Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 16 қыркүйектегi № 1340 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысына:
аталған қаулыға қосымшада:
"Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген ҮII тараудағы реттiк нөмiрi 111-жол:
"Мемлекеттік қылмыстық- Заң жобасы, 1997 ж. Iшкiiсминi,
атқару жүйесi туралы Үкiмет қараша Әдiлетминi"
қаулысы
алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспарынан:
реттiк нөмiрi 62а жол алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi