Тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету және ұсынылатын тұрғын
үй-коммуналдық қызметтердiң сапасын арттыру жөніндегі шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1997
жылғы 17 қыркүйек № 1348
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi халыққа ұсынылатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтердiң тиiстi сапасын, тұрғын үй қоры мен коммуналдық мақсаттағы объектiлердiң техникалық жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында:
қыс алдындағы шараларын орындай және бұл жұмыстардың сапасына мiндеттi бақылау жасай отырып тұрғын үй қорының, коммуналдық мақсаттағы объектiлердiң және инженерлiк жүйелердiң техникалық жағдайын жүйелi түрде тексерудi қамтамасыз етсiн;
жеке меншiкке сатып алынбаған аулаiшiлiк инженерлiк желiлерге олардың бөлiну шекараларына сәйкес қызмет көрсету жөнiнде шаралар қабылдасын;
1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн мемлекеттік және жеке (көп пәтерлi тұрғын үйлердiң) тұрғын үй қорының күрделi жөндеуге арналған қаражатқа деген қажетiн айқындасын. Тұрғын үй қорының жарамдылығын негiзгi конструкциялық элементтердiң, инженерлiк желiлердiң, жабдықтардың және құрылымдардың техникалық жағдайына сүйенiп айқындасын;
1998 жылдың iшiнде, қажет болған жағдайда қалаларды жер асты және басқа да сулардың басуынан инженерлiк қорғау, жер асты жұмыстарынан пайда болған зардаптарды жою және басқа да мүмкiн болатын табиғи және техногендi сипаттағы жағдаяттар зардаптарының алдын алу шараларын әзiрлесiн;
тұрғын үйлердi сейсмикалық нығайту, күрделi жөндеу, қайта жаңарту және жетiлдiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған рұқсаттарды ресiмдеудiң оңайлатылған тәртібін белгiлесiн;
1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн аймақтың экологиялық жай-күйiн ескере отырып, су құбыры - канализациялық шаруашылықтар мен коммуналдық жылу энергетикасын дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлесiн және оларды қаржыландырудың көздерiн айқындасын;
қызмет көрсетудiң тиiстi сапасы мен құнын қамтамасыз ететiн атқарушыларды тендерлiк iрiктеу кезiнде, тұрғын үйлер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiне қызмет көрсету жөніндегі шаруашылық жүргiзу субъектiлердiң арасында бәсекелiк орта қалыптастыру үшiн жағдай жасау жөнiнде шаралар қабылдасын;
жергiлiктi жағдайларды ескере отырып, есептеу аспаптарын орнатқанға дейiн халықпен өзара есеп айырысу үшiн, тұрғын үй қорын ұстау және коммуналдық қызметтердi пайдалану жөніндегі шығындарды жалпы алаңның бiр шаршы метрi немесе бiр тұрғын, немесе отбасы есебiне жатқызудың тәртібін айқындасын.
2. Екiншi деңгейдегi банктерге халықтың су мен жылу энергиясының шығындарын есептеу аспаптарын сатып алуы және орнатуы үшiн тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен тұрғын жайлар иелерi кооперативтерiнiң берушiлерiн несиелендiрудi жүзеге асыру ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі қолданылып жүрген нормативтiк-техникалық құжаттамаларға ұсынылатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтердiң сапасын арттыруға бағытталған қажеттi өзгерістер мен толықтырулар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi