Стандарттау және сертификаттау мәселелерi жөніндегі Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi
жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 13 қыркүйектегi № 1259 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 367 қаулысымен осы Қаулының күші жойылды
"Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 мамырдағы № 2298 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Стандарттау мен сертификаттау мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне шешуге енгiзiлiп, қоса берiлiп отырған өзгертулер бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақ ССР-iнде тамақ және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң кейбір түрлерiн сертификациялауды енгізу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 16 қазандағы № 417 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., № 1, 4-бап);
"Стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгi мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiн өзгерту және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 шiлдедегi № 566 қаулысымен бекітілген өзгертудiң 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 26, 321-бап)
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 13 қыркүйектегi
№ 1259 қаулысымен
бекітілген
Стандарттау және сертификаттау мәселелерi жөнiнде
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгертулер
ҚР Үкіметінiң 08.04.97 ж. № 505 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1."Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 мамырдағы № 410 қаулысымен бекітілген Ережеде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 18, 215-бап);
мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі Бас басқармасы (Қазбасстандарт)", "Қазбасстандартта", "Қазбасстандарт" сөздерi "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет (Қазақстан Республикасының Мемстандарты)", "Қазақстан Республикасының Мемстандарты" сөздерiмен алмастырылсын;
9 тармақтың:
он сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Заң бұзушы 15 күн iшiнде ерiктi түрде орындамаған стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшiн белгiленген сомаларды заңды тұлғалардан өндiрiп алуға арналған ұйғарымның барлық түрлерiн Қазақстан Республикасы Мемстандартының аумақтық органдары қадағалау объектi орналасқан жердегi салық инспекциясына - орындау үшiн және кәсiпорынның есебi сақтаулы банкке - Қазақстан Республикасында ақшасыз есептеулердi жүргiзу тәртібіне сәйкес шараларды қабылдау үшiн жолдайды";
ҚР Үкіметінiң 15.08.97 ж. № 1260 қаулысымен 2-тармақтың күшi жойылды