Қазақстан Республикасындағы тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз
етудi жетiлдiру мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
қаулысы 1996 жылғы 20 шiлдедегі № 935 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Өндiрiс шығындары құрамын қалыптастыруды реттеу, электр және жылу энергияларын беру және бөлу, энергия тұтынушылар мен өндiрушiлер құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Еңбек министрлігімен, Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігімен келісілген, Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополистер өндiретiн және өткiзетiн өнiмдердiң /жұмыстардың, қызмет көрсету түрлерiнiң/ өзiндiк құнын енгiзетiн шығындар құрамын қалыптастырудың ерекше тәртібін /бұдан әрi - Ерекше тәртiп/ электр энергиясын өндiрушi және тасымалдаушы мемлекеттік энергетика кәсiпорындарына сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке жататын энергетика кәсiпорындарын 1996 жылдың 1 тамызынан бастап қолдансын.
Ерекше тәртiп Кәсiпорындардың - табиғи монополистердiң атаулы мемлекеттік тiзiмiне енгiзiлген энергетика кәсiпорындарына қолданылады деп белгiленсiн.
Өкiлеттi органдар энергетикалық кәсiпорындарды арендаға немесе сенiмдi басқаруға беру үшiн контракт жасаған кезде арендаторлар мен сенiмдi басқарушылардың шарт жағдайларында Ерекше тәртiптi орындауы көзделсiн.
2. "Өндiрiстi дамытудың мақсатты индикаторлары және 1996 жылы өнiмдерге, жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерiне бағалар мен тарифтердi өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 ақпандағы № 202 қаулысында көзделген бағалардың деңгейден тыс индекстi электр энергиясына тарифтер қолданудан, сондай-ақ Ерекше тәртiптi қолдану барысында анықталған резервтерден 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап алынған қаражаттар 1996 жылы отын сатып алу мен жабдықтарды жөндеуге ғана жұмсалуы мүмкiн деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi жоғарыда көрсетiлген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасасын.
4. Отынның жетiспеуi төлемдi жүйелi түрде төлеп отыратын тұтынушылардың электр энергиясын бөлiп тастауға негiз бола алмайды.
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi төлемдi уақытында және толық көлемде жүзеге асыратын тұтынушылардың электр энергиясын бөлiп тастағаны үшiн тұтынушыларға зиян келтiрген энергетика кәсiпорындарына 1996 жылдың 1 қазанынан бастап қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шаралар қолданады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі:
1996 жылдың 1 қазанына дейiн:
электр энергиясына қарыз емес тұтынушылардың мүдделерiне нұқсан келтiретiн "веерлiк бөлiп тастау" практикасын барлық республика аумағынан алып тастау жөніндегі шараларды әзiрлесiн және оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;
бөлу есебiн аяқтасын, төлем төлемейтiн тұтынушылардың электр энергиясын аталымды бөлiп тастау әдiсi қолданылсын;
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесе отырып маңызды түрде қысқарту мақсатында энергиямен жабдықтау көздерiнен бөлiп тастауға жатпайтын объектiлер тiзбесiн қайта қарасын.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесе отырып энергетикадағы әлеуметтiк-мәдени-тұрмыстық және тұрғын үй қорының объектiлерi бойынша 1996 жылдың 1 қазанына дейiн ашық аукциондар өткiзсiн және 1996 жылдың 15 қазанына дейiн iстелген жұмыстар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндасын.
7. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне 1996 жылдың 1 қарашасына дейiн инвесторларды, қаржыландыру көздерiн және оларды кейiн жекешелендiру жолдарын iздестiру жөніндегі жұмыстарды өткiзе отырып энергетика кәсiпорындарының - табиғи монополистердiң әлеуметтiк-мәдени-тұрмыстық және тұрғын үй қорының жекешелендiрiлмеген объектiлерiн балансқа қабылдау тапсырылсын.
8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі нақты қаржыландыру көлемдерiн негiзге ала отырып бюджеттік мекемелер үшiн электр энергиясын тұтыну лимиттерiн 1996 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн әзiрлеп, енгiзсiн, энергия тұтынушылар тұрғысында мемлекеттік мекемелер жұмыстарының неғұрлым ұтымды тәртібін жасап, күшiне енгiзсiн.
9. Облыстар, қалалар, елдi мекендер әкiмдерiнiң электр энергиясын төлеусiз беруге энергетика кәсiпорындарын мәжбүр етуiне тыйым салынсын.
10. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi мен оның аумақтық органдары электр энергиясымен жабдықтау және оларды тұтыну тәртібіне араласу фактiлерi бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартсын.
11. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне ай сайын әр айдың 10-да ақпарат берiп отырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi