Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік банктер қызметiнiң ерекшелiктерi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 17 мамырдағы № 610 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығының 3-бабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік банктердiң қызметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тарапынан бақылауға және қадағалауға жатады және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынысы бойынша қабылданған оның қызметiнiң өзгешелiгiнiң негiзiнде әрбiр жеке банк бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешiмдерiне көзделген ерекшелiктер ескерiлiп, банк заңдарымен реттеледi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары