Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі
департаментi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 18 маусымдағы № 984 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментi туралы ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментiн және оның аумақтық органдарын статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз етiлетiн мемлекеттік органдар тiзбесiне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 маусымдағы
№ 984 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Жекешелендiру жөніндегі департаментi
(Қаржыминiнiң Жекешелендiру жөніндегі
департаментi) туралы
ЕРЕЖЕ
I Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментi (Бұдан әрi - Департамент) мемлекеттік меншiктi бiрден-бiр сатушы ретiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруге және мемлекеттік мүлiкке билiк етуге өкiлеттi мемлекеттік органдардың және барлық деңгейдегi әкiмдердiң оған сату үшiн берген республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк ету жөніндегі құқықты жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады.
2. Департамент өзiне берiлген өкiлеттiк шеңберiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне Премьер-Министрдiң өкiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Департаменттiң өз құзыретiне жататын мәселелер жөніндегі шешiмдерiн барлық органдар, ұйымдар лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы мiндеттi.
3. Департамент заңды тұлға болып табылады, белгiленген тәртiпте валюталық және ағымдағы шоты, мөрi және бланкiлерi болады.
4. Департаменттiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
5. Департаменттiң облыстарда, Алматы және Байқоңыр қалаларында өзiнiң аумақтық органдары болады.
Жекешелендiру жөніндегі аумақтық органдары Департаментпен бiртұтас құрылымға жатады, өздерiнiң қызметiн Департамент оларға жүктеген өкiлеттiктер шегiнде және барлық деңгейдегi әкiмдермен өзара iс-қимылда ұйымдастырады.
6. Департамент аппаратын және оның аумақтық органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
II. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары
мен құқықтары
7. Мыналар департаменттiң негiзгi мiндеттерi болып табылады:
мемлекеттік меншiктi жекешелендiру мәселелерi жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысады;
өзiне өкiлеттi органдардың сатуға берген акционерлік қоғамдардың мемлекеттік үлесiн, акциялар пакеттерiн аталған пакеттер сатылған сәтке дейiн басқаруды қамтамасыз етедi, олардың басқару органдарында мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi;
сатып алу-сату шарттарының сақталуына бақылау жасайды, жекешелендiру туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз етедi;
өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүлiктiк құқығы мен мүддесiн қорғайды.
8. Негiзгi мiндеттерге сүйене отырып Департамент:
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп белгiленген тәртiппен мемлекеттік меншiктi жекешелендiру бағдарламасын әзiрлейдi және жүзеге асырады;
өзiнiң құзыретiне қатысты мәселелердi реттейтiн заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлеуге қатысады;
өз құзыретi шегiнде заңды және жеке тұлғалардың атқаруы мiндеттi болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
өзiне берiлген мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiне, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық серiктестiктердiң мүлкіндегі мемлекеттiң үлесiне меншiктiк құқылылығын осы мүлiктi сатуға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiрудiң нақты түрлерi мен әдiстерiн айқындайды;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншiк объектiлерiн сатуды және соған байланысты барлық шараларды ұйымдастырады;
жекешелендiрiлетiн кәсiпорындарды сатар алдында дайындық жұмысын жүргiзедi, бұл мақсат үшiн тәуелсiз сарапшылар мен консультанттарды тартады, осы шаралар жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына қатысады;
құнды қағаздар рыногының қатысушылары инвестицияларының инвестициялық-жекешелендiру қорларын трансформациялауға қатысады;
жекешелендiруге жататын мемлекеттік кәсiпорындардың мүлкiне сараптама жасау мен оның құнын бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
қажет болған жағдайда жекешелендiруге байланысты жұмыстарды жүргiзуге қатысуы үшiн тәуелсiз сарапшыларды, аудиторлар мен консультанттарды тартады;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша мемлекеттік меншiктi сатудан түсетiн қаражаттың бiр бөлiгiн жекешелендiрiлетiн объектiлердi сату алдындағы дайындыққа, аукциондар, тендерлер, конкурстар ұйымдастыруға және өткiзуге, заңды және жеке тұлғаларды шарттық негiзде сарапшылар, консультанттар ретiнде тартуға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру үшiн пайдаланады.
өзiнiң қызмет аясына қатысты мәселелер бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.
9. Департамент:
қолданылып жүрген заңдарға және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес акциялардың (мүлiк үлесiнiң) мемлекеттік акциялар пакетiн (мүлiктiк үлестi) ұстаушының акционерлердiң жалпы жиналыстарында құқылығын жүзеге асыруға;
алдына қойған мiндеттердi орындау үшiн өз қызметiне мүдделi мемлекеттік басқару органдарының және өзге де мемлекеттік мекемелердiң келісімi бойынша сол ведомстволардың мамандарын тартуға;
өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заң бойынша тиiстi қызметпен шұғылдануға құқылы өкiлдер мен делдалдарды олармен жасалатын шарттар негiзiнде тартуға;
қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес мемлекеттік мүлiктi, соның iшiнде жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар акцияларының (үлестерi) пакеттерiн сату жөніндегі саудаластықтар өткiзуге;
мемлекеттік меншiк объектiлерiн сату кезiнде заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға;
мемлекеттік кәсiпорындарды жекешелендiру кезiнде өзара мiндеттемелердiң шарттары мен сипатын белгiлеуге және олардың орындалуын бақылауға;
өз қызметiн жоспарлауға, құрылымы мен штат саны жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқылы.
III. Департаменттiк қызметiн ұйымдастыру
10. Департаментке Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басшылық жасайды. Директордың орынбасары болады, оны Департамент директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
11. Департамент директоры Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады. Департаментке жүктелген мiндеттердi орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап бередi.
12. Осы мақсаттарға департамент директоры:
өзiнiң орынбасарының және Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi жауапкершiлiк деңгейiн айқындайды;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен қызмет номенклатурасына сәйкес қызметкерлердi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
тәртiптiк шара қолданады;
өз құзыретi шегiнде құқықтық нормативтiк актiлер шығарады;
Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi және оның аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Департаменттi бiлдiредi;
өз құзыретiне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
13. Департаменттi тарату және қайта ұйымдастыру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.