Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 мамырдағы № 591 қаулысына
өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7
тамыздағы № 981 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 мамырдағы № 591 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 21, 182-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
3-тармақтың күшi жойылған деп танылсын;
4-тармақтағы "Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi" деген сөздер алынып тасталсын.
Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1996-1998 жылдарға арналған жалпыға бiрдей құқықтық оқудың кешендi бағдарламасындағы:
28 рет нөмiрi алынып тасталсын;
29 рет нөмiрiнiң 2 бағанындағы "министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар және олардың аумақтық органдары аппараттарының лауазымды тұлғалары мен мамандарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерiн" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi