Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншiктi есепке алудың
тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 6 маусымдағы № 716 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы № 56 қаулысын орындау үшiн және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқаруындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншiкке есеп жүргiзу мен оның пайдалануына бақылау жасауды одан әрi жетiлдiру және жүйеге келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi 1996 жылдың 15 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне ақпаратты машинамен таратуға арналған Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi және өзге де субъектiлерiнiң толық мемлекеттік тiркелiмiн, сонымен бiрге субъектiлер бойынша меншiктiң мемлекеттік үлесiнiң нысаны бойынша 1-қосымшаға сәйкес, ал қалғандары бойынша - 2-қосымшаға сәйкес беретiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi алынған тiркелiмдер үшiн төлем жасасын.
3. Шаруашылық жүргiзушi және өзге де субъектiлердiң мемлекеттік тiркелiмiн ұстаушы функциясы Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiнде сақталсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 6 маусымдағы
№ 716 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау
жөніндегі мемлекеттік комитетi заңды тұлғалар бойынша
мемлекеттік меншiктiң толық (iшiнара) үлестерiмен
беретiн көрсеткiштерiнiң
Тiзбесi
___________________________________________________________________
Рет | Алаңның атауы | Мақсаты
N | |
___________________________________________________________________
1. ОКПО коды ОКПО бойынша объектiнiң бiрдейлiк коды
2. Аты Объектiнiң атауы
3. СОАТО коды СОАТО бойынша аумақ коды
4. 1-аумақ Аумақ атауы (облыс/аудан)
5. 2-аумақ Аумақ атауы (аудан/елдi мекен)
6. Пошта Пошта индексi
7. Мекен-жай Көшенiң атауы және офис үйiнiң нөмiрi
8. Телефон Офистiң телефоны
9. Директор Директордың фамилиясы, аты-жөнi
10. ОКОНХ коды ОКОНХ бойынша салалар коды
11. Сала Салалар атауы
12. СООГУ коды СООГУ бойынша басқарма органының коды
13. Министрлiк Басқарма органының атауы
14. КФС коды КФС бойынша меншiк нысанының коды
15. Жекеменшiк Меншiк нысанының атауы
16. КОПФ коды Ұйымдық-құқықтық нысанының коды
17. КТП коды Кәсiпорын үлгiлерiнiң коды
18. Жарғылық қор Жарғылық қордың мөлшерi, теңге
19. Құрылтайшы Құрылтайшының атауы
20. Құрылтайшының коды ОКПО бойынша объектiнiң бiрдейлiк коды
21. Үлес Құрылтайшының жарғылық қордағы үлесi %
22. Банк Банк атауы
23. Шоты Есеп айырысу шотының коды
24. Нөмiрi Салық төлеушiлердiң тiркеу нөмiрi
25. Саны Жұмыс iстейтiндердiң орташа саны, адам
26. Негiзгi қорлар Негiзгi қорлардың құны, мың теңге
27. Пайда Баланстық пайда, мың теңге
28. Көлем Өндiрiс көлемi, мың теңге
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 6 маусымдағы
№ 716 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау
жөніндегі мемлекеттік комитетi жеке шаруашылық жүргiзушi
субъектiлер бойынша (мемлекеттік меншiктiң үлесiнсiз)
беретiн көрсеткiштерiнiң
Тiзбесi
___________________________________________________________________
Рет | Алаңның атауы | Мақсаты
N | |
___________________________________________________________________
1. ОКПО коды ОКПО бойынша объектiнiң бiрдейлiк коды
2. Аты Объектiнiң атауы
3. СОАТО коды СОАТО бойынша аумақ коды
4. 1-аумақ Аумақ атауы (облыс/аудан)
5. 2-аумақ Аумақ атауы (аудан/елдi мекен)
6. Пошта Пошта индексi
7. Мекен-жай Көшенiң атауы және офис үйiнiң нөмiрi
8. Телефон Офистiң телефоны
9. Директор Директордың фамилиясы, аты-жөнi
10. ОКОНХ коды ОКОНХ бойынша салалар коды
11. Сала Салалар атауы
12. КФС коды КФС бойынша меншiк нысанының коды
13. Жекеменшiк Меншiк нысанының атауы
14. КТП коды Кәсiпорын үлгiлерiнiң коды
15. Құрылтайшының коды ОКПО бойынша құрылтайшының бiрдейлiк коды
16. Саны ОКОНХ және КТП бойынша аралық саны