Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы
№ 1171 қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы 8 мамыр № 811
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Республикада көмiрдiң бәсекелес рыногының пайда болуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополистердiң өнiмiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы № 1171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 44, 474-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
бiрiншi тармақтың үшiншi абзацындағы "көмiр өнеркәсiбi" деген сөз алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi