Заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге
асыруға құқығын лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк
талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
Қаулысы 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1391 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi лицензиялау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Берiлiп отырған заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар Ұлттық Банкi (келісім бойынша) комиссиясы осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен.
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 15 қарашадағы
№ 1391 қаулысымен
Бекiтiлген
Заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында
кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау
кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары
Мәтінінде сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен.
Бiлiктiк талаптарының күшi бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаларға жүредi және былайша айқындалады:
I. Делдалдық, дилерлiк қызмет бойынша
1. Штатта:
экономикалық, техникалық, заңдық жоғары білімi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта білімi бар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрi - ҚР ҰБ) аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша біліктiлiк куәлiгi бар біліктi мамандар болу керек.
1-тармақта сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен.
2. Делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталының болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актілерімен айқындалады.
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек.
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатқа клиенттiң оның бағалы қағаздармен және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөніндегі тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс.
5. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн ҚР ҰБ банк қызметiн жүзеге асыруға берген лицензиясы және бағалы қағаздар рыногындағы делдалдық операцияларды жүзеге асыруға берген келісімi болуы қажет.
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болу керек.
II. Бағалы қағаз ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу
жөніндегі қызмет бойынша
1. Мынадай біліктi мамандар:
экономикалық, техникалық, заңдық жоғары білімi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта білімi бар;
ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiпқой қызметтiң осы түрi бойынша біліктiлiк куәлiгi бар болуға тиiс.
2. Тiркеу қызметiн жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актілерімен айқындалады.
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек.
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздармен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөніндегі тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс, сондай-ақ тiркеушiнiң:
бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу және оларды есепке алу ережелерiне;
құжаттар айналысы, бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар бойынша iшкi есеп пен есептiлiк ережелерiне;
деректер тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге арналған iшкi бақылау ережелерiне;
бағалы қағаз ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiне қойылатын талаптар айқындалған жұмыс регламентi болуы керек.
5. Бағалы қағаз ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тиiстi түрде қамтамасыз ететiн бағдарламалық-техникалық құралдар болуы керек.
6. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн қосымша ҚР ҰБ банк қызметiн жүзеге асыруға берген лицензиясы және тiзiлiм жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға берген келісімi болуы қажет.
7. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуға тиiс.
III. Депозитарлық қызмет бойынша
1. Экономикалық, техникалық, заңдық жоғары білімi бар және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта білімi бар біліктi мамандар болуы керек.
2. Депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актілерімен айқындалады.
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек.
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздармен және ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмайтын тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс, сондай-ақ депозитарийдiң:
бағалы қағаздарға деген меншiк құқықтарын белгiлеу жөніндегі операцияларды жүргiзу мен оларды есепке алу ережелерiне;
құжаттар айналысы, операцияларға iшкi есеп жүргiзу мен олар бойынша есептiлiк ережелерiне;
деректер тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге арналған iшкi бақылау ережелерiне;
бағалы қағаздар бойынша депо шоттар жүргiзу жүйесiне қойылатын талаптарды қамтитын жұмыс регламентi болуға тиiс.
5. Депозитарий мүшелерiнiң бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензияларының болуы қажет.
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуға тиiс.
IY. Кастодиалдық қызмет бойынша
1. Мынадай:
экономикалық, техникалық, заңдық жоғары білімi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта білімi бар;
ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша біліктiлiк куәлiгi бар біліктi мамандар болуы керек.
2. Кастодиалдық қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталдың жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актілерімен айқындалады.
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек.
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiк фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздарымен және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөніндегі тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс, сондай-ақ кастодианның:
өзiне сенiп тапсырылған бағалы қағаздарды және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарын сақтау мен есепке алу ережелерiне;
бағалы қағаздармен мәмiлелер жүргiзуге бақылау жасау ережелерiне;
құжаттар айналысына, бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды есепке алу және олар бойынша есептiлiк ережелерiне;
деректер тұтастығын және ақпараттар құпиялығын қамтамасыз етуге арналған iшкi бақылау ережелерiне;
клиенттердiң бағалы қағаздар бойынша шоттарының жүйесiн жүргiзуге қойылатын талаптарды қамтитын жұмыс регламентi болуға тиiс.
5. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн ҚР ҰБ банк қызметiн жүзеге асыруға берген лицензиясы және бағалы қағаздар рыногында делдалдық операциялар жүргiзуге келісімi, сондай-ақ бағалы қағаздарды сейфтiк сақтауды жүзеге асыруға берiлген лицензиясы болуы қажет.
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек.
Y. Қор биржасы бойынша
1. Экономикалық, техникалық, заңдық жоғары білімi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта білімдерi бар ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша біліктiлiк куәлiгi бар біліктi мамандар болуы керек.
2. Қор биржасының жұмысына арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын және капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актілерімен айқындалады.
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуға тиiс.
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек.
5. Лицензиатта:
биржалық саудаластық ережелерiн;
биржа мүшелерiнiң және олардың клиенттерiнiң құқықтық теңсiздiк жағдайын болдырмау кепiлдiктерiн айқындайтын ережелердi;
клиенттердiң құқықтарын қорғау тетiктерiн;
қор биржасының мүшелерiне, оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерiне қатысты санкциялар және өзге де шаралар қолдану тәртібін;
бағалармен айла-шарғылық әрекеттер жасауды шектейтiн ережелердi;
бағалы қағаздарды биржа листингiне енгiзудiң шарттары мен тәртібін;
бағалы қағаздарды бағалауға жiберу ережелерiн;
басқаруда тең құқықтарды қамтамасыз етудi;
биржада мәмiлелер жасау, оларды тiркеу мен есепке алу тәртібін;
есеп айырысу тәртібі мен тәсiлдерiн;
биржаға мүшелiкке қабылдау, биржа мүшелiгiнен шығу және одан шығарып тастау тәртібін;
биржалық саудаға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн;
биржалық мәмiлелер бойынша биржалық саудаға қатысушылар арасындағы дауларды шешу тәртібін;
биржалық сауда ережелерiн сақтауға бақылау жасау, тексеру, жүргiзу кезiнде ақпараттардың жариялылығы тәртібін қамтитын жұмыс регламентi әзiрленуге тиiс.
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек.
YI. Биржадан тыс рыноктың бағалау жүйесi бойынша
1. Экономикалық, техникалық, заңдық жоғары білімi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта білімi бар, ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша біліктiлiк куәлiгi бар біліктi мамандар болуы керек.
2. Биржадан тыс рыноктың бағалау жүйесiнiң жұмыс iстеуiне арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актілерімен айқындалады.
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуға тиiс.
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек.
5. Лицензиатта:
саудаластық жүргiзу ережелерiн;
бағалау жүйесiнiң мүшелерi мен клиенттерiнiң құқықтық теңсiздiк жағдайларын болдырмау кепiлдiктерiн айқындайтын ережелердi;
клиенттердiң құқықтарын қорғау тетiктерiн;
бағалау жүйесi мүшелерiне, олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiне қатысты санкциялар мен басқа да шаралар қолдану тәртібін;
бағалармен айла-шарғылық әрекеттер жасауды шектейтiн ережелердi;
бағалы қағаздарды бағалауға жiберу ережелерiн;
басқарудағы тең құқықтарды қамтамасыз етудi;
биржада мәмiлелер жасау, оларды тiркеу мен есепке алу тәртібін;
есеп айырысу тәртібі мен тәсiлдерiн;
бағалау жүйесiне мүшелiкке қабылдау, бағалау жүйесi мүшелiгiнен шығу және одан шығарып тастау тәртібін;
саудаға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн;
бағалы қағаздармен мәмiле жасауға қатысушылар арасындағы дауларды шешу тәртібін;
сауда тәртібін сақтауға тексеру жүргiзу кезіндегі ақпараттардың жариялығы тәртібін қамтитын жұмыс регламентi әзiрленуге тиiс.
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек.
YII. Бағалы қағаздар портфелiн басқару бойынша
1. Мынадай мамандар:
экономикалық, техникалық, заңдық жоғары білімi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта білімi бар;
ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiпқой қызметтiң осы түрi бойынша біліктiлiк куәлiгi бар болуы керек.
2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актілерімен айқындалады.
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек.
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздарымен және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөніндегі тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуы керек.
5. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн қосымша ҚР ҰБ берген лицензиясы және бағалы қағаздар рыногында делдалдық операциялар жүргiзуге келісімi болуы қажет.
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болу керек.
YIII. Бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау мен
Қазақстан Республикасының аумағына әкелу бойынша
1. ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша біліктiлiк куәлiгi бар мамандар болуы керек.
2. Бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау мен әкелу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актілерімен айқындалады.
3. Ақпараттар ағымы мен құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек.
4. Бағалы қағаздарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптар болуы керек.
5. Бағалы қағаздар бланкiлерiне қойылатын техникалық талаптар болуы керек.
6. Баспа кәсiпорындарына қойылатын режимдiк талаптар болуы керек.
7. Бағалы қағаздар бланкiлерiн дайындауға арналған арнаулы технологиялар мен жабдықтар болуы керек.
8. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек.