
"Субсидиялар және Заң жобасы, шiлде Экономсаудминi,
орны толтырылатын Үкiмет 1997 ж. Мемкеденкомы,
шаралар туралы қаулысы Әдiлетминi"
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған заң жобасы жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған заң жобасы жұмыстарының жоспарына:
реттiк нөмiрi 29 жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 42 а, 52 а жолдармен толықтырылсын:
"42 а Антидепинг Экономсаудаминi, сәуiр мамыр маусым
туралы Мемкеденкомы,
Әдiлетминi
________________
Үкiмет шешiмдерiн
әзiрлеудi
үйлестiру бөлiмi
52 а Субсидиялар Экономсаудаминi, маусым шiлде тамыз
және орны толтырылатын Мемкеденкомы,
шаралар туралы Әдiлетминi
_________________
Үкiмет шешiмдерiн
әзiрлеудi
үйлестiру бөлiмi
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi