"Жаңа Астана" кеденiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 2 қазандағы № 1206 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 15 қыркүйектегi № 2457 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2368 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын дамыту үшiн абаттандыруға және қолайлы жағдайлар жасауға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi № 1135 қаулысына сәйкес қысқарту есебiнен Ақмола қаласында штат саны 40 адам болатын "Жаңа астана" кеденi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне "Жаңа Астана" кеденi үшiн қажеттi қаражат бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "Жаңа Астана" кеденiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн "ЦЕСИНТОРГ" ЖШС-пен әкiмшiлiк, шаруашылық-қоймалық және басқа да үй жайларды жалдауға белгiленген тәртiппен шарт жасассын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi