Қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерiнiң келiсуiмен оның наградалары мен наградталуы туралы құжаттары сақтау және экспонат ретiнде көрсету үшiн мұражайларға берiлуi мүмкiн.
Егер қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерi жоқ болса, оның наградалары мен наградталуы туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен жаңа 39-1-баппен толықтырылды
39-1-бап. Мемлекеттік наградалармен наградталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың наградталуы туралы құжаттары болған жағдайда, бұл наградаларды Республикадан тыс жерге алып кетуге құқығы бар.
Бағалы металдардан жасалған мемлекеттік наградаларды алып кету тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Х. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын айыру
40-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айыруды наградталған адам қылмысы үшiн сотталған жағдайда - заңда белгiленген негiзде және тәртiппен соттың ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айырған кезде олар және оларға қоса берiлген құжаттар Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылуға тиiс.
41-бап. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттік наградаларға құқығын соттың шешiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қайта қалпына келтiредi.
ХI. Қорытынды және өтпелi ережелер
42-бап. Сыртқы түрi жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұқсастығы бар ордендер мен медальдарды, омырауға тағатын белгiлер мен оларға қоса берiлетiн құжаттарды, сондай-ақ Құрмет грамотасын тағайындауға және жасауға тыйым салынады.
43-бап. Қазақстан Республикасының орденiн, медалi мен құрметтi атаққа берiлетiн омырауға тағатын белгiсiн сатып алу, сату, айырбастау немесе өзгедей өтеуге беру, сондай-ақ мемлекеттік наградаларға қатысты басқа да заңсыз iс-әрекет жасау заңмен белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.
ҚР 07.04.99 ж. № 374-I Заңымен 44-бап жаңа редакцияда; ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 44-бап жаңа редакцияда
44-бап. Осы Заң күшіне енгенге дейін «Отан», «Даңқ» ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі - «Халық Қаһарманы» атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жеңілдіктер беруге құқылы.
ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 45-бап өзгертілді
45-бап. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1993 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 157-құжат);
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңды күшiне енгізу туралы» 1993 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы, 3 және 4-тармақтарынан басқасы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 158-құжат).
Осы Заң 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының