5. Конкурстық комиссия жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi айқындауда мына өлшемдердi ескередi:
1) конкурстық өтiнiмнiң бағасы;
2) тауарлармен байланысты, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындар, тауар беру, жұмысты аяқтау немесе қызмет көрсету мерзiмдерi, тауарлардың қызметтiк сипаттамалары, тауарға, жұмысқа және қызмет көрсетуге төлем жасау жағдайлары мен кепiлдiк жағдайлары, соның iшiнде сапа сертификаттарының болуы;
3) Осы Заңның 25-1 бабына сәйкес отандық ықтимал өнiм берушiлердi қолдау.
4) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздiгiне келтiрiлуi мүмкiн ықпал.
5-1.Консультациялық қызмет көрсетуге тарту мемлекеттік сатып алу мәнi болған жағдайда:
1) консультациялық қызметтердiң сапалық сипаттамалары;
2) ықтимал өнiм берушiнiң осындай қызметтер рыногындағы жұмыс тәжiрибесi;
3) ықтимал өнiм берушiнiң және қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердiң біліктілік деректерi, беделi, сенiмдiлiгi, кәсiптiк және басқару құзыры таңдау өлшемдерi болып табылады.
6. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзiмде конкурстың қорытындыларын шығарады.
7. Конкурстың қорытындылары осы Заңның 19-бабына сәйкес хаттама түрiнде ресiмделедi, оған конкурстық комиссия және конкурс жеңiмпазы қол қояды. Бұл хаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылуға тиiстi мерзiм де көрсетiледi.
8. Егер конкурстық құжаттамада өзгеше көзделмесе, конкурстық өтiнiмдердi қарауға, бағалау мен салғастыруға қатысты ақпарат конкурстық өтiнiмдердi қарауға, бағалау мен салғастыруға ресми қатыспайтын ықтимал өнiм берушiлерге немесе кез келген басқа тұлғаға берiлмейдi.
ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1998.12.09 № 306 Заңымен.
17-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
1. Тапсырысшы конкурс жеңiмпазы болып танылған ықтимал өнiм берушiге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жiбередi.
2. Егер конкурс жеңімпазы деп танылған ықтимал өнiм берушi осы Заңның 16-бабының 7-тармағына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тапсырысшы ұсынысы тапсырысшы үшiн конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес жеңiмпаздың ұсынысынан кейiнгi ең қолайлы конкурсқа басқа қатысушымен шарт жасасуға құқылы.
3. Тараптар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзi конкурстық жеңiмпазы болып айқындалған жағдайда қандай да болсын өзгерістер енгiзуге құқығы жоқ.
4. Тапсырысшы өнiм берушiден мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудi талап етуге құқылы. Өнiм берушi мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда ғана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгiзедi. Қамтамасыз етудiң көлемi мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 5%-нен аспауға тиiс.
ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1998.12.09 № 306 Заңымен.
18-бап. Мемлекеттік сатып алуды қаржыландыру
Мемлекеттік сатып алуды қаржыландыруды тапсырысшы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, тиiстi қаржы жылына арналған қаражатын нысаналы пайдалану жөніндегі қаржы жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09
№ 306 Заңымен.
19-бап. Конкурс қорытындылары туралы хаттама
1. Мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары туралы хаттама ресiмдеуге мiндеттi, онда мынадай ақпарат болуға тиiс:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң қысқаша сипаттамасы;
2) конкурстық өтiнiмдер ұсынған ықтимал өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi, сондай-ақ конкурс жеңiмпазының атауы, орналасқан жерi және оның жеңiмпаз деп танылған шарттары;
3) конкурстық өтiнiмдер ұсынған ықтимал өнiм берушiлердiң біліктілік деректерi туралы ақпарат немесе мұндай деректердiң болмауы туралы ақпарат;
4) әрбiр конкурстық өтiнiмнiң бағасы және басқа негiзгi жағдайларының қысқаша мазмұны;
5) конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салғастыру өлшемдерiнiң қысқаша мазмұны;
6) барлық конкурстық өтiнiмдер қайтарылған жағдайда тиiстi себептердi көрсету;
7) егер конкурс нәтижесiнде жеңiмпаз анықталмаса, тиiстi себептердi көрсету;
8) конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сұрау салулардың, оларға берiлген жауаптардың қорытылған мазмұны, сондай-ақ конкурстық құжаттамадағы өзгерістер мен толықтырулардың қорытылған мазмұны.
2. Осы баптың 1-тармағының 1-4) және 6-8) тармақшаларында көзделген ақпарат нәтижесiнде конкурс жеңiмпазы анықталмаған конкурсқа қатысқан кез келген ықтимал өнiм берушiнiң талап етуi бойынша табыс етiледi. Бұл ақпарат, егер оның ашылуы Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетi, құқықтық тәртібі мен ұлттық қауiпсiздiгi мүдделерiне, сондай-ақ тараптардың заңды коммерциялық мүдделерiне зиян келтiруi мүмкiн болса немесе адал бәсекелестiкке кедергi келтiретiн болса, берiлмейдi.
3.
ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09
№ 306 Заңымен.
20-бап. Ашық конкурс
1. Осы Заңда сатып алудың өзге әдiсi көзделгеннен басқа жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi әдiсi ашық конкурс болып табылады.
2. Ашық конкурстың өткiзiлетiнi туралы хабарландырулар және ашық конкурс өткізудiң қорытындылары туралы хабар ресми баспасөзде жарияланады.
3. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн бiр айдан кешiктiрiлмей жариялануға тиiс.
21-бап. Жабық конкурс
1. Жабық конкурс:
1) тауар, жұмыс және қызмет көрсету олардың аса күрделiгiне немесе арнаулы сипатына байланысты тек саны шектеулi ықтимал өнiм берушiлердiң қолында болғанда және мұндай ықтимал өнiм берушiлер алдын ала белгiлi болғанда;
2) конкурстық өтiнiмдердiң көп санын қарау мен бағалау үшiн қажет болатын уақыт пен шығындар сатып алынатын тауардың, жұмыстың және қызмет көрсетудiң құнымен сыйыспайтын болғанда өткiзiледi.
2. Ықтимал өнiм берушiлердi жабық конкурсқа қатысуға шақыру туралы хабар оларға осы конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдау аяқталатын күнге дейiн бiр айдан кешiктiрiлмей жiберiлуге тиiс.
22-бап. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс
1. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс мынадай кезеңдердiң жиынтығынан тұрады:
ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық өтiнiмнiң бағасын көрсетпей, тауардың, жұмыстың, қызмет көрсетудiң техникалық, сапалық немесе өзге сипаттамаларына қатысты ұсыныстарды сұрату, берiлген ұсыныстарға талдау жасау және қажет болған жағдайда ықтимал өнiм берушiмен келiссөздер жүргiзу;
ұсыныстары тауардың, жұмыстың, қызмет көрсетудiң белгiленген техникалық, сапалық немесе өзге сипаттарына сай келедi деп танылған ықтимал өнiм берушiлердiң бағасын көрсете отырып конкурстық өтiнiм беруi.
2. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс мынадай:
1) тауардың, жұмыстың және қызмет көрсетудiң егжей-тегжейлi ерекшелiгiн тұжырымдап беру, олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын анықтау қиын болған жағдайда тапсырысшының ықтимал өнiм берушiден конкурстық ұсыныстар сұратуы немесе олармен келiссөздер жүргiзуi қажет болғанда;
2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, iзденiстер немесе талдамалар жүргiзу қажет болғанда;
3) бiр кезеңдi ашық конкурс немесе жабық конкурс конкурс жеңiмпазын анықтауға жеткiзбеген жағдайларда өткiзiледi.
23-бап. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнiм
берушiнi таңдау
1. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнiм берушiнi таңдау егжей-тегжейлi ерекшелiктерiнiң тапсырысшы үшiн елеулi маңызы жоқ, елеулi шарты оның бағасы болатын нақты тауар, жұмыс және қызмет көрсетуге жүргiзiледi.
2. Баға ұсыныстарын сұрауды пайдалана отырып, өнiм берушiнi
таңдау егер тауардың, жұмыстың және қызмет көрсетудiң қандай болса
да бiртектес түрiн сатып алу көлемi құны жағынан Қазақстан
Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына
белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен аспаған
жағдайда ғана қолданылады.
3. Қаржы жылы iшiнде тауар, жұмыс және қызмет көрсетудiң бiртектес түрлерiн сатып алу көлемiн ең болмағанда бiреуiнiң мөлшерi осы баптың 2-тармағында белгiленгеннен кем болатын бөлiктерге ұсақтауға жол берiлмейдi.
ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306
Заңымен.
24-бап. Бiр көзден мемлекеттік сатып алу
1. Бiр көзден мемлекеттік сатып алу конкурс өткiзбей сатып алу деген сөз және мынадай жағдайларда:
1) белгiлi бiр тауар, жұмыс және қызмет көрсету қандай болса да бiр нақты ықтимал өнiм берушiнiң қолында болғанда немесе қандай болса да бiр нақты ықтимал өнiм берушiнiң осы тауарға, жұмысқа және қызмет көрсетуге қатысты ерекше құқығы болғанда;
2) төтенше оқиғаның салдарынан осы тауарға, жұмысқа және қызмет көрсетуге деген қажеттер пайда болғанда, бұл конкурстар өткізудi жөн болмағанда;
3) тапсырысшы қандай бiр өнiм берушiден тауар, жабдық, технология немесе қызмет көрсетудi сатып алып, сол өнiм берушiден нақты тауарды, жабдықты, технологияны немесе қызметтi бiр iзге түсiру, стандарттау пiкiрiмен немесе сыйымдылығын қамтамасыз ету қажет болуына байланысты басқаларын да сатып алу керек деп белгiлегенде жүргiзiледi.
4) мемлекеттік өндiрiстiк кәсiпорындар мен мекемелер өндiретiн тауарлар, атқарылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн жағдайлар мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiнiң, құқық тәртібі мен қорғаныс қабiлетiнiң кепiлдiгiн қамтамасыз етедi.
2. Осы баптың 1-тармағын қолданған кезде сол ықтимал өнiм берушiден тапсырысшы сол ықтимал өнiм берушi ұсынған тауар, жұмыс және қызмет көрсету бағасының барлық қажеттi негiздемелерiн сұрап алуға құқылы.
3. Бiр көзден мемлекеттік сатып алу кезiнде тапсырысшы сатып алу туралы хаттама жүргiзуге тиiс, ол мынадай ақпарат:
1) бiр көзден мемлекеттік сатып алу әдiсiн қолданудың негiздемесi;
2) бiр көзден сатып алынған тауар, жұмыс және қызмет көрсетудiң қысқаша сипаттамасы;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және мұндай шарттың бағасы болуға тиiс.
ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1998.12.09 № 306 Заңымен.
25-бап. Қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк
қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік
сатып алудың ерекше шарттары
Қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк қажеттерiн қамтамасыз етуге арнап мемлекеттік сатып алу осы Заңға сәйкес жүргiзiледi, бұған мемлекеттік сатып алу процесi үшiн құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiнiң кепiлдiгiн қамтамасыз етудiң айрықша тәртібін белгiлеу талап етiлетiн жағдайлар қосылмайды. Мұндай сатып алудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
25-1-бап. Отандық ықтимал өнiм берушiлердi қолдау
1. Отандық ықтимал өнiм берушiлер, соның iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтаған жағдайда тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн басымдыққа мына шарттар сақталған кезде ие болады.
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарлар бойынша жергiлiктi еңбек, шикiзат және өндiрiс ресурстарын пайдаланудың құндық көрiнiсi тауарлар құнының 50%-нен кем, ал мердiгерлiк жұмыстар атқарылған кезде - 80%-нен кем болмауға тиiс.
2. Отандық ықтимал өнiм берушiлерге басымдық беру шарты конкурстық құжаттамада айтылуға тиiс.
3. Егер бәсекелес орта болған жағдайда мердiгерлiк жұмыстар жөніндегі конкурсқа шетелдiк ықтимал өнiм берушi тiкелей қатысса, оған осы баптың 1-тармағында аталған жергiлiктi еңбек, шикiзат және өндiрiс ресурстарын пайдалану шарты қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 25-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1998.12.09 № 306 Заңымен.
25-2-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін
қолдау
1. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру кезінде конкурсты ұйымдастырушы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алуды ұйымдастыру үшін мұндай сатып алудың жалпы көлемінің 10 процентіне дейін резерв жасауды көздеуге міндетті.
2. Шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу жүзеге асырылуға тиіс тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерінің номенклатурасы мен көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын ұсыныстар енгізіп отырады.
3. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алу бойынша ашық (жабық) конкурс ұйымдастыру кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен конкурстық өтінімдер түспеген жағдайда ұйымдастырушы сатып алуды заңдарда көзделген тәртіппен жалпы негізде жүзеге асыруға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 25-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1999.11.29 № 489 Заңымен.
26-бап. Конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырысшының
iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым жасау
1. Мемлекеттік сатып алу туралы заңдар бұзылған жағдайда кез келген ықтимал өнiм берушiнiң мемлекеттік сатып алу процесiнiң өткiзiлу барысында конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырысшының iс-әрекетi мен шешiмдерiне шағым беруге құқығы бар.
2. Мыналар:
1) мемлекеттік сатып алу әдiсiн және конкурс түрiн таңдап алу;
2) конкурсты ұйымдастырушының конкурс жеңiмпазын анықтау жөніндегі өлшемдердi таңдап алуы;
3) осы Заңның 10-бабы 4-тармағының негiзiнде ықтимал өнiм берушiлердiң санын шектеу;
4) конкурсты ұйымдастырушының осы Заңға сәйкес барлық конкурстық өтiнiмдерден бас тартуға шешiм қабылдауы шағым беру объектiсi бола алмайды.
3. Конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырушының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306
Заңымен.
3-тарау. Қорытынды ережелер
27-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың
орындалуын бақылау
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылауды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тапсырысшы жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306
Заңымен.
28-бап. Дауларды шешу
Сатып алу туралы шартты жасасу немесе орындау процесiнде тапсырысшы мен өнiм берушi арасындағы пайда болатын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
29-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы заңдарды
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Мемлекеттік сатып алу процесiне қатысушылар мемлекеттік сатып алу туралы заңдарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
30-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртібі
Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi