Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж. 30
шiлдедегi № 949 қаулысы
(2006.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 806 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы Ереже;
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсiн;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (2-қосымша) кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 30
шiлдедегi № 949 қаулысымен
бекітілген
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттік сыйлық) әдебиет, өнер және сәулет саласындағы отандық мәдениеттi дамытудағы құнды үлес деп танылған шығармалар үшiн мемлекеттік көтермелеу нысаны болып табылады.
2. Мемлекеттік сыйлық беру дегенiмiз оған тағайындалған адамдарға ғұмыр бойына "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" атағын берудi, диплом, құрмет белгiсiн, белгiленген нысандағы куәлiктi тапсыруды және бiр жолғы атауды ақшалай сыйақы төлеудi бiлдiредi.
3. Мемлекеттік сыйлықты тапсыру салтанатты жағдайда өтедi. Мемлекеттік сыйлықты тапсыру салтанаты Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады.
4. Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысының мөлшерiн Мемлекеттік сыйлық берiлетiн жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР Үкіметінiң 24.12.96 ж. № 1599 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Мемлекеттік сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi.
6. Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейiн бес жылдан аспайтын уақыт бұрын және кемiнде бiр жыл бұрын ашық жарияланымға арналып орындалған жеке және ұжымдық авторлардың дайын интеллектуалдық өнiм бiрлiгi түріндегі шығармалары ұсыныла алады.
ҚР Үкіметінiң 08.11.02 ж. № 1180 қаулысымен 7-тармақ толықтырылды
7. Мемлекеттік сыйлық алуға бiр жұмыс қайтадан ұсынылмайды. Бiр кандидатура Мемлекеттік сыйлыққа бiр саладан артық, сондай-ақ жұмыстар жиынтығы бойынша ұсынылмайды. Авторлар ұжымы құрамына кiретiндердi қоспағанда, авторлар қайтыс болғаннан кейiн Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылмайды.
8. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстардың авторлары ұжым болса, ұсынылатын адамдардың құрамына тек негiзгi және шын мәніндегі авторлар енгiзiледi және олардың саны 5-тен аспауға тиiс.
9. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары шығармашылық одақтар, ұйымдар Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсыну құқығына ие.
10. Шығармалар мен жұмыстарды ұсыну тәртібі, оларды қабылдау, сараптамадан өткізу мен iрiктеу, талқылау мен Мемлекеттік сыйлыққа ұсыну туралы шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік сыйлық алу конкурсына қатысатын жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiлуге және талқылануға жатады. Талқылау материалдары Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссиясына жiберiледi және конкурстық iрiктеу кезiнде ескерiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 30
шiлдедегi № 949 қаулысымен
бекітілген
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары
жөніндегі комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) сарапшы-кеңесшi орган болып табылады және әдебиеттiң, өнер мен сәулеттiң беделдi қайраткерлерiнiң арасынан құрылып, өз қызметiн қоғамдық бастамашылық негiзiнде жүзеге асырады. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекеттік сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.
Комиссияның құрамы 60 адамнан аспауға тиiс.
2. Комиссияның жұмысын оның төрағасы басқарады.
3. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстардың алдын ала қаралуын, оларды ұсыну тәртібінiң сақталуын қамтамасыз етедi;
жұмыстарды iрiктейдi және оларды конкурсқа қатысуға жiберу туралы ұсыныстар енгiзедi, баспасөзде авторлары мен ұсынған ұйымдарын көрсете отырып, конкурсқа жiберiлген еңбектердiң тiзiмiн жариялайды, жұмыстардың кең және ашық талқылануын ұйымдастырады;
конкурсқа жiберiлген жұмыстарды қарайды, Комиссияға түскен материалдар мен құжаттарды зерделейдi, сыйлықтарды тағайындау туралы шешiм қабылдайды;
Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдарын, куәлiктерi мен құрмет белгiлерiн ресiмдейдi.
4. Комиссияға:
Мемлекеттік сыйлық беруге ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзiрлеу үшiн әдебиет, өнердiң, көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясының жекелеген салалары бойынша секциялар мен сараптау комиссияларын құруға;
жұмыстарды рецензиялауға әдебиет пен өнер, көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясы саласынан мамандар тарту;
Комиссия мүшелерiн, сарапшылар мен сараптау комиссияларын сахна қойылымдарымен, монументальдық өнер, сәулет туындыларымен және басқа да жұмыстармен орналасқан жерiнде танысу үшiн жiберу құқықтары берiледi.
ҚР Үкіметінiң 24.12.96 ж. № 1599 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжілісiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды.
Жұмыстарды алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi Комиссия жай көпшiлiк ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.
Мемлекеттік сыйлық беру туралы шешiм жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Мемлекеттік сыйлық беру үшiн мәжіліске қатысушылардың кемiнде 3/4-i жұмысты жақтап дауыс беруге тиiс. Комиссия мен оның секцияларының мәжілістерi олардың құрамының кемiнде 2/3-i оған қатысқанда заңды болып табылады.
6. Комиссия мүшесiнiң жұмысы Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жағдайда, оның авторы секциялар мен Комиссияның мәжілістерiнiң жұмысына қатыспайды.
7. Комиссия бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды ұсыну тәртібі мен мерзiмдерi туралы хабарландыруларды, авторлары мен ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, конкурсқа қабылданған жұмыстардың тiзiмiн жүйелi түрде жариялайды, сондай-ақ өзiнiң ағымдағы жұмысы туралы хабарлап отырады.
8. Мемлекеттік сыйлық беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыс беру нәтижелерi бойынша қабылдайды және ол Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен соң күшiне енедi. Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы баспасөзде Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Күнiне қарай жарияланады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi
№ 949 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 27.10.98 ж. № 1085; 16.10.00 ж. № 1529; 09.10.02 ж. № 1099; 28.10.02 ж. № 1110 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1283; 2006.27.06. № 588 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінiң 2006.31.10. № 1030 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Әдебиет, өнер және
сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сыйлықтары жөніндегі комиссияның құрамы
Төралқа:
Ертісбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы және ақпарат министрі, төраға
Әлиев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арыстанбек Мұхамедиұлы және ақпарат вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Шаймерден - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Ербол Шаймерденұлы және ақпарат министрлігі Тарихи-
мәдени мұра департаментінің
директоры, хатшы
Вовнянко - "Қазақстан Республикасының
Игорь Александрович кинематографистер одағы" қоғамдық
бірлестігінің төрағасы,
Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген қайраткері,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты
Ерғалиева - Қазақстан Республикасы Білім және
Райхан Әбдешқызы ғылым министрлігі "М. Әуезов атындағы
әдебиет және өнер институты"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны бейнелеу өнері бөлімінің
меңгерушісі, өнертану докторы,
ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық көркемдік
сыншылар қауымдастығының мүшесi
Кекілбаев - Қазақстан Республикасының халық
Әбіш жазушысы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Қирабаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Серік Смайылұлы академиясының академигі, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты
Молдағалиев - Қазақстан Республикасының халық
Тұманбай жазушысы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Мұсаходжаева - Қазақстан Республикасы Білім және
Айман Қожабекқызы ғылым министрлігі "Қазақ ұлттық музыка
академиясы" мемлекеттік мекемесінің
ректоры, әлем әртісі, Қазақстан
Республикасының халық әртісі,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Оразбаев - Қазақстан Республикасының халық
Сәбит Қоңырбайұлы әртісі, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Оразалин - "Қазақстан Республикасының
Нұрлан Мырқасымұлы Жазушылар одағы" қоғамдық бірлестігi
басқармасының төрағасы,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты
Рүстембеков - "Қазақстан Республикасының
Ақмырза Исаұлы Сәулетшілер одағы" қоғамдық
бірлестігінің президенті,
Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген сәулетшісi
Щеголихин - Қазақстан Республикасының халық
Иван Павлович жазушысы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Әдебиет секциясы
Қасқабасов - Қазақстан Республикасы Білім және
Сейіт Асқарұлы ғылым министрлігі "М. Әуезов атындағы
әдебиет және өнер институты"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры, әдебиеттанушы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының академигі, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, секция төрағасы
Әбдіков - жазушы, Қазақстан Республикасы
Төлен Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Айтқожина - ақын, Қазақстан Республикасы
Марфуға Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Әуезов - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Мұрат Мұхтарұлы және ақпарат министрлігі "Қазақстан
Республикасының Ұлттық кітапханасы"
мемлекеттік мекемесінің директоры,
әдебиет сыншысы, филология
ғылымдарының кандидаты
Бельгер - жазушы, Президенттік бейбітшілік және
Герольд Карлович рухани келісім сыйлығының лауреаты
Есдәулетов - ақын, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас
Ұлықбек Оразбайұлы редакторы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Жұмаділов - Қазақстан Республикасының халық
Қабдеш жазушысы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Кәкішев - профессор, филология ғылымдарының
Тұрсынбек докторы
Күлкенов - жазушы, "Қазақ газеттері"
Мереке Әбдешұлы жауапкершілігі шектеулi
серіктестігінің директоры
Мағауин - Қазақстан Республикасының халық
Мұхтар жазушысы, "Жұлдыз" журналының бас
редакторы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Михайлов - ақын, "Простор" журналының бас
Валерий Федорович редакторы
Мұқай - жазушы-драматург, Қазақстан
Баққожа Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты
Мұртаза - Қазақстан Республикасының халық
Шерхан жазушысы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Мырза-Әли - Қазақстан Республикасының халық
Қадыр Ғинаятұлы жазушысы, ақын, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Негімов - сыншы, филология ғылымдарының
Серік докторы
Нұрпейісов - Қазақстан Республикасының халық
Әбдіжәміл жазушысы, қазақстандық пен-клубтың
президенті, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Сейдімбек - жазушы, Қазақстан Республикасы
Ақселеу Сланұлы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Музыка, театр және кино секциясы
Рахмадиев - КСРО халық әртici, Қазақстан
Еркеғали Рахмадиұлы Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, секция төрағасы
Әбдірашев - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Төлепберген және ақпарат министрлігі "Жамбыл
атындағы Қазақ мемлекеттік
филармониясы" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мемлекеттік академиялық симфониялық
оркестрінің көркемдік жетекшісі және