"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi
мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күшi бар Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы № 189-1 Заңы
"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Тiркеушi орган
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі және әдiлет органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындар жүзеге асырады.";
7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Құқықтық кадастрды жүргiзу
1. Құқықтық кадастрды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі және жергiлiктi жерлердегi оның тiркеушi органдары Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзедi.
2. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеудi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде тiркеушi органдар жылжымайтын мүлiк объектiсi орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құқықтық кадастр жүргiзу үшiн қажеттi теңдестiк, техникалық, құндық, құқықтық, сондай-ақ басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырады.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жүйесi құқықтық кадастрда объектiлiк принцип бойынша жүзеге асырылады, жер учаскелерiне телiнедi және жердiң барлық санаттары мен оларды орналасқан басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi үшiн бiрыңғай жүйе болып табылады.
4. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтар, олардың пайда болуы, ауысуы, ауырлануы (шектелуi) және тоқтатылуы туралы барлық жазбалар құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң кадастрлық нөмiрiмен бiр iзге салынады, бұл нөмiрдi заңда белгiленген тәртiппен жер және құқық кадастрларын жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттік органдар бередi.
5. Құқықтық кадастрдың тiркеу парағының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi:
8-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жер-кадастр картасы (схемасы, жоспары);";
2-тармақ алып тасталсын;
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Жер кадастр картасы
1. Жер кадастрын жүргiзушi органдар Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң тiркеушi органның жер-кадастр карталарымен (жер учаскелерiнiң схемаларымен, жоспарларымен) қамтамасыз етедi. Әкiмшiлiк ауданның (қаланың) жер-кадастрлық картасы (схемасы) бiрнеше бөлiк болып жасалуы мүмкiн.
2. Жер-кадастр картасының деректерi тiркеу iсiнде сақталатын жер учаскесiнiң топографиялық жоспарымен толықтырылуы мүмкiн.
10-бап алып тасталсын;
11-33-баптар тиiсiнше 10-32-баптар болып саналсын;
12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Жер учаскелерiн бiрiктiру мен бөлу салдарлары
1. Жер учаскелерiн бiрiктiру мен бөлу жер туралы заңдарды белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Жер учаскелерiн бiрiктiру мен бөлу кезiнде құқықтарды тiркеу осы Жарлықта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Жаңадан құрылған жер учаскелерiне ресiмделген тiркеу парақтары мен тiркеу iстерiнде бұрынғы кадастрлық нөмiрлерi мен жер учаскелерiне олар бiрiктiрiлгенге немесе бөлiнгенге дейiн жүргiзiлген тiркеу iстерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.";
21-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құқықтық кадастрдың мәлiметтерiн Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жалпы жұрт пайдалана алады және олар осы Жарлық пен арнаулы нормативтiк құқықтық актiде белгiленген тәртiппен мүдделi адамдарға берiледi.";
32-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы Жарлықтың 5-бабының ережесi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жанынан белгiленген тәртiппен тiркеушi органдар құрылған кезден бастап күшiне енедi. Тiркеушi органдар құрылғанға дейiн жылжымайтын мүлiктi тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен құрылған басқа да мемлекеттік ұйымдар жүргiзген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi мемлекеттік тiркеудiң заңды күшi болады.".
Қазақстан Республикасының Президентi