Жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын мемлекеттік
қолдау шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 24 маусымдағы № 776 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қаржылай сауықтыру өндiрiсiн тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң, облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбiнiң бәсекелестiк тауарлар шығаруын қамтамасыз етуде мейлiнше келешегi бар кәсiпорындарына тендерлiк негiзде мемлекеттік қолдау көрсету туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі он күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік медетшi банкiсiне жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарына кредит беру үшiн оған 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржыдан (1,3 млрд. (бiр миллиард үш жүз миллион) теңге бөлетiн болсын.
Бұдан басқа, 1996 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн оған 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттардан қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу мен жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын сауықтыруды қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық инфрақұрылымдарды құруға арнап оларды әлеуметтiк дамуды кредиттеудiң Қазақ акционерлік банкінің (бұдан әрi - Қазкредәлеуметбанк) депозитiне орналастыру үшiн бiр жыл мерзiмге 234,0 млн. (екi жүз отыз төрт миллион) теңге бөлсiн.
3. Жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары негiзiнде Қазкредәлеуметбанкi клиенттерi болып табылатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiсiне:
бөлiнген қаражатты кәсiпорындардың бизнес-жоспарлары негiзiнде жасалып бекітілген кредит беру кестесi бойынша Қазәлеуметбанкiсiне жiберу мен оның нысаналы пайдаланылуына бақылау жасау;
Қазәлеуметбанкiсiмен кәсiпорындарды қолдауға бөлiнген қаражатты банктiң қайтарымдық негiзіндегі кепiлдiгiмен қамтамасыз ету және де Қазәлеуметбанкiсiнiң қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарында қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу туралы келісім жасасу ұсынылсын.
3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.19. № 1028 қаулысымен.
4. Қазәлеуметбанкiсiне жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарының тендер негiзiнде қабылданған бизнес-жоспарлары мен акционерлердiң шешiмi бойынша акциялардың мүлiкпен қамтамасыз етiлген бақылау пакетiнiң кепiлдiгiмен банкке берiлуiне сәйкес кредиттеудi iске асыру ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу кезеңiне әлеуметтiк дамуды кредиттеу жөніндегі Қазақ акционерлік банкiсiне жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындары акцияларының мемлекеттік пакеттерiн кепiлдiкке беру туралы шартты ресiмдесiн.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi