"Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлік қоғамы акцияларының
мемлекеттік пакетiн жекешелендiру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1996 жылғы 12 шiлдедегі № 901 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiнiң жарғылық қорынан 60 процент мөлшеріндегі бөлiгiн сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiнiң жарғылық қорынан 60 процент мөлшеріндегі бөлiгiн ескертiлген шартпен белгiленген инвесторға - "Алаш" акционерлік қоғамы фирмасының басқарушысына сатсын.
3. "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлік қоғамы акциялары мемлекеттік пакетiнiң сатылмаған бөлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң иелiгiнде қалдырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары