Қазақстан Республикасының газ саласындағы мүлiктi жекешелендiру
жөніндегі шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 17 қыркүйектегі № 1126 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдары мемлекеттік меншiктi жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниясы мен "Алаугаз" акционерлік қоғамының газ тасымалдау жүйесi объектiлерiн мүлiктiк жалдауға, сенiмдi басқаруға және жекешелендiруге беру жөніндегі ұсынылып отырған шаралар жоспары бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi заңда белгiленген тәртiппен:
"Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниясы мен "Алаугаз" акционерлік қоғамының газ тасымалдау жүйесi объектiлерi жөніндегі аталған шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн;
газ шаруашылығы акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акциялар пакетiн сату үшiн қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн;
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен және облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып "Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниясы мен "Алаугаз" акционерлік қоғамының газ тасымалдау жүйесi объектiлерiн мүлiктiк жалдауға, сенiмдi басқаруға және жекешелендiруге беру жөніндегі шараларға байланысты жұмыстарды жүзеге асыруда өкiлеттi консультанттарға қажеттi жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 17 қыркүйектегi
№ 1126 қаулысымен
Бекiтiлген
"Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниясы мен "Алаугаз"
АҚ газ тасымалдау жүйесi объектiлерiн мүлiктiк жалдауға, сенiмдi
басқаруға және жекешелендiруге беру жөніндегі шаралар жоспары
---------------------------------------------------------------------
Шаралар і Орындалу мерзiмi
---------------------------------------------------------------------
I кезең. Дайындық кезеңi
1 Объектiлердiң қызметiне және бәсекелестiк 1996 жылғы
қабiлетiне талдау жасау 20 қыркүйекке дейiн
2 "Қазақгаз" МКХ объектiлерiн мүлiктiк 1996 жылғы
жалдауға беру жөніндегі негiзгi шарттарын 20 қыркүйекке дейiн
(концессия) әзiрлеу
3 "Қазақгаз" МКХ объектiлерiнiң концессияға 1996 жылғы
беруге жататын мүлiктiк кешендердi бөле 30 қыркүйекке дейiн
отырып ұйымдастыру-құрылымдық, технологиялық
және басқа қайта жаңғыртуларды әзiрлеу мен
жүзеге асыру
II кезең. Тендерлiк процесс
4 Тендерге қатысуға шақыруларды жiберу 1996 жылғы
1 қазанға дейiн
5 Ақпараттық меморандумды (тендерлiк 1996 жылғы
құжаттарды) жiберу 1 қазанға дейiн
6 Инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру 1996 жылғы
(ақпараттық бөлмелердi әзiрлеу, 15 қазанға дейiн
объектiлерге бару және т.б.)
7 Тендерлiк ұсыныстарды қабылдау және талдау 1996 жылғы
30 қазанға дейiн
8 Жеңiмпазды анықтау 1996 жылғы
5 қарашаға дейiн
9 Тендер жеңiмпазымен келiссөздер жүргiзу 1996 жылғы
20 қарашаға дейiн
10 Шартқа қол қою 1996 жылғы
30 қарашаға дейiн
III кезең. Қорытынды кезең
11 "Алаугаз" АҚ-ын тендер арқылы Жоғарыда көрсетiлген
жекешелендiру жөніндегі шараларды жүргiзу шараларды
өткiзгеннен кейiн
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 17 қыркүйектегi
№ 1126 қаулысымен
Қосымша
Мемлекеттік акциялар пакетi тендер арқылы сатылу жолымен
жекешелендiруге жататын газ шаруашылығы акционерлік қоғамдарының
ТIЗБЕСI
Ақмола ГШАҚ
Алматы ГШАҚ
Жамбыл ГШАҚ
Жезқазған ГШАҚ
Қарағанды ГШАҚ
Қызылорда ГШАҚ
Көкшетау ГШАҚ
Солтүстiк Қазақстан ГШАҚ
Талдықорған ГШАҚ
Темiртау ГШАҚ
Торғай ГШАҚ
Оңтүстiк Қазақстан ГШАҚ
"Өскемен Алаугаз" АҚ
"Павлодар газ шаруашылығы" АҚ
Алматы iске қосу-ретте АҚ