76-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорын тарату зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.».
17. Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» 1995 жылғы 15 маусымдағы № 2329 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 60-құжат):
18-баптың төртiншi бөлiгi «Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын.
18. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат):
8-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру»;
бiрiншi бөлiк «әлеуметтiк» деген сөзден кейiн «және зейнетақымен» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi «зейнетақы» деген сөз «зейнетақы төлемдерi» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы күзет қызметi туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы № 2483 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; 1995 ж., № 23, 142-құжат; 1997 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
19-бапта:
жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады»;
сегiзiншi бөлiк алып тасталсын.
20. Қазақстан Республикасы Президентінің «Республикалық ұлан туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат):
18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады»;
21. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
35-бап алып тасталсын.
22. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi және оның органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2706 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 153-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
23-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;»
24-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік тергеу комитетiнiң қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру және мүгедектiгi бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ 6-тармақ болып есептелсiн.
25-баптың 7-тармағындағы «асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы» деген сөздер «асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; 1997 жылғы 3 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
17-баптың 1-тармағындағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары /қызмет мерзiмi/ және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша»;
26-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік тергеу комитеттi қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
7-тармақ алып тасталсын;
28-баптың 7-тармағындағы «асыраушысынан айрылуына байланысты бiр айлық ақшалай табысы мөлшерiнде зейнетақы» деген сөздер «асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат):
53-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Прокуратура органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.».
25. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат):
19-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
4-тармақ алып тасталсын.
26. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2730 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 169-құжат):
26-баптың 7-тармағындағы «жұмыс iстеп жүрген... немесе осы Жарлықтың 27-бабына сәйкес зейнет демалысына шыққан» деген сөздер алып тасталсын.
27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. «Мемлекеттік қызметшiлердi зейнетақымен және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру
Мемлекеттік қызметшiлердi зейнетақымен қамсыздандыру және мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
28-баптың 1-тармағында:
3) тармақша алып тасталсын;
4) - 7) тармақшалар тиiсiнше 3) - 6) тармақшалар болып есептелсiн;
29-бапта:
6-тармақтағы «зейнеткерлiк жасына» деген сөздер «зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа» деген сөздермен, «жетпiс» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын.
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ 7-тармақ болып есептелсiн;
7-тармақтағы «зейнеткерлiк жасына» деген сөздер «зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтiк мемлекеттік кепiлдiктердi реттеу жөніндегі шаралар туралы» 1996 жылғы 23 қаңтардағы № 2788 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 176-құжат; № 20-21, 401-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
II бөлiмде:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«II. Қазақстан Республикасы алдында айрықша еңбегi сiңiргенi үшiн бұрын зейнетақы алып келген адамдарға мынадай жеңiлдiктер сақталсын:»;
екiншi бөлiк алып тасталсын.
28. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» 1996 жылғы 18 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 15, 278-құжат):
1-бапта:
«зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде» және «асыраушысынан айрылған» деген сөздер алып тасталсын, «төлемдер» деген сөз «жарналар» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Сақтандырылмаған азаматтарға әлеуметтiк кепiлдiктердiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi»;
3-баптың төртiншi және алтыншы абзацтарындағы «зейнетақылардың» деген сөз алып тасталсын;
4-баптың 1-тармағында «сондай-ақ жұмысы еңбек стажына есептелетiн еңбек қызметiнiң басқа түрлерiне қатысушылар» деген сөздер алып тасталсын;
7-баптың екiншi абзацы алып тасталсын;
8-бап алып тасталсын;
14-баптың екiншi бөлiгi «өлген адамның отбасына» деген сөздерден кейiн»(өлген зейнетақы төлемдерiн) алушыны қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
19-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы алып тасталсын;
20-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға уақтылы төленбеген жарналар әрбiр өткен күн үшiн (ақы төлеу күнiн қоса алғанда) осы жарналар төленетiн күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,2 есе мөлшерiнде өсiм есептеле отырып мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы қорлары кiрiсiне өндiрiп алынады.»;
21-баптың екiншi бөлiгi «Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
22-баптың бiрiншi бөлiгi «және салық қызметi органдары» деген сөздермен толықтырылсын.
29. 1997 жылғы 11 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында:
28-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару;».
2-бап. Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1-баптың 1-3, 5-11 тармақтары, 14-тармағының екiншiден отыз төртiншiсiне дейiнгi абзацтары, 15, 17-28-тармақтары қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының