Кеден Одағы елдерiмен сыртқы сауда жөніндегі статистикалық есептiлiк
нысандары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5
маусымдағы № 694 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Кеден Одағының құрылуына байланысты және кеден Одағын құру жағдайындағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң арасындағы экспорт-импорт операцияларын статистикалық байқау үйлесiмдiлiгi жөніндегі Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Статистика комитетiнiң ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Кеден Одағы елдерiнiң арасындағы сыртқы сауда операцияларын статистикалық байқау үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге Кеден Одағының құрылуы аяқталған сәттен бастап сыртқы сауда жөнiнде 1, 2-қосымшаларға сәйкес статистикалық есептiлiк нысаны мен Кеден Одағы елдерi аумағынан шығатын және осы аумақтар шегiнде араласатын тауарларға қатысты кеден процедураларын алып тастау енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi Кеден Одағы елдерiмен сыртқы сауда жөніндегі статистикалық есептiлiктiң аталған нысандарына сәйкес статистикалық көрсеткiштердi жинау және өңдеудi 1996 жылға көзделген қаражат шегiнде ұйымдастырсын.
3. Сыртқы сауда операциясын жүзеге асырушы заңды тұлғалар Кеден Одағы елдерiмен сыртқы сауда жөніндегі статистикалық есептiлiктiң аталған нысандарының енгiзiлген сәтiнен бастап Кеден Одағы елдерi аумағынан шығатын және осы аумақтар шегiнде араласатын тауарларға қатысты ақпаратты статистика органдарына дер кезiнде ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Заңды тұлғалар Кеден Одағы елдерiмен сыртқы сауда жөніндегі статистикалық есептiлiктi белгiленген заң тәртібімен дер кезiнде және сапалы ұсынуға жауапкершiлiкте болады.
4. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі 1997 жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде Кеден Одағы елдерiмен сыртқы сауда жөніндегі статистикалық есептiлiк мәлiметтерiн жинау және өңдеудi қаржыландыруды көздесiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 5 маусымдағы
№ 694 қаулысына
1-қосымша
Тауарларды Кеден Одағы елдерiне әкету туралы есеп
___________________________________________________________________
Жөнелтушi N | Әкету | Кезең
| |
Тiркеу N | |
___________________________________________________________________
Сыртқы сауда операцияларына N |Тағайындалған| Тағайындалған
делдалдық жөніндегі агенттiк | ел | ел коды
| |
Тiркеу N | |
___________________________________________________________________
Тасымалдау түрi | Берiп тұру | Мәмiле
| жағдайы | сипаты
___________________________________________________________________
| Тауар | Тауар коды
___________________________________________________________________
|Жалпы салмағы|Таза салмағы
| (кг) | (кг)
___________________________________________________________________
| Қосымша өлшем бiрлiгi
___________________________________________________________________
| Статистикалық құны
___________________________________________________________________
| Ұлттық | АҚШ
| валюта бiр. | доллары
___________________________________________________________________
Ескерту. Толтырылған бланк ай сайын есептiлiк кезеңiнен кейiнгi
5-шi жұмыс күнi статистика органдарына жiберiледi.
Бланктiң толтырылған орны мен күнi
Басшының қолы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 5 маусымдағы
№ 694 қаулысына
2-қосымша
Тауарларды Кеден Одағы елдерiне әкелу туралы есеп
___________________________________________________________________
Алушы N | Әкелу | Кезең
| |
Тiркеу N | |
___________________________________________________________________
Сыртқы сауда операцияларына N | Жiберетiн | Жiберетiн
делдалдық жөніндегі агенттiк | ел | ел коды
| |
Тiркеу N | |
___________________________________________________________________
Тасымалдау түрi | Берiп тұру | Мәмiле
| жағдайы | сипаты
___________________________________________________________________
| Тауар | Тауар коды
___________________________________________________________________
|Жалпы салмағы |Таза салмағы
| (кг) | (кг)
___________________________________________________________________
| Қосымша өлшем бiрлiгi
__________________________________________________________________
| Статистикалық құны
__________________________________________________________________
| Ұлттық валюта| АҚШ
| бiр. | доллары
__________________________________________________________________
Ескерту: Толтырылған бланк ай сайын есептiлiк кезеңiнен кейiнгi
5-шi жұмыс күнi статистика органдарына жiберiледi.
Бланктiң толтырылған орны мен күнi
Басшының қолы