Қазақстан Республикасында этил спиртiн және алкогольдi өнiм өндiрудi,
импорттауды және сатуды тәртiпке келтiру жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1997
жылғы 14 ақпандағы № 217
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Әдiлет министрлігі бiр ай мерзiмде этил спиртi мен алкогольдi өнiмдi көтерме және бөлшек сатуды лицензиялауды енгізу көзделген "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Үкiметке енгiзсiн.
2.
ЕСКЕРТУ. 2-тармағының күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.30. № 1037
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi алкогольдi өнiмдi өндiрудi лицензиялау тәртібі мен шарттарына этил спиртi мен алкогольдi өнiмдi өндiру көлемiн мiндеттi мәлiмдеудi қоссын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. № 31 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік салық комитетi, Мемлекеттік кеден комитетi, Өнеркәсiп және сауда министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi 1997 жылдың 1 наурызына дейiн алкогольдi өнiмдi өндiру мен айналысына бақылау жасауды және осы саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесуді қамтамасыз ететiн органдардың өзара iс-қимыл тәртібін әзiрлесiн және оны Үкiметке бекiтуге енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң және Экономика министрлігінiң келісімдерi бойынша кеден төлемдерi мен салықтарды акциз депозитiне енгізудi қамтамасыз ете отырып, спирт пен алкогольдi өнiмнiң барлық түрiн транзиттеуге рұқсат беру тәртібін жасасын және оны 1997 жылдың 1 наурызынан бастап енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Әдiлет министрлігі, Өнеркәсiп және сауда министрлігі спирт және алкогольдi өнiмдi өндiрушiлердi тарта отырып, бiр ай мерзiмде "Спирт және алкогольдi өнiмдi өндiрудi және оның айналысын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаудың орындылығы туралы ұсыныс әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру және оның айналысы тәртібін бұзғандығы үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiктi күшейтудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiппен Үкiметке енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп сәуiр айында 1996 жылдың және 1997 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша этил спиртi мен алкогольдi өнiмдi өндiруге және оның айналысына талдау жасасын және оның нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi