Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыру жөніндегі
қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 6 қазандағы № 1311 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 26.01.96 ж. № 106; 13.05.98 ж. № 431;
17.03.03 ж. № 258 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы қаулының 7-тармағын қоспағанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес күші жойылды
Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығындағы кәсiпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.
2.
3.
4.
Ескерту. 1,2-тармақтарының, 4-тармағындағы 1,2-абзацтарының күшi жойылған - ҚР Үкіметінiң 1996.01.26. № 102 қаулысымен. Ескерту. 3,4-тармақтарының күшi жойылған - ҚР Үкіметінiң 1998.05.13. № 431 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi:
электр энергиясының аймақтық тарифтерiнiң бiр апта мерзiмде қайта қаралуын қамтамасыз етсiн, мұнда электр энергиясының тұтынушыларға жеткiзiлуiнiң технологиялық ерекшелiктерi, аймақтардың арасындағы айырмашылықтың азайғаны ескерiлсiн;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас салық инспекциясы табиғи монополист-кәсiпорындардың атаулы мемлекеттік тiзбесiне енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарының құрамы мен пайдасын пайдалануына жеке бақылау жасауын қамтамасыз етсiн;
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп коммуналдық қызмет шығындарының деңгейiн бақылауға алсын;
жүргiзiлген жұмыс туралы Үкiметке 1995 жылдың 1 желтоқсанына дейiн баяндасын.
6. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп селолық жерлерде электр энергиясын тұтынудың: тауар өндiрушi, әлеуметтiк сала, халық санаттары бойынша жеке есепке алынуын 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің электр және жылу энергиясына жеңiлдiктi тарифтер жөніндегі бұрын қабылданған шешiмдерiнiң қосымшаға сәйкес күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 6 қазандағы № 1311 қаулысына
қосымша
Үкiметтiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Қазақстан Республикасында туризм мен спортты дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 сәуірдегі № 369 қаулысының алтыншы тармағы;
2. "Нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын, мемлекеттік кiтап басу iсiн қорғау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 26 маусымдағы № 556 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 25, 398-құжат) төртiншi тармағы;
3. "Қарағанды металлургия комбинатының жұмысын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 1472 қаулысының сегiзiншi тармағы;
4. "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 қазандағы № 1122-қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 42, 456-құжат) бекітілген "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясы туралы" Ереженiң он төртiншi тармағындағы бесiншi абзац;
5. Қазақстан Республикасы Премьер-министрi орынбасарының 1995 жылғы 10 ақпандағы № 8-2 өкімінiң бiрiншi және екiншi тармақтары.