Көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысын тұрақтандыру жөніндегі
қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
кабинетінің қаулысы 5 мамыр 1994 ж. № 482
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Көмiр өнеркәсiбiнiң қаржы-экономикалық жағдайын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1994 жылғы 1 мамырдан бастап көмiр өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары көмiрдi өндiрiс шығындарына қарай анықталатын еркiн (уағдаластық) баға бойынша сатуды жүзеге асырсын.
Көмiрдiң еркiн бағасы жөнелткен франко-стансаның шарттары негiзiнде анықталады деп белгiленсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.03.05.
№ 280 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
көмiр өндiрушi бiрлестiктер мен шахта құрылысы комбинаттарына 1994 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бюджетке төлемдердiң барлық түрiнiң, айлықақыдан алынатын табыс салығынан және жергiлiктi бюджетке аударымнан басқа, мерзiмiн 1994 жылғы 1 қазанға дейiн кейiнге қалдырсын;
"Қарағандыкөмiр" өндiрiс бiрлестiгi 1994 жылғы ақпанда 150 млн. теңге мөлшерiнде және "Екiбастұзкөмiр" өндiрiс бiрлестiгi 1994 жылы желтоқсанда және 1994 жылғы ақпанда 50 млн. теңге мөлшерiнде алған несиесiн өтеу мерзiмiн 1994 жылғы 1 қыркүйекке дейiн ұзартсын;
1994 жылғы 16 наурызда "Қарағандыкөмiр" өндiрiс бiрлестiгiнiң "Ақтас" шахтасындағы аварияны жою кезiнде қаза тапқан әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмi жауынгерлерiнiң отбасыларына материалдық көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің резерв қорынан 8 млн. теңге мөлшерiнде қаражат бөлсiн;
көмiрдiң экспортына салынатын салық және валюта қаржысының бiр бөлiгi мiндеттi түрде сату мерзiмiн ұзарту туралы республика Заңының жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
3. Қарағанды облысы әкімінiң, "Қарағандыкөмiр" өндiрiс бiрлестiгi және Көмiршiлер кәсiподағы орталық комитетiнiң 1994 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша осы бiрлестiктiң құрамына кiретiн "Қарағандыкөмiр" өндiрiс бiрлестiгiнiң кәсiпорындары мен құрылымдық бөлiмшелердiң негiзiнде "Қарағандыкөмiр" мемлекеттік холдинг компаниясын құру туралы ұсынысы құпталсын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi бiр ай мерзiмде "Қарағандыкөмiр" мемлекеттік холдинг компаниясын белгiленген тәртiп бойынша құратын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі, "Қарағандыкөмiр" және "Екiбастұзкөмiр" өндiрiс бiрлестiктерi 1994-2000 жылдары көмiр өндiру мен оны ұқсатудың өзiндiк құны жөніндегі шығынды азайту бағдарламасын бiр ай мерзiмде әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінiң келiсуi бойынша бекiтсiн, сондай-ақ 1994-1995 жылдары объектiлердi салу бағдарламасы мен көмiр өндiруге және оны ұқсатуға байланысты емес өзге де қаржы шығындарын қайта қарасын.
5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетi инспекторлық құрамға арналған қазiргi жеңiлдiктердi сақтай отырып Мемкенқадағалаукомның жергiлiктi органдарын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы туралы" 1994 жылғы 23 наурыздағы № 293 қаулысына (№ 2 кесте) сәйкес еңбекақы төлеуге көшiру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігімен және Қаржы министрлігімен пысықтайтын болсын.
6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігімен, Еңбек министрлігімен, Қаржы министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, басқа да мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып, 1994 жылғы 16 наурызда "Ақтас" шахтасындағы аварияны жою кезiнде әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмi жауынгерлерiнiң қаза табу жағдаятын қарастырсын және кен өндiрiсiнде қауiпсiздiктi арттыру жөнiнде шұғыл шаралар қолданылғаны туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
7. Салалық тау-кен бөлiмдерi туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудi жеделдету орынды болады деп саналсын.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне 1994 жылғы II тоқсанда "Қарағандыкөмiр" және "Екiбастұзкөмiр" өндiрiс бiрлестiктерiне айлықақы төлеуге арнап алты ай iшiнде өтеу мерзiмiмен тиiсiнше 150 млн. теңге және 50 млн. теңге мөлшерiнде басым тәртiппен мақсатты кредит бөлудi қарастыру ұсынылсын.
9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігімен бiрлесе отырып 1994 жылғы 1 маусымға дейiн республика тұтынушыларына Қазақстан Республикасы шегiнде көмiр тасуға арналған жеңiлдiктi темір жол тарифтерiн енгізу туралы мәселенi пысықтайтын болсын.
10. "Қарағандыкөмiр" және "Екiбастұзкөмiр" өндiрiс бiрлестiктерi мен шахта құрылысы комбинаттары Украинамен және Ресеймен тауар айырбасы шарттары негiзiнде жасалатын клирингтiк операцияларының тiзбесiне енгізу үшiн жабдықтар мен материалдық-техникалық ресурстардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі мен Экономика министрлігіне табыс етсiн.
11. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Энергия ресурстарының бағасын ырықтандыру және жекелеген қызмет түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" 1994 жылғы 23 наурыздағы № 288 қаулысына № 1 қосымшаның көмiрдiң бағасына қатысты бөлiгiнiң күшi 1994 жылғы 1 мамырдан бастап жойылған деп танылсын.
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Ә.М.Қажыгелдинге жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi