Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1533 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 наурыздағы N
227 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегі № 605 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысының қосымшасына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
"1.2. Салық салу және бюджет саясаты" бөлiмшесiнiң реттiк нөмiрi 7-жолдар алынып тасталсын.
2. "Республиканың жергiлiктi бюджеттерiн түзу мен атқару жөніндегі жұмыстың жай-күйiне кешендi тексерiстер жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 наурыздағы № 227 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 8, 89-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi