4. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың қауымдастығы қызметiн лицензияның негiзiнде өзiн-өзi реттейтiн ұйым ретiнде жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 237-II; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 58-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
58-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымның ережелерi
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қызметтi жүзеге асыру ережелерiн, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу стандарттарын белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның ережелерiнде:
1) қызметкерлердiң ұйым мүшелерiнiң (техникалық қызметкерлердi қоспағанда) кәсiби біліктiлiгiне қойылатын талаптар;
2) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру ережелерi мен стандарттары;
3) бағалармен айла-шарғылар жасауды шектейтiн ережелер;
4) есеп жүргiзу мен есеп беру құжаттамалары;
5) ұйымға кiру, шығу немесе одан шығарып жiберу тәртібі;
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң ұйымды басқару органдарына сайлану кезiнде өкiлдiк және ұйымды басқаруға қатысу құқықтарының тең болуы;
7) шығындардың, төлемдердiң, алымдардың ұйым мүшелерi арасында бөлу тәртібі;
8) клиенттердiң ұйым мүшелерiне қоятын талаптары мен шағымдарын қарау тәртібі;
9) ұйым мүшелерiнiң белгiленген ережелер мен стандарттарды сақтауына тексеру жүргiзу рәсiмдерi;
10) ұйым мүшелерiнiң клиенттерге және басқа тұлғаларға қатысты залалды өтеу жөніндегі мiндеттемелерiн орындау тәртібі;
11) ұйым мүшелерiне қолданылатын санкциялар мен өзге де шаралар және оларды қолдану тәртібі;
12) ақпараттың бүкпесiз болуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар болуға тиiс.
3. Өзін-өзі реттейтін ұйымның ережелері, сондай-ақ осы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен ол айқындаған тәртіпте келісіледі және өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.
59-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының қызметiн тоқтату
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында және оның жарғысында белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
VII тарау. Қорытынды ережелер
60-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен конвенцияларға қатысуы
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделген ережелерден өзге ережелер белгiленсе, республика бекiткен халықаралық шарттың ережелер қолданылады.
Қазақстан Республикасының