Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы
№ 1171 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы 13 мамыр № 828
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы № 1171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 44, 474-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақтың үшiншi абзацындағы "әуе қозғалысын басқару" деген сөзден кейiн "әуежаймен (қызмет көрсету)" деген сөзбен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi