Шаруашылық серiктестiктерi мен кәсiпорындар қызметiнiң мониторингi
бағдарламасын енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
1996 жылғы 15 наурыздағы № 118-ө өкімі
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"1996 жылға арналған өндiрiстi дамытудың және өнiмдердiң, жұмыстар мен қызметтердiң бағалары мен тарифтерiн өзгертудiң мақсатты индикаторлары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 ақпандағы № 202 қаулысын орындау мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi:
Статистикалық жұмыстардың регламентiне шаруашылық серiктестiктерi мен кәсiпорындар қызметiнiң мониторингi бағдарламасын енгiзсiн, көрсеткiштер тiзбесi бойынша (2-қосымша) заңды тұлғалардың ақпарат беруiнiң тәртібі мен мерзiмiн (1-қосымша) бекiтсiн;
мониторинг бағдарламасын қаржыландыру мөлшерi мен тәртібі жөнiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Экономика министрлігімен келісілген ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне енгiзсiн;
мониторинг деректерiн айына екi рет (айдың 16 және 1-күнiнен кейiнгi үшiншi жұмыс күнi) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігіне, Өнеркәсiп және сауда министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Көлiк және коммуникациялар министрлігіне, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігіне, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігіне берiп отырсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен, Өнеркәсiп және сауда министрлігімен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Көлiк және коммуникациялар министрлігімен, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігімен, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігімен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесе отырып, есептi айдың кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей терiс тенденциялардың себептерiн талдаумен және оларды жою жөніндегі, оның iшiнде Қазақстан Республикасының iрi кәсiпорындары бойынша жою жөніндегі шаралармен қоса 1996 жылға арналған өнiм өндiрудiң (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) дамытудың индикаторларының орындалуы, бағалар мен тарифтердiң өзгеруi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынатын болсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне жүктелсiн.
Премьер-Министр