2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
47-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң жоғары органы
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң жоғары органы кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Кооператив мүшелерi жиналысқа сенім бiлдiрiлген адамдар арқылы қатысуға немесе жазбаша сауалнамаға атсалысуға құқылы.
Кооператив мүшелерi жалпы жиналысының ерекше құзыретiне:
1) Жарғыға өзгерістер енгізу қажеттiгiн белгiлеу, басқа ережелер мен қағидаларды өзгерту және қабылдау;
2) кооператив басқармасының төрағасын, басқарма мен тексеру комиссиясының мүшелерiн сайлау, және босату оларға сыйақылар төлеудi шешу;
3) кооперативтiң жыл сайынғы есебiн бекіту;
4) кiрiстер мен шығыстардың жылдық бюджетi мен жылдық сметасын бекіту, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
5) кооперативтiң резерв және басқа да арнаулы қорларын құру;
6) тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орнымен кооперативтiң шарт жасасуы туралы мәселенi шешу;
7) заңды тұлғаны қоса алғанда, тұрғын үй басқарушысын шарт бойынша сырттан шақыру;
8) осы жылға арналған сметаның шығыс бөлiгiнiң жиырма бес процентiнен асатын сомаға несие алуға келісім беру;
9) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативін тарату немесе қайта ұйымдастыру жатады.
Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативi қызметiнiң кез-келген басқа да мәселелерiн өзiнiң қарауына қабылдай алады.
2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кезектен тыс жиналыс басқарманың шешiмi бойынша не тексеру комиссиясының талап етуi бойынша не кооператив мүшелерiнiң кемiнде жиырма процентiнiң талап етуi бойынша шақырылады.
3. Алдағы жалпы жиналыс туралы кооператив мүшелерi кемiнде он күн бұрын құлақтандырылуға тиiс.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Кооператив мүшелерінің не олардың сенім білдірілген адамдарының кемінде елу пайызы қатысқан кезде кооператив мүшелері жалпы жиналысының құқықтық күші болады.
5. Жалпы жиналысқа қатысушы кооператив мүшелерiнiң (олардың сенім бiлдiрген адамдарының) кемiнде жиырма процентiнiң талап етуi бойынша шешiм қабылдау жасырын дауыс беру арқылы жүргiзiледi.
6. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысын кооператив басқармасының төрағасы, ал ол жоқта басқарма мүшелерiнiң бiрi жүргiзедi.
7. Егер осы Заңмен немесе кооператив Жарғысымен өзгеше көзделмесе, жиналыс шешiмi жиналысқа қатысушы кооператив мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Кооперативтiң әрбiр мүшесiнiң бiр даусы болады.
Егер кооперативтiң бiр мүшесiнiң бiрнеше үй-жайы болса, оның тиiсiнше дауыс саны болады. Дауыстар тең бөлiнген жағдайда жиналыс төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың 1-тармағының 1),6),7),8),9) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша, сондай-ақ ортақ мүлiктi жақсарту немесе толықтыру мәселесi бойынша шешiм қабылдау үшiн жиналысқа қатысқан немесе жазбаша сауалнамаға атсалысқан кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенім бiлдiрген өкiлдерi даусының үштен екiсi талап етiледi.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Әрбiр қаржы жылы үшiн кооператив басқармасы кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына қаржылық есептердi, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын күтiлiп отырған шығыстарды жабуға жеткiлiктi жылдық сметалардың жобаларын ұсынады. Смета кооперативтiң резервтік қорын құруды және толықтыруды көздеуге тиiс.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
48-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң басқармасы және басқармасының төрағасы
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативi басқармасының сан құрамы мен өкiлеттiк мерзiмi Жарғымен белгiленедi.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативi мүшелерi жалпы жиналысының құзыретiне ғана жататындарды қоспағанда, басқарма кооперативтiң бүкiл өкiлеттiгiн жүзеге асырады. Басқарманың құзыретiне, атап айтқанда:
1) кооператив мүшелерiнiң белгiленген мiндеттi төлемдер мен жарналарды уақытында төлеп отыруына бақылау жасау;
2) кооперативтiң бюджетiн, сметалары мен есептерiн жасау, оларды кооперативтiң жалпы жиналысының бекітуiне ұсыну;
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есепті тоқсанына бір рет кезеңділікпен ұсыну;
3) кооператив атынан шарттар жасасу;
4) кондоминиум объектiсiн басқару немесе кондоминиум объектiсiн, басқаруға шарттар жасасу;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) кондоминиум объектісінің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы жиналысында бекітілген штаттық кестеге сәйкес осы кондоминиум объектiсiн басқару үшiн қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және оларды жұмыстан шығару;
6) кооператив мүшелерiнiң тiзiмiн, iс қағаздарын, бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi жүргiзу;
7) жалпы жиналысты шақыру және оны немесе жазбаша сауалнаманы өткізудi ұйымдастыру;
8) кооператив Жарғысынан туындайтын өзге де мiндеттердi орындау жатады.
3. Басқарма отырысын кооператив Жарғысында белгiленген мерзiмде төраға шақырады.
4. Басқарма отырысы оған басқарма мүшелерiнiң көпшiлiгi қатысқан жағдайда заңды болып танылады.
5. Кооператив басқармасының төрағасы азаматтық айналымда, мемлекеттік және сот органдарында кооперативтiң сенімхатсыз өкiлi болуға құқылы.
6. Егер үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн онға жетпейтiн мүше бiрiктiрсе, басқарма мiндеттерi кооператив төрағасына жүктелуi мүмкiн.
7. Кооператив төрағасының құқықтары мен мiндеттерi Жарғымен белгiленедi.
8. Кооператив басқармасының немесе оның төрағасының iс-әрекеттерiне кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында шағым жасалуы мүмкiн.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания
1. Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасымен немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамымен жасалатын шарт негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсетеді.
Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания өз құрамында оқудан өткен және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру біліктілігін растайтын құжаты бар мамандар болған кезде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсетеді.
2. Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мынадай функцияларды:
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің тізімін қалыптастыруды;
2) жиналыс өткізуді ұйымдастыру үшін материалдар дайындауды;
3) жиналыс пен үй кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды;
4) сервистік қызмет субъектілерімен қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуды және оларды орындауды;
5) коммуналдық қызметтерді ұсынатын ұйымдармен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету, олардың ақысын төлеу жөнінде шарттар жасасуды, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету туралы шарттардың орындалуын мониторингтеуді;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың жылдық сметасының жобаларын және кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді жасауды, оларды үй кеңесінің қарауына ұсынуды;
7) үй кеңесіне кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы есепті ұсынуды;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің негізгі қызмет көрсеткіштері туралы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтерді көрсетуге және жұмыстарды орындауға жасалған шарттар, оларды көрсету (орындау) тәртібі мен талаптары, құны туралы, сондай-ақ ағымдағы шот бойынша ақша қозғалысы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуді;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) коммуналдық көрсетілетін қызметтер сапасын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне дейін олардың үзіліссіз берілуін мониторингтеуді;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10) жиналыс және үй кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты және өзге де ақпаратты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, жалпыға қолжетімді орындарда орналастыруды жүзеге асырады.
3. Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға немесе басқарушы компанияға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
4. Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үй кеңесіне немесе мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасына не жай серіктестіктің сенім білдірілген адамына қабылдау-тапсыру актісінің негізінде:
қаржылық құжаттаманы (бастапқы есепке алу құжаттарын, қаржылық есептілікті, ағымдағы шот бойынша операцияларға байланысты құжаттарды), сондай-ақ қаржылық құжаттаманың көшірмелерін;
көппәтерлі тұрғын үйге арналған техникалық құжаттаманы;
жиналыстардың хаттамаларын;
сервистік қызмет субъектілерімен және коммуналдық қызметтерді ұсынатын ұйымдармен жасалған қызметтер көрсету туралы шарттардың көшірмелерін;
кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау актілерінің көшірмелерін;
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты өзге де құжаттарды;
кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кіретін үй-жайлардың кілттерін, кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кіретін жабдыққа қол жеткізудің электрондық кодтарын;
кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану үшін қажетті өзге де техникалық құралдар мен жабдықты беруге міндетті.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Тұрғын үй инспекциясы уақытша басқарушы компанияны тағайындаған кезде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсету тұрғын үй инспекциясы мен уақытша басқарушы компания арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.
Уақытша басқарушы компания кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін қолдануға тиіс.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49-бап. Ревизиялық комиссия (ревизор)
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста ревизиялық комиссияны сайлауға құқылы, оның құрамы кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметке бақылауды жүзеге асыратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан кемінде үш адамнан не ревизордан тұрады.
Мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамының отбасы мүшелері немесе үй кеңесінің мүшелері ревизиялық комиссияның мүшелері (ревизор) болып сайлана алмайды.
Ревизиялық комиссия (ревизор) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қаржылық құжаттаманы тексеруді жүзеге асырады.
2. Ревизиялық комиссия (ревизор) өз құзыреті шегінде жиналысқа кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөнінде ұсыныстар шығарады.
3. Ревизиялық комиссия (ревизор) үш жыл мерзімге сайланады және кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі өзге де функцияларды орындай алмайды.
4. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыс шешімінің негізінде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызмет нәтижелерін тексеру бойынша аудиторлық қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға құқылы.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-бап. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға қатысуы
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ауыртпалығын көтереді.
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар ай сайын жүргізіледі.
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың мөлшері пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесіне мөлшерлес белгіленеді.
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне олардың жазбаша келісімінсіз және (немесе) жиналыстың шешімінсіз жүктелмейді.
2. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау коммуналдық қызметтерін ұсынатын ұйымдарға жасалған шарттар негізінде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналарынан белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша пайдалану жауапкершілігі шегінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізуге міндетті.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өздері жүзеге асыратын өндірістік, сауда және өзге де қызметке байланысты ортақ мүлікті пайдалану бойынша шығыстарды кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың жылдық сметасында белгіленгеннен тыс өтеуге міндетті.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің өздеріне мүліктің меншік иелері бірлестігі берген шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлікті немесе жер учаскесін жеке-дара пайдалануға байланысты шығыстары да осындай тәртіппен төленеді.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке мақсаттар үшін пайдалануға байланысты шығыстарды осы мүлікті шектеулі пайдалану құқығы тиесілі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі өтеуге тиіс.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды, сондай-ақ орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі орынтұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстауға арналған шығыстарды уақтылы төлемеген кезде әрбір мерзімі өткен күн үшін келесі айдың бірінші күнінен бастап борыш сомасына Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде өсімпұл есепке жазылады.
Берешекті өтеу жөніндегі талапқа талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі осы Заңның 42-1-бабы 2-тармағының 6-1), 9), 10), 12) және 12-1) тармақшаларында айқындалған төлемдер бойынша берешекті өтемеген кезде мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не сенімхат негізінде көппәтерлі тұрғын үйдің басқарушысы не басқарушы компания не тұрғын үй инспекциясымен жасалған шарт негізінде уақытша басқарушы компания төлем белгіленген күннен кейін үш ай өткен соң берешекті өндіріп алу туралы нотариусқа немесе сотқа жүгінуге құқылы.
50-1-бап. 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 50-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 50-2-бап өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50-2-бап. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы есеп
Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не көппәтерлі тұрғын үйдің басқарушысы немесе басқарушы компания не тұрғын үй инспекциясы тағайындаған уақытша басқарушы компания есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы есепті тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы ұсынады және оны жалпыға қолжетімді орындарда орналастырады.
Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы есепте кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар болған жағдайда, олар да көрсетілуге тиіс.
Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы есеп Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып ұсынылады..
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 50-3-баппен толықтырылды
50-3-бап. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қаржыландыру ерекшеліктері
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы не жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы екінші деңгейдегі банктердің бірінде жинақ шотын ашады.
2. 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін ақша жинақтауға қатысу екінші деңгейдегі банктердің құқығы болып табылады. Екінші деңгейдегі банктер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін ақша жинақтауға қатысқан жағдайда, олар осы Заңның талаптарын сақтауға тиіс.
4. 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тұрғын үй инспекциясы көппәтерлі тұрғын үйді бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесіне енгізген кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға жергілікті бюджет қаражатының есебінен конкурс өткізеді.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйым таңдауды үй кеңесі жүзеге асырады. Үй кеңесі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ақшаның нысаналы жұмсалуына мониторингті жүзеге асырады.
7. Тұрғын үй инспекциясы көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлер тізбесіне қосқан кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етуі шартымен жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жобалау-сметалық құжаттамасы бар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге құқылы.
Жүргізілген күрделі жөндеуге жұмсалған нақты шығындарды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі өз үлестеріне пропорционалды түрде өтейді.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 51-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
51-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн тоқтату
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi мынадай жағдайларда:
1) жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған ретте;
2) кондоминиум объектiсiн басқарудың басқа нысанына көшу туралы үй-жайлар иелерiнiң қабылдаған шешiмi бойынша;
3) өрт, жер сiлкiнiсi немесе өзге де зiлзалалар салдарынан үйдiң елу проценттен астамы зақымдалған (қираған) жағдайда тұрғынжайдың зақымдалған (қираған) бөлiгiн қалпына келтiрмеу жөнiнде үй-жайлар иелерiнiң қабылданған шешiмi бойынша;
4) кондоминиумды тоқтатқан ретте тоқтатылуы мүмкiн.
2. Кооперативтi тоқтатқан ретте оның борыштарды өтегеннен кейiн қалған мүлкi, егер меншiк иелерiнiң арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, кооператив мүшелерiнiң арасында олардың ортақ мүлiктегi үлестерiне мөлшерлi бөлiнедi.
3. Кооперативтiң тоқтатылуы оның құрылуы сияқты тiркеледi.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-тарау. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін құру
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, тұрақ орындарын енгізілген немесе енгізілуге жататын пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу үшін құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет етеді.
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінен өзге нысанда азаматтар бірлестігінің көппәтерлі тұрғын үй салуына жол берілмейді.
3. Тұрғын үй-құрылыс кооперативін құру тұрғын үй-құрылыс кооперативінің құрылтай жиналысын өткізуден басталады және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеумен аяқталады.