Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат
жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жұмысындағы кемшiлiктер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 11
сәуiр № 426
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң қызметiнде (бұдан әрi - Комитет) айтарлықтай кемшiлiктер бар екенiн атап өтедi.
Комитеттiң кiнәсінен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1995 жылғы 27 сәуірдегі № 158 өкімімен белгiленген ұлттық, мемлекеттік холдинг және акционерлік компанияларын монополиясыздандыру туралы Үкiмет шешiмдерi мен шағындауға жататын 60 холдинг құрылымының тек 41-i қайта ұйымдастырылды.
Бәсекелестiктi дамыту мен монополиялық қызметтi шектеудiң қолда бар заңдық негiзiн белгiлейтiн және кеңейтетiн заң актілерін Үкiметке ұсыну барынша ұзап кеттi.
Мәселен, 1994 жылдан бастап Комитеттiң кiнәсінен "Бәсекелестiктi дамыту мен монополиялық қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы республикада жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформамен сәйкестендiрiлмеген. Үкiметтiң Монополиясыздандыру жөніндегі шаралар тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзiрлеу туралы тапсырмасы орындалмады. Мұның барлығы Комитеттiң алдына Үкiмет қойған мәселелердi шешуге бөгет болып отыр.
Сонымен қатар, Комитет шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мүдделерiне қатысты бiрқатар нормативтiк актiлердi күшiне енгiзген, олар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелмеген, соның салдарынан олардың заңдық күшi болмай отыр.
Осы Уақытқа дейiн Үкiмет Таралқасы мәжілісiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы № 29 хаттамалық шешiмi орындалмаған, онда Комитетке Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігімен бiрлесiп 15 қарашаға дейiнгi мерзiмде қабылданып жатқан энергия жүйелерiн басқару схемаларына сәйкес электр қуатына арналған аймақтық тарифтер бойынша салыстырмалы есептер мен 1996 жылдың бiрiншi тоқсанында электр қуатына арналған тарифтердi Үкiметке енгізу тапсырылған болатын.
Осының салдарынан электр қуатына арналған тарифтер келесi тоқсан басталғаннан бiр ай бұрын бекітілуге тиiс болса, қабылданған тәртiптi бұза отырып, өнеркәсiп орындары үшiн 1996 жылдың ақпан айының басталуынан 4 күн бұрын бекітілдi, мұның өзiнде құжат Комитеттiң емес, Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігінiң бастамашылығымен шығарылды.
Өз мiндеттерiн Үкiметке артуға ұмтылу Комитет басшылығы жұмысының ерекше сипатына айнала бастады.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру туралы" 1994 жылғы 12 желтоқсандағы № 1399 және "Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен қамтамасыз етудi басқару құрылымы мен жүйесiн жетiлдiру туралы" 1995 жылғы 6 қыркүйектегi № 1237 қаулыларында газ тасымалдау бойынша тарифтер мен халық үшiн табиғи газдың бағалары жөніндегі шешiмдердi Комитет қабылдауға тиiс деп белгiленген.
Iс жүзiнде, Комитетке берiлген өкiлеттiктер шегiнде шешiмдер қабылдаудың орнына олар осы мәселелердi Үкiметке шешудi өтiнiп хат жолдайды.
Комитет шын мәнiнде аумақтық комитеттердi методологиялық және жедел басқарудан оқшау қалды, олардың баға түзу мәселелерiн шешудегi iс-қимылдары мен тәсiлдерiнiң үйлеспеушiлiгi осының нәтижесi болып отыр.
Комитет аппаратында да сауатсыз моральдық-психологиялық ахуал қалыптасқан. Бiрсыпыра қызметкерлер Президент әкiмшiлiгi мен Үкiмет Аппаратына жазған хаттарында өз жұмыстарына қанағаттанбайтындарын бiлдiрiп, Комитет төрағасы П.В. Своиктiң iс-әрекетiнiң, стилi мен әдiсiнiң дұрыс еместiгiн атап айтқан.
Комитет төрағасы П.В. Своик Заңды тұлғалар бiрлестiктерi қызметiнiң тиiмдiлiгiне талдау жүргiзу мен баға беру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысудан, оларды қайта ұйымдастыру, мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру туралы Үкiмет шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлеуден өзiн сырт ұстады. Алайда өзi Үкiметке монополиялық құрылымдарды қайта ұйымдастырудың экономикалық жағынан негiзделмеген және министрлiктер мен мемлекеттік комитеттер қолдамайтын жобаларын жiбередi.
Комитет жұмысының нәтижесiздiгi, оның басшылығының беделсiздiгi мен кәсiбисiздiгi барған сайын бой көрсетiп отырған кезде П.В. Своиктiң iс-қимылын дұрыс емес деп айыптау, саяси мәлiмдемелер мен айбат шегулер практикасы кеңейiп келедi, бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мүшесi мәртебесiмен сыйыспайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жұмысы қанағаттанғысыз деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы П.В. Своик атқарып отырған лауазымына сай емес деп саналсын.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Ә.М. Қажыгелдин П.В. Своиктi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi