"Қазақмарганец" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн
сату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 14 тамыздағы № 1008 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, қара металлургияны жедел дамыту мен "Қазақмарганец" акционерлік қоғамын қайта жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi ұсынған "Қазақмарганец" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн жекешелендiру жоспарына келісім берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi "Қазақмарганец" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн (80 процентiн) сату үшiн қабылдау-өткізу актi бойынша Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi "Қазақмарганец" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн сату жөнiнде ашық тендер ұйымдастырсын және өткiзсiн.
4. Министрлiктер мен ведомстволар, Жезқазған облысының әкімі Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң "Қазақмарганец" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн жекешелендiру жоспарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi барлық шараларды жүргiзсiн.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi