Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына
жеңiлдiктер беру кезiнде отын босату нормалары, тұрғын-үй
коммуналдық қызметтерiн және байланыс қызметтерiн тұтыну
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы
19 тамыздағы № 1266
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру кезiнде босату (тұтыну) нормалары мынадай мөлшерде:
тамақ дайындауға, шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарға арнап су жылытуға арналған газ - 1-қосымшаға сәйкес;
жылытуға арналған қатты, сұйық отын және газ - 2-қосымшаға сәйкес;
суық және ыстық су, пайдаланылған суларды ағызу - 3-қосымшаға сәйкес;
орталықтандырылған жылу жүйесiне қосылған тұрғын үйлердi жылытуға арналған жылу ағыны - 4-қосымшаға сәйкес;
электр қуатын - жеңiлдiктердi пайдалануға құқығы бар бiр азаматқа айына 45 квт.сағат, ал электр плиталармен жабдықталған үйлерде тұратындарға - 70 квт. сағат мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Айына 150 минут мөлшерiнде сөйлесудiң уақытын есептеуге ауыстырылған абоненттер бойынша телефонды пайдалану уақытының жеңiлдетiлген нормалары тағайындалсын (қалааралық және халықаралық сөйлесулерден басқа).
3. 5-қосымшаға сәйкес шартты отынды қатты, сұйық отынға және газға аударудың коэффициентi тағайындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі 1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде түрлi үлгiдегi үйлердi және температуралық аймақтарды жылытуға арналған жылу ағындарын (Вт) орташа қажеттiлiктi есептеудiң әдiстемесiн, сондай-ақ жылу ағындарының өлшем бiрлiгiн (Вт) жылу қуатының өлшем бiрлiгiне (Гкал) көшiру әдiстемесiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
5. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі жасаған әдiстеме негiзiнде 1997 жылдың 1 қазанына дейiн жеңiлдiктер беру үшiн жылу қуатын (Гкал-да) тұтыну нормаларын бекiтсiн;
тұрғын үйлердi ұстауға арналған шығындар бойынша жеңiлдiктер немесе ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беру кезiнде ескерiлетiн және тұрғын үй қорының тозу дәрежесiн есептей отырып, бiрақ бәсеке рыногында қалыптасқандағыдан жоғары емес, бекітілген жұмыс түрлерi бойынша тарифтер шегіндегі жұмыстардың тiзбесiн бекiтсiн;
лифтiмен қызмет көрсетулерге және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға ақы төлеу бойынша жеңiлдiктер, қолданылып жүрген тарифтердiң бекітілген тәртiптерiмен берiлсiн.
6. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бұған құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен қатты, сұйық отындар бойынша жеңiлдiктер немесе ақшалай төлемдер түріндегі жеңiлдiктер беру белгiленген босату (тұтыну) нормаларын ескере отырып және тұрғын үй заңдарымен тағайындалған, бiр адамға арналып мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудiң баламдық нормасындағы тұрғын үй нормасы шегiнде, егер қолданылып жүрген заңдарда өзгеше көзделмесе, бiрақ нақтылы орналасқан пайдалы алаңнан артық емес және қызметтердi нақтылы пайдалану шегiнде берiлсiн.
Коммуналдық қызметтердi және байланыс қызметтерiн тұтынуды есептейтiн құралдарды орнатқанға дейiн оларды төлеу бойынша жеңiлдiктер беру қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тарифтер мен мөлшерде, белгiленген тәртiппен жүргiзiлсiн. Егер тарифтердi есептеу кезiнде қабылданған коммуналдық қызметтердi тұтыну нормалары осы қаулымен бекітілгеннен жоғары немесе төмен болса, жеңiлдiктерге құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша өтемақылар немесе шегерiп есептеулер жүргiзiлмейдi.
7.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.01.31. № 161
қаулысымен.
8. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақ ССР-iнде халықты отынмен жабдықтау тәртібі туралы ереженi және Халыққа отын босатудың бiрыңғай нормаларын бекіту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 9 қыркүйектегi № 414 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1987 ж., № 22, 91-құжат);
"Халыққа жеңiлдiктi жағдайда газ жiберу нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы № 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 4, 20-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 19 тамыздағы
№ 1266 қаулысына
1-қосымша
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеңiлдiктерге
құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына
тамақ даярлауға, шаруашылық-тұрмыстық
қажеттерi үшiн су жылытуға арналған
газды босатудың
нормалары
____________________________________________________________________
Табиғи газ | Сұйытылған |
(текше.м.) | газ (кг) |
____________________________________________________|_______________|
Тамақ даярлауға, шаруашылық-тұрмыстық | | |
қажеттер үшiн су жылыту үшiн газды | | |
босатудың айына 1 адамға арналған | | |
жылдық орташа нормалары | | |
______________________________________|_____________|_______________|
газ плиталары мен орталық ыстық | | |
сумен жабдықтау бар болған жағдайда* | 10 | 4,8 |
______________________________________|_____________|_______________|
газ плиталары бар, орталық ыстық | | |
сумен жабдықтау және газбен су | | |
жылыту болмаған жағдайда* | 12,5 | 8,2 |
______________________________________|_____________|_______________|
газ плиталары, газбен су жылыту | | |
бар және орталық ыстық сумен жабдықтау| | |
болмаған жағдайда | 18,5 | 13,7 |
______________________________________|_____________|_______________|
моншада қосымша газбен су жылыту | | |
(жану ошағы) бар болған жағдайда | 8,5 | |
______________________________________|_____________|_______________|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 19 тамыздағы
№ 1266 қаулысына
2-қосымша
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеңiлдiктерге
құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына
1 ш.м. пайдалы алаңды жылытуға жеңiлдiк берiлген
жағдайда қатты, сұйық отынды және газды босату
нормалары
____________________________________________________________________
Облыстардың атаулары | 1 ш.м. арналған шартты |
| отынның килограмы |
___________________________________|________________________________|
Ақмола | 78 |
___________________________________|________________________________|
Ақтөбе | 75 |
___________________________________|________________________________|
Алматы | 60,5 |
___________________________________|________________________________|
Атырау | 67 |
___________________________________|________________________________|
Шығыс Қазақстан | 77,9 |
___________________________________|________________________________|
Жамбыл | 55,3 |
___________________________________|________________________________|
Батыс Қазақстан | 72,8 |
___________________________________|________________________________|
Қарағанды | 75,1 |
___________________________________|________________________________|
Қызылорда | 66,8 |
___________________________________|________________________________|
Қостанай | 78 |
___________________________________|________________________________|
Маңғыстау | 53,7 |
___________________________________|________________________________|
Павлодар | 78 |
___________________________________|________________________________|
Солтүстiк Қазақстан | 78,8 |
___________________________________|________________________________|
Оңтүстiк Қазақстан | 50,8 |
___________________________________|________________________________|
Алматы қаласы | 60,5 |
___________________________________|________________________________|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 19 тамыздағы
№ 1266 қаулысына
3-қосымша
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеңiлдiктерге
құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына
суық және ыстық суларды, пайдаланылған
суларды жiберудi тұтыну
нормалары
I. Суық және ыстық суларды тұтыну нормалары
____________________________________________________________________
N | |Тәулiгiне 1 адамға арналған
р/с| Пәтерлердiң үлгiлерi |пайдалану нормасы, литр
___|_______________________________|________________________________
| | суық су | ыстық су
___|_______________________________|_____________|__________________
1 | 2 | 3 | 4
___|_______________________________|_____________|__________________
1 Пәтер үлгiсіндегі тұрғын үйлер:
- су құбырымен және канализа.
циямен, ваннасыз 95
____________________________________________________________________
- газбен жабдықталған 120
____________________________________________________________________
- су құбырымен, канализа.
циямен және қатты отынмен
жұмыс iстейтiн, жылытқыш
ванналары бар 150
____________________________________________________________________
- су құбырымен, канализа.
циямен және газбен жылыты.
латын ванналары бар 190
____________________________________________________________________
- тез жылытатын газды
жылытқыштармен және көп
нүктелi су таратқыштарымен 210
____________________________________________________________________
- орталықтандырылған ыстық
сумен, қол жуғыштар, ыдыс
жуғыштар және бүрiкпелермен
жабдықталған 110 85
____________________________________________________________________
- бүрiкпелермен жабдықталған,
отыратын ванналармен 140 90
____________________________________________________________________
- бүрiкпелермен жабдықталған,
ұзындығы 1500-ден 1700 мм
дейiнгi ванналармен 145 105
____________________________________________________________________
- орталықтандырылған ыстық
сумен жабдықталған және
тұрмысқа қолайландыруды барынша
қажет ететiн биiктiгi 12 қабаттан
жоғары 170 115
____________________________________________________________________
2. су тарату колонкаларынан
құрылыс салу аудандары
үйлерiнiң суды пайдалануы 50
____________________________________________________________________
II. Пайдаланылған суларды жiберу нормалары
Пайдаланылған суларды жiберу нормалары тәулiгiне 1 адамға арналған суық және ыстық суларды пайдалану нормаларының жиынтығымен, су құбырларымен жабдықталған үйлер бойынша айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 19 тамыздағы
№ 1266 қаулысына
4-қосымша
Жалпы алаңы qo Вт 1ш.м. үшiн тұрғын үй
ғимараттарын жылытуға арналған жылу ағынын
пайдалану нормалары
____________________________________________________________________
Тұрғын үй |Ғимараттар.|to С жылытуды жоспарлауға арналған сыртқы
құрылыс. |дың сипат. |ауаның есептi температурасы
тарының |тамасы |____________________________________________
қабаттылығы| | -5 | -10| -15| -20| -25| -30| -35| -40| -45
___________|___________|____|____|____|____|____|____|____|____|____
| |
| | 1985 жылға дейiн салынған құрылыстар үшiн
| |
1-2 |Энергияны | 148 154 160 205 213 230 234 237 242
3-4 |үнемдеу | 95 102 109 117 126 134 144 150 160
5 және |жөніндегі | 65 70 77 79 86 88 98 102 109
одан |шараларды |
жоғары |есепке |
|алмағанда |
| |
1-2 |Энергияны | 147 153 160 194 201 218 222 225 230
3-4 |үнемдеу | 90 97 103 111 119 128 137 140 152
5 және |жөніндегі |
одан |шараларды | 65 69 73 75 82 88 92 96 103
жоғары |есептегенде|
| | 1985 жылдан кейiн салынған құрылыстар үшiн
| |
1-2 |Жаңа | 145 152 159 166 173 177 180 187 194
3-4 |үлгiдегi | 74 80 86 91 97 101 103 109 116
5 және |жобалар |
одан |бойынша | 65 67 70 73 81 87 87 95 100
жоғары | |
___________|___________|____________________________________________
____________________________________________________________________
Тұрғын үй |Ғимараттар.|to С жылытуды жоспарлауға арналған сыртқы
құрылыс. |дың сипат. |ауаның есептi температурасы
тарының |тамасы |____________________________________________
қабаттылығы| | -50 | -55
___________|___________|____________________________________________
| |
| | 1985 жылға дейiн салынған құрылыстар үшiн
| |
1-2 |Энергияны | 255 271
3-4 |үнемдеу | 169 179
5 және |жөніндегі | 115 122
одан |шараларды |
жоғары |есепке |
|алмағанда |
| |
1-2 |Энергияны | 242 257
3-4 |үнемдеу | 160 171
5 және |жөніндегі |
одан |шараларды | 109 116
жоғары |есептегенде|
| | 1985 жылдан кейiн салынған құрылыстар үшiн
| |
1-2 |Жаңа | 200 208
3-4 |үлгiдегi | 123 130
5 және |жобалар |
одан |бойынша | 102 108
жоғары | |
___________|___________|____________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 19 тамыздағы
№ 1266 қаулысына
5-қосымша
Қатты отынды табиғи отынға қайта есептегендегi
коэффициенттер
1. Табиғи газдың - 1.17
2. Пеш отынының - 1.57
3. Мазуттың - 1.37
4. Көмiр - көмiр кен орындары бойынша
(бассейндер бойынша)
____________________________________________________________________
N |Таңбасы, |Көмiр кен орнының |Шартты отынды қайта
р/с|технологиялық|немесе бассейнiнiң |есептеу коэффициентi
|тобы |атауы |
___|_____________|________________________|_________________________
1 КР Қарағанды 0,61
2 КОКОМ Қарағанды 0,86
3 КСШ Қарағанды 0,64
4 ДР Шұбаркөл 0,73
5 КСНР Екiбастұз 0,59
6 БЗ Майкөбең 0,54
7 КР Қушоқы 0,61
8 КР Борлы 0,51
9 Б2 Мамыт 0,5
10 ДР Қаражыра 0,6
11 Б3 Ойқарағай 0,51
12 Б3 Алакөл 0,5
13 Б2 Приозерное 0,45
14 Б3 Кендiрлi 0,58
15 Д Таскөмiрсай 0,59