Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 24 маусымдағы N
776 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 тамыздағы № 1028 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Жеңiл ағаш өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын мемлекеттік қолдау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 24 маусымдағы № 776 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бұдан басқа, 1996 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн оған 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттардан қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу мен жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын сауықтыруды қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық инфроқұрылымдарды құруға арнап оларды әлеуметтiк дамуды кредиттеудiң Қазақ акционерлік банкінің (бұдан әрi - Қазкредәлеуметтiкбанк) депозитiне орналастыру үшiн бiр жыл мерзiмге 234,0 млн. (екi жүз отыз төрт миллион) теңге бөлсiн";
3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Әлеуметтiк дамуды кредиттеу жөніндегі Қазақ акционерлік банкi (бұдан әрi - Қазәлеуметбанкi)" деген сөздер "Қазкредәлеуметтiкбанкi" сөзiмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi