Мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану
құқығын сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 10 желтоқсан № 1511 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 қаулысымен күші жойылды
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар, 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., № 24, 159-бап), Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996-1998 жылдарға арналған реформаларын тереңдету жөніндегі iс-қимыл Жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылға арналған реформаларын тереңдету жөніндегі кең көлемдi Жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу тәртібі;
жер учаскесiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сатудың үлгi шарты белгiленсiн.
2. Жеке меншiк құрылыс, ғимарат салуға (аяқталған құрылысты қоса) және жылжымайтын мүлiкке құқығы бар, бiрақ жерге тиiстi құжаттарды белгiленген тәртiппен хаттамаған, азаматтар мен мемлекеттік емес заңды ұйымдар оларды үш ай мерзiмде хаттауы тиiс.
Жергiлiктi атқарушы органдар осы жұмыстардың белгiленген мерзiмде орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Мыналар:
"Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жылжымайтын мүлiктi жекешелендiру барысында азаматтардың немесе заңды ұйымдардың жер учаскесiн пайдалану құқығын немесе жалға алу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 9 наурыздағы № 250 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 13, 123-бап);
"Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiн өмiр бойы мұраға қалдырып иелену құқығын, пайдалану құқығын немесе жалға алу құқығын сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 маусымдағы № 625 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1994 ж., № 25, 267-бап);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 маусымдағы № 625 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 ақпандағы № 149 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 6, 70-бап) күшiн жойған деп танылсын.
4. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен Бекiтiлген
Мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртібі
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже тұрақты жер пайдалану құқығын және үйлер, ғимараттар және өзге де жылжымайтын объектiлерi жоқ жер учаскелерiн сатып алу-сатуға байланысты қатынастарды реттейдi.
2. Мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатушылар жергiлiктi атқарушы органдар болып табылады.
Мемлекеттік жер пайдаланушылар өздерiнiң тұрақты жер пайдалану құқығын бұл бөлiнетiн жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi өзгертуге байланысты болған жағдайларда ғана өзгертуге құқылы.
3. Жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алушылар Қазақстан Республикасының аумағында оның заңдарына сәйкес жеке меншiк құқығындағы немесе тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн иелене алатын жеке адамдар мен заңды ұйымдар болуы мүмкiн.
4. Тұрақты жер пайдалану тұрғысындағы сатып алу-сату жүргiзуге мынадай:
жалпы пайдаланудағы;
қорғаныс мақсаты үшiн берiлген;
ерекше қорғалатын табиғат аумақтары;
қызметтiк жер үлесiнiң жерлерiнде жол берiлмейдi.
5. Жер учаскесi иесiнiң (тұрақты жер пайдаланушының) жер учаскесiнде орналасқан үйлер мен ғимараттарды, сондай-ақ егер учаскесi бөлiнбейдi деп танылса, жер учаскесiнiң немесе тұрақты жер пайдалану құқығының бөлiгiн жер учаскесiнiң бөлiгiне тиiстi түрде өзгертпей;
жалпы бiрлескен меншiк иелерiнiң немесе жалпы бiрлесiп жер пайдаланушылардың барлық қатысушыларының жазбаша түрдегi келісімi болмауына байланысты (жазбаша келісімдi нотариалдық кеңсе куәландыруы керек);
жер даулары немесе мәмiле жасауға кедергi келтiретiн заңда белгiленген өзге де себептерi болғанда жер учаскесiн (тұрақты жер пайдалану құқығын) сатуға құқығы жоқ.
6. Жер учаскелерi тиiсiнше шаруа (фермер) қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша шаруашылығын, құрылыс жүргiзу және тұрғын үйге қызмет көрсету, саяжай салу үшiн, сондай-ақ ауыл шаруашылық өндiрiсi үшiн "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығы күшiне енгенге дейiн берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату жөніндегі мәмiлелердi, жер учаскелерiнiң мөлшерiне қарамастан, оларды мемлекеттен сатып алмай-ақ жасауға құқығы бар.
7. Бұрын құрылыс салу үшiн немесе жермен тiкелей байланысты салынған өндiрiстiк және басқа объектiлерiнiң, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса және мемлекеттен сатып алынбаған, жер учаскелерi берiлген азаматтар мен мемлекеттік емес заңды ұйымдар жер учаскелерiн сатуды осы учаскелердi меншiкке сатып алу жағдайында жүзеге асыра алады.
8. Жер учаскесiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату кезiнде сатып алушыға жер учаскесi мәмiле жасау сәтiнде бар барлық қиындығымен берiледi.
9. Жалпы меншiктегi жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi сатып алу жағдайында, сатып алушы сонымен бiр мезгiлде жылжымайтын мүлiктiң иесiнде болғандай көлемде және сондай жағдайда жерге жалпы меншiктiк үлесiн алады.
10. Нормативтiк құқықтық құжаттардың негiзiнде белгiленген жердiң мақсатқа арналуы мен режимiн, жердiң сервитуты мен пайдаланудың өзге де шарттарын сатушы немесе сатып алушы өз бетiмен өзгерте алмайды.
11. Жер учаскесiнiң бөлiгiнен сатып алу-сату мәмiлесiн жасау үшiн бұл бөлiгi белгiленген тәртiппен, оған кадастрлық номер берiле отырып, дербес жер учаскесi болып алдын-ала бөлiнуi тиiс.
12. Тараптар арасындағы жер учаскесiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi белгiлеген талаптарды сақтай отырып жасалады.
13. Жер учаскесiн (тұрақты жер пайдалану құқығы) бағалау құны "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 мамырдағы № 576 қаулысына сәйкес жерге төлем ставкалары бойынша, осы ставкаларға "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жер учаскелерiнiң бағалық құнын белгiлеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қазандағы № 1203 қаулысымен белгiленген түзету (көбейтетiн немесе азайтатын) коэффициенттерiн қолдана отырып белгiленедi.
Мемлекеттiң жер учаскелерiн жеке-меншiкке немесе жер пайдалану құқығына сату кезiнде, аукцион ұйымдастыруға және өткізуге кеткен шығындардан өзге, алынған қаржы мөлшерi жеке меншiкке сатылған немесе төлем ставкалары бойынша есептелген жер учаскесiн (тұрақты жер пайдалану құқығын) бағалау құнының деңгейiнен кем болмауы тиiс.
14. Сатып алу-сату шарты бойынша жер учаскесiне меншiк құқығы және тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алушыда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) және "Жылжымайтын мүлiкке құқықты және олармен мәмiле жасауды мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығында көзделген тәртiппен тiркелген сәттен бастап туындайды.
15. Мемлекет меншiгіндегі және коммерциялық мүдделiк тудырған жер учаскелерi мен жер учаскелерiне тұрақты жер пайдалану құқығы жер аукционында сату объектiлерi болуы мүмкiн.
II. Мемлекет меншiгіндегі тұрақты жер пайдалану құқығын немесе жер учаскелерiн сату тәртібі
16. Жер учаскесiн (тұрақты жер пайдалану құқығын) сатып алуға мүдделi адамдар жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органға кепiлдеме бередi, ол "Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртібі жөніндегі ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 маусымдағы № 760 қаулысында белгiленген тәртiппен қаралады.
17. Жеке адамдар мен мемлекеттік емес ұйымдар құрылыс салу үшiн немесе жерге тiкелей байланысты, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса, өндiрiстiк және өзге объектiлер салынған, оларға бұрын тұрақты пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алуға ниет бiлдiрген жағдайда аталған адамдар мен ұйымдар жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш бередi.
Өтiнiшпен бiрге:
жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жерге салық бойынша берешектiң жоқтығы жөнiнде салық инспекциясының анықтамасы;
жер учаскесiнiң жоспары (сызбасы);
заңды ұйымды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiледi.
18. Жер учаскесiн (тұрақты жер пайдалану құқығын) сату жөніндегі жергiлiктi атқарушы органның қабылданған шешiмi негiзiнде және оның тапсыруы бойынша жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық орган:
жер учаскесiнiң нақты шекарасын белгiлеу жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;
жер учаскесiн кадастрлық номерлермен белгiлейдi;
жер учаскесiнiң (тұрақты жер пайдалану құқығының) бағалау құнын белгiлейдi;
сатушы (жергiлiктi атқарушы орган) және сатып алушы қол қоятын сатып алу-сату шартының жобасын сатушымен бiрге жасайды.
19. Егер, жер учаскелерiнде мемлекет меншiгіндегі үйлер, ғимараттар, басқа да жылжымайтын мүлiк орналасқан жағдайда, онда мұндай объектiлер жекешелендiру мәселелерiн реттейтiн заңдарға сәйкес сатылады.
Бұл орайда жер учаскесiне құқық пен онда орналасқан үйлер мен ғимараттарға құқық бiр-бiрiнен бөлiнбейдi ("Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығының 18-бабы).
20. Жер учаскесiнiң (тұрақты жер пайдалану құқығының) құнына төлем жасау тараптардың келісімiмен белгiленген (жер аукционында мәмiле жасау жағдайынан басқа) тәртiппен жүзеге асырылады.
Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жер учаскесiнiң (жер пайдалану құқығының) құнына ақыны мерзiмiн үш жылға кейiнге қалдыра отырып төлей алады.
ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.11.03. № 1487 қаулысымен.
21. Жергiлiктi атқарушы органдардың жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалану құқығына сатудан түскен қаржысы заңдарға сәйкес бюджетке аударылады.
III. Мемлекет меншiгіндегі тұрақты жер пайдалану құқығын немесе жер учаскесiн жер аукционында сату тәртібі
22. Жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе тұрақты жер пайдалану құқығына сату жөніндегі жер аукционы жердi ұтымды және тиiмдi пайдалану, әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды дамытуға отандық және шет елдiк инвестицияларды тарту, бюджетке қосымша қаржы түсудi ынталандыру, жер учаскелерiн беру кезiнде жариялылықты қамтамасыз ету, жерге инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі нақты кепiлдiктердi қамтамасыз ету үшiн барынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жүргiзiледi.
23. Жер аукционында сатуға ұсынылатын жер учаскелерiнiң немесе тұрақты жер пайдалану құқығының тiзбесiн Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң аумақтық органдары сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесiп белгiлейдi және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi шешiмдерiмен бекітіледi.
24. Жер аукционында сатушы өз өкiлдерi арқылы iс-әрекет ететiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган болып табылады. Мұндай өкiлдерi арқылы жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитеттер де iс-әрекет етедi, оларға сатушының шешiмiмен аукционға қатысушылармен, сатып алушылармен, ұйымдастырушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру бөлiгіндегі оның қызметi сенiп тапсырылуы мүмкiн.
25. Сатушының қызметi мыналар:
объектiлердiң бастапқы және ең төменгi бағасын, кепiлдеме жарналарының мөлшерiн бекіту;
ұйымдастырушылармен аукцион ұйымдастыруға және өткізуге шарттар жасасу;
аукцион ұйымдастырудың және өткізудiң барысына бақылауды жүзеге асыру;
саудада жеңiп шыққан адамдармен сатып алу-сату шарттарын жасау;
қатысушылармен, сатып алушылармен және ұйымдастырушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру болып табылады.
26. Сатушы дербес түрде аукцион ұйымдастырады және өткiзедi немесе делдалдармен (ұйымдастырушылармен) - аукционды әзiрлеп, өткізудi ұйымдастырушы өзге заңды ұйымдармен және жеке адамдармен шарттар жасасады.
Сатушының осы Тәртiптiң 25-тармағында көрсетiлген қызметтердi ұйымдастырушыға беруге құқығы жоқ.
27. Объектiлердi сату бойынша аукцион ұйымдастыруға және өткізуге шарттар сатушы мен ұйымдастырушы арасында жазбаша түрде жасалады және онда мыналар:
жер аукционына шығарылатын объектiлер тiзбесi;
аукционды өткізудiң шектi мерзiмi;
әрбiр объектiнi сату кезiнде сауда жүргiзудiң әдiсi;
ұйымдастырушыға берiлетiн әрбiр объект бойынша құжаттардың тiзбесi;
аукционды әзiрлеу мен өткізу барысы жөніндегі кезеңдiлiк пен ұйымдастырушының есеп беру түрi;
тараптардың өзара мiндеттiлiгi мен мүлiктiк жауапкершiлiгi;
ұйымдастырушының сыйлық алу мөлшерi мен шарты және сатушымен өзара есеп айырысу тәртібі;
шарт күшiнiң мерзiмi және оны бұзу шарты болуы тиiс.
28. Ұйымдастырушыға сыйлық беру мөлшерi әрбiр объектiнi сату бағасының 5 процентiнен аспайтынын құрайды, ол бойынша сатып алушы осы Тәртiптiң 51-тармағының ережелерiне сәйкес төлем жасайды.
29. Сатушы жеке меншiкке сатылатын жер учаскесi бойынша немесе онда тұрақты жер пайдалану құқығы сатылатын қажеттi құжаттамаларды сауданы ұйымдастырушыға ұсынады және сауданы ұйымдастырушының есеп айыру шотына болашақ сыйлықтың шарт бойынша одан есептелген есебiне кепiл қаржы енгiзедi.
30. Аукционға қатысуға осы Тәртiптiң 38-40-тармақтарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткен жеке адамдар, мемлекеттік емес заңды ұйымдар және шет елдiк азаматтар мен заңды ұйымдар қатыса алады.
31. Аукционға мыналар:
а) мемлекеттік заңды ұйымдар;
б) аукционды ұйымдастырушы;
в) аукцион жүргiзушi;
г) бұрынғы жер аукциондарының саудасында жеңiп шыққан, бiрақ алған жер учаскесi (тұрақты жер пайдалану құқығы) үшiн жасалған шарттардың жағдайларына сәйкес есеп айырыспаған адамдар қатыса алмайды.
1) Аукцион өткізуге дайындық
32. Объектiнiң ең төмен бағасы осы Тәртiптiң 13-тармағына сәйкес белгiленген жер учаскесiн (тұрақты жер пайдалану құқығы) бағалау құнынан төмен болмауы тиiс.
33. Бастапқы бағасы сату әдiсiне байланысты белгiленедi:
а) ағылшынша сату әдiсi кезiнде бастапқы баға ең төменгi бағаға тең болады;
б) голландиялық сату әдiсi кезiнде бастапқы баға ең төменгi бағадан кем дегенде жүз есе артуға тиiс.
34. Аукционға қатысуға арналған кепiлдiк жарна аукционға шығарылатын барлық объектiлер үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және мынадай әдiстеме бойынша есептеледi:
а) әр объект бойынша объектiнiң бастапқы бағасының 10 процентi анықталады:
б) осы тармақтың "а" тармақшасына сәйкес алынған қорытындылардың орташа арифметикалық шамасы анықталады;
в) ағылшынша сату әдiсi бойынша аукционға шығарылатын объектiлер iшiнен объектiнiң ең төмен бастапқы бағасы анықталады;
г) голландиялық сату әдiсi бойынша аукционға шығарылатын әрбiр объектiнiң бастапқы бағасының 50 процентiне тең шамалардың ең төмен бағасы анықталады;
д) кепiлдiк жарналарының мөлшерi осы тармақтың "б", "в", және "г" тармақшаларынан алынған қорытындылардың ең аз мөлшерiне тең етiп қабылданады.
35. Қатысушылар кепiлдiк жарналарының кез келген санын енгізуге құқықты, мұнда бiр кепiлдiк жарнасы бiр объект сатып алу құқығын бередi.
36. Кепiлдiк жарнасы сауда өткізу туралы мәлiмдемеде белгiленген нысан мен тәртiпте және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгiзiледi. Кепiлдiк жарнасының мөлшерi мәлiмдеме жарияланғаннан кейiн өзгертiлмеуi мүмкiн. Кепiлдiк жарнасын кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға қатысушының атынан енгізуi мүмкiн. Сатушы кепiлдiк жарнасын алушы болып табылады.
37. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сатушыдан алынған мәлiметтер негiзiнде сатуға ұсынылатын жер учаскесi туралы ақпараттық хабарлама жасайды және оны хабарланған сауда өткізу күнiне дейiн 15 күннен кешiктiрмей қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық және жергiлiктi баспасөзде жариялайды.
Ақпараттық хабарламаға:
жер учаскесiнiң жоспары, учаскенiң мекен-жайы мен жер жағдайы, оның алаңы және жер учаскесiн сату шарттары;
иелiктен алынатын құқықтың түрi (меншiк немесе тұрақты жер пайдалану құқығы);
аукцион өткізу кезiнде жер учаскесiне түсетiн барлық белгiлi қиындықтар (шектеулер) тiзбесi;
жер салығының мөлшерi;
сауда өткізу күнi, уақыты, орны мен жағдайлары;
бастапқы бағасы, нысаны мен шарттары;
саудаларға қатысу өтiнiмiне қоса берiлетiн сатып алушы құжаттарының тiзбесi;
өтiнiмдер қабылдаудың ақырғы мерзiмi;
кепiлдiк жарналар сомасы мен оларды енгізу тәртібі, сондай-ақ сатушының депозиттiк шоты енгiзiлуi тиiс.
38. Аукционға қатысушыларды тiркеу мәлiмдеме жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және аукционның басталуынан бiр сағат бұрын аяқталады.
39. Аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн:
аукционға қатысу туралы өтiнiмдi жеке басын куәландыратын құжатты;
кепiлдiк жарнасын енгiзгенiн растайтын төлем құжатының көшiрмесiн;
өкiлдiк өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттарды беру қажет.
Заңды тұлғалар бұларға қоса жарғы мен заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң нотариуспен куәландырылған көшiрмелерiн бередi.
40. Сатушы мен ұйымдастырушы:
қатысушыдан аукционға шығарылғандардың iшiнен осы немесе басқа объект сатып алу ниетi туралы ақпаратты талап етуге;
барлық сауда-саттыққа даярлану және оны өткізу кезеңi iшiнде саудаға қатысушыларға қатысы бар ақпараттарды жариялауға;
Қатысушы ретiнде тiркеу үшiн осы Тәртiптiң 39-тармағында аталғандардан басқа, қосымша құжаттар беруiн талап етуге құқылы.
41. Тiркеуден өткен тұлға қатысушы билетiн алады, ол аукцион болатын күнi аукциондық нөмiрмен алмастырылады. Мұнда ұйымдастырушы берiлетiн нөмiрлердi белгiленген объектiлерге бекiте отырып тiркеуге құқықты емес. Сауда процесiнде басқа тұлғалардың аукцион нөмiрлерiн пайдалануына тыйым салынады.
2) Сауда-саттықты өткізу
42. Аукционды аукцион өткізушi жүргiзедi. Аукцион аукцион өткізу тәртібін хабарлаудан басталады. Қатысушылар мен қатынасушы тұлғалар сауда өткізу ережелерiн бұзған жағдайда аукцион өткізушi оларды аукцион өтiп жатқан жерден аулақтатуы мүмкiн. Объектiлердi сатуға шығару жүйелiлiгi туралы шешiмдi аукцион өткізушi қабылдайды.
43. Әрбiр объектiдегi сауда аукцион өткізушiнiң объект атауын, оның қысқаша сипаттамасын, сауданың өткiзiлу әдiсiн, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамдарын хабарлаудан басталады. Аукцион өткізушi сауда процесiнде қадамдарды хабарлай отырып, өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы объектiнiң осы бағаларының 5 процентiнен 10 процентiне дейiнгi шектерде белгiленедi.
44. Сауда төменде баяндалған екi әдiстiң бiреуi бойынша жүргiзiледi.
45. Ағылшынша сату әдiсi. Аукцион өткізушi объектiнiң бастапқы бағасы мен бағалардың ұлғаю қадамын хабарлайды. Саудаға қатысушылар нөмiрдiң көтерiлуiне байланысты старттық бағаны өсiредi, бiрақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Қолайлы болуы үшiн аукцион өткізушi объект бағасын осы қадамның жартысынан аспайтын шамаға дейiн дөңгелектеуi мүмкiн. Аукцион өткізушi объект бойынша саудаға қатысушы аукцион нөмiрлерiн хабарлайды, бағаны бекiтедi және оны өсiрудi ұсынады. Объект бойынша сауда - ұсынылған ең жоғары бағаға дейiн жүредi. Аукцион өткізушi объект үшiн ең жоғары баға берген қатысушыны хабарлайды. Аукцион өткізушi объектiнiң соңғы бағасын үш рет қайталайды, басқа көтерiлген нөмiрлер жоқ болса, онда балға соғу арқылы аталған объектiнiң сатылғанын хабарлайды.
Объектiлер бойынша саудаға қатысушылар саны оның екiден кем бөлiгi болмаған жағдайда ғана объектiлер саудасы болған деп есептеледi.
Саудада ұтқан тұлға анықталғаннан кейiн, ұтыс иесi сауда өткізу рәсiмдерi мен қорытынды бойынша тиiстi мiндеттердi, сондай-ақ сатып алу-сату шартының жағдайларын орындамаған жағдайда сатушы саудада осы объект үшiн мөлшерiне қарай екiншi баға берген қатысушыға (екiншi сатып алушы) объектiнi сатып алу құқығын беруге тиiс.
46. Голландиялық сату әдiсi. Аукцион өткізушi объектiнiң бастапқы бағасын хабарлайды және жаңа бағаны хабарлай отырып мәлiмденген қадам арқылы оны төмендетедi. Аукцион өткізушi баға хабарланған кезде аукцион нөмiрiн бiрiншi көтерген қатысушының нөмiрiн атайды және балға соғу арқылы оны осы объект саудасында ұтысқа ие болған тұлға деп жариялайды.
Егер екi немесе одан да көп нөмiрлер бiр мезгiлде көтерiлген жағдайда аукцион өткізушi нөмiрдi кiм бiрiншi көтерсе, соған шешiм қабылдайды, қатысушылар оған таласуға құқылы емес. Ерекше жағдайларда аукцион өткізушi жеребе тастау рәсiмiне жүгiнуге құқылы.
Егер бастапқы баға хабарланған сәтте ұсынылған бағаға келiсетiн екi, не одан да көп қатысушылар болған жағдайда аукцион өткізушi саудада ұтатын адам анықталғанша бағаны белгiленген қадам мөлшерiне дейiн көтере бастайды.
Егер аукцион өткізушi объектiнiң ең төмен бағасын хабарлаған кезде қатысушылардың бiрде-бiреуi аталған объектiнi сатып алуға тiлек бiлдiрмесе, онда объект саудадан алынады.
47. Бiр аукционда екi сату әдiсiн жүргiзуге рұқсат етiледi. Мұнда бiрiншi кезекте голландиялық сату әдiсi жүргiзiледi.
48. Әрбiр сатылған объект бойынша сату қорытындылары хаттамамен ресiмделедi.
Хаттамаға қол қою үшiн аукцион өткізушi саудада ұтқан тұлғаны, екiншi сатып алушыны шақырады (ағылшынша сату әдiсi кезiнде). Хаттама сатушы, сатып алушы және ұйымдастырушы үшiн үш дана етiп жасалады. Ұйымдастырушы сауда қорытындылары туралы хаттаманың бiр данасын аукцион өткен күннiң ертеңiне-ақ сатушыға беруге мiндеттi.
49. Сауда қорытындылары туралы хаттама сауда қорытындылары және саудада ұтқан тұлғаның мiндеттемелерi мен сатушының сату барысында белгiленген баға бойынша объектiнi сатып алу-сату жайында жасаған шарттарын жазып отыратын құжат болып табылады.
50. Егер объект бiрiншi аукционда сатылмаса, онда екiншi және одан кейiнгi аукциондарға үлкен аралықта, арасына 30 күн салып шығарылады.
Объект бiрiншi және екiншi аукциондарға шығарылады және ол ағылшынша сату әдiсiмен, үшiншi және кейiнгi аукциондар голландиялық сату әдiсiмен жүргiзiледi.
3) Есептесу тәртібі
51. Сатушы сату аяқталған сәттен бастап 10 күнтiзбелiк күннен артық емес мерзiмде сатып алу-сату шартына қол қоюға мiндеттi.
Жер аукционының жеңiмпазы сауда хаттамасына қол қойылған күннен бастап 30 күн (күнтiзбелiк) iшiнде сатып алу-сату шарты жасалатын соманы аукционға қатысушылармен есептесу жайындағы мiндеттердi жүзеге асыратын жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитеттiң депозиттiк есебiне аударады.
Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитеттiң депозиттiк есебiне түсетiн жер учаскелерiн (тұрақты жер пайдалану құқығы) сатудан түскен қаражаттар 5 банк күнiнен кешiктiрiлмей тиiстi жергiлiктi бюджет кiрiстерiне есептеледi.
Сатып алу-сату шартының жағдайлары ақпараттық хабарламада көрсетiлген сату шарттарына қайшы келмеуi тиiс.
Саудада жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алған кезде сатып алушы енгiзген кепiлдiк жарнасының сомасы оның сатып алу-сату шарты жөніндегі төлемiнiң сомасына қосылады.
Егер сату объектiлерiнiң құны кепiлдiк жарнасының сомасынан аз болып көрiнген жағдайда, олардың арасындағы айырмашылық 5 банк күнiнен кешiктiрiлмей саудада ұтқан тұлғаға қайтарылады. Егер саудаға қатысушы енгiзген кепiлдiк жарналарының саны саудаларда сатып алынған объектiлер санынан көп болып көрiнсе, онда пайдаланылмаған кепiлдiк жарналары аукцион аяқталған күннен бастап 5 банк күнi iшiнде қатысушыға қайтарылады.
Саудаға қатысушылардың кепiлдiк жарналары сомасынан саудаларды ұйымдастыру жөніндегі шығындарды өтеуге қажеттi қаражаттар алынады. Кепiлдiк жарнасының қалған сомасы аукцион аяқталған күннен бастап 5 банк күнiнен артық емес мерзiмде барлық аукционға қатысушыларға қайтарылып берiледi, егер ақшалар аукционнан кейiн, не олардың түскен күнiнен бастап 5 банк күнi iшiнде сатушы есебiне түссе де оларға қайтарылып берiледi.
Сатушы саудада ұтқан тұлғаның осы Тәртiптiң 30-тармағындағы талаптарға жауап бермеу жағдайларынан басқа, сауда қорытындылары немесе саудада ұтқан тұлғамен жасалған сатып алу-сату шарты туралы хаттамаға қол қоюдан жалтаруға құқықты емес.
Соңғы төлемнiң мерзiмi 5 банк күнiнен асқан жағдайда, егер бұл жағдай шартта ескерiлген болса, онда сатушы шартты бiр жақты тәртiп бойынша бұзуға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сатып алушыдан шығындарды өтеудi талап етуге құқылы (жалпы бөлiм).