Шағын кәсiпкерлiктiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 8 сәуірдегі № 499 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да ұйымдарға шағын кәсiпкерлiк жөніндегі қатынастарды реттеу кезiнде салаларда жұмыс iстеушiлердiң мына санын негiзге алу ұсынылсын:
өнеркәсiп, құрылыс және
ауыл шаруашылығы - 50 адамға дейiн;
сауда және тұрмыстық
қызмет көрсету - 30 адамға дейiн;
көлiк және байланыс - 25 адамға дейiн;
ғылым және инновациялық қызмет - 20 адамға дейiн;
басқаларында (ойын және
шоу-бизнестен басқасы) - 15 адамға дейiн
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi