Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 маусымдағы № 691 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң, Ұлттық Банкінің, Кеден комитетiнiң бөлiмшелерiне қызмет көрсету және төлем жүйелерiн жақсарту үшiн банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар жүйесiн құруды жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен мемлекеттік Бюджеттік банкінің қолданылып жүрген заңға сәйкес "БанкНет" Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы жабық үлгiдегi акционерлік қоғамын құруы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлігі байланыс каналдарын "БанкНет" Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы" акционерлік қоғамына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшiн көзделген шарттар бойынша жалға берсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi