Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 ж.
30 желтоқсандағы № 1863 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 12.08.00 ж. № 1253 қаулысымен күшi жойылды (ҚР Үкіметінің 28.08.00 ж. № 1316 қаулысымен күшi тоқтатылды)
Сыртқы сауданы одан әрi ырықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы № 129 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 5, 56-құжат):
аталған қаулының 1-қосымшасында:
"Тауарларды өткізу тәртібі" деген 2-бөлiмнiң 2.1-тармағының жетiншi абзацы алынып тасталсын;
"Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-құжат):
6-тармақ алынып тасталсын;
7 және 8-тармақтардағы "(мемлекеттік кәсiпорындардан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
7, 8, 9, 10-тармақтар тиiсiнше 6, 7, 8, 9-тармақтар болып есептелсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен бiрлесе отырып (келісім бойынша) биржалық тауарларды сатып алу-сату жөніндегі мәмiлелердi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге "Тауарлар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2170 Заң күшi бар Жарлығын орындауы тұрғысынан жүйелi түрде тексеру жүргiзiп отырсын.
3. Осы қаулы 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi