Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiнде әскери кафедра
құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997
жылғы 6 қарашадағы № 1500 қаулысы
(2006.24.05. берілген өзгерістерімен )
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жүйелерi үшiн Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетi студенттерiнiң қатарынан запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiнде запастағы офицерлердi даярлау үшiн оқу орнының шығыстары мен штаттық санының шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп:
әскери кафедраның құрылымы мен штаттық санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарларын, бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн.
3. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiнiң ректоры Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп "Әскери кафедралар туралы ережеге" сәйкес оның оқу-материалдық базасын дайындасын.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
әскери кафедраны командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-көмекшi қызметкерлермен жасақтасын;
әскери кафедраны әскери даярлықтың бейiнi мен оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiкпен қамтамасыз етсiн.
5. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi