33. Шекара аймағы аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына жақын орналасқан аудандардың, қалалардың, поселкелердiң, селолардың (ауылдардың) аумағына немесе шекара аймағы белгiленбеген, шекара әскерлерi қорғайтын теңiз жағалауында кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға (колхоздарды қоса) және азаматтарға тиесiлi, балық аулайтын, аң аулайтын, ғылыми-зерттеу, спорттық және басқа өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн кемелер, сондай-ақ мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдар (аэрошаналар, буерлер, мотошаналар) осындай кемелерге және мұз үстіндегі қозғалыс құралдарына қадағалауды жүзеге асыратын органдарда белгiленген тәртiппен тiркелуден бөлек, шекара әскерлерiнiң таяу арадағы бөлiмшелерiнде тiркеуден өтуге тиiс, бұл туралы олардың иесiнiң тiркеу құжаттарына арнаулы штамп қойылады.
Аталған кемелермен мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдар белгiленген айлақтарға, кемежайларға және тiрек бекеттерiне бекітілуi керек және олардың тұруына арналған тұрақты орны болуға тиiс.
Бұл кемелердiң, сондай-ақ мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдардың тиесiлiлiгiн тану үшiн олардың иелерi әуеден көрiнетiн жерлерге таным белгiлерiн салады, ал жақтауына белгiленген тәртiппен тiркеу нөмiрiн жазады.
Шекара әскерлерiнiң осы тармақта көзделген кемелердi тiркеу тәртібі әскери кемелерге және Әскери-Теңiз Күштерiнiң өзге де кемелерiне, сондай-ақ тиiстi теңiз және өзен порттарына бекітілiп, белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақбалықөнеркәсiп кәсiпорындары мен ұйымдарына, басқа да министрлiктер мен ведомстволарға (Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауiпсiздiк комитетi бекiткен тiзбе бойынша) тиесiлi кемелерге таратылмайды.
34. Өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелермен, мұз үстіндегі қозғалыс құралдарымен азаматтар шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағалауында, шекарадағы өзендер, көлдер және өзге су тоғандарының жағалауларында уақытша болған кезде олардың иелерi шекара әскерлерiнiң таяу маңдағы бөлiмшелерiнде уақытша есепке алынуға және белгiленген айлақтарда, кемежайлар мен тiрек бекеттерiнде ұсталуға тиiс.
35. Теңiз жағалауындағы шекара әскерлерi күзететiн маңайдағы шекара аймағы белгiленбеген шекара аймағының, сондай-ақ аудандар, қалалар, поселкелер және селолар (ауылдар) аумағының шегіндегі айлақтар, кемежайлар және тiрек бекеттерi тиiстi әкiм немесе халық депутаттарының Кеңестерi мүдделi кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың (колхоздарды қоса) ұсынуы бойынша айқындайтын жерлерде құрылады.
Белгiленбеген айлақтарда, кемежайларда, тiрек бекеттерiнде және осы үшiн бөлiнбеген басқа да орындарда өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi, мұз үстіндегі қозғалыс құралдарын сақтау мен қоюға, адамдарды мiнгізуге және түсiруге, жүктердi тиеуге және түсiруге, зiлзала мен авария жағдайынан басқа кезде тыйым салынады.
36. Құжаттарды ресiмдеу мен өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелердiң, мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдардың теңiзге және шекарадағы өзен, көл тағы басқа су тоғандарының қазақстандық бөлiгiне шығуының тәртібін, олардың аумақтық теңiзде, Қазақстан Республикасының iшкi суларында, шекарадағы өзендермен өзге де су тоғандарының қазақстандық бөлiгiнде жүру мен қозғалу тәртібін, осымен бiрдей дәрежеде аталған кемелер мен құралдар үшiн айлақтарды, кемежайларды және тiрек бекеттерiн жабдықтаудың тәртібін Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi Бас басқармасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
Кәсiпорындар, мекемелер, және ұйымдар (кез келген меншiк нысандарындағы) тиiстi айлақтарды, кемежайлары және тiрек бекеттерiн белгiленген тәртiппен жабдықтауға, олардың күзетiлуi мен шекара әскерлерiнiң бөлiмшелерiмен байланысын қамтамасыз етуге мiндеттi. Азаматтарды осы объектiлердi күзетуге қатысты жұмысқа қабылдау шекара әскерлерiмен келісілiп жүргiзiледi.
37. Осы Ереженiң 34, 35, 36 және 37 тармақтарының өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдарды есептеу және ұстау, олардың республика суларында жүзу мен қозғалу бөлiгіндегі тәртiп шекара әскерлерi күзетпейтiн Арал теңiзiнiң жағалауына да таратылады (өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен мұз үстiнде қозғалуға арналған құралдарды шекара әскерлерiнiң бөлiмшелерiнде есепке қоюдың тәртібінен басқасы).
38. Шекарадағы кеме жүретiн өзендерде, көлдер мен өзге де су тоғандарында балық аулау Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттарына сәйкес шекара әскерлерiнiң рұқсаты бойынша және Ауыл шаруашылығы министрлігі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінiң 17.05.1996 № 609 қаулысымен 38-тармақ өзгертілді
Шекарадағы кеме жүрмейтiн өзендерде балық аулауға шекара әскерлерi ерекше жағдайларда рұқсат етуi мүмкiн.
39. Әуесқой балықшылардың, туристердiң және спортшылардың теңiзге, шекарадағы кеме жүзетiн өзендердiң, көлдердiң, өзге де су тоғандарының қазақстандық бөлiгiне шығуына тәулiктiң жарық мезгiлiнде, шекара әскерлерi берген өткізу қағаздары бойынша тiркелген өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдарда, қараңғы түскенге дейiн белгiленген айлақтарға, кемежайлар мен тiрек бекеттерiне оралатын етiп рұқсат етiледi.
Теңiзге шыққанда жағалаудан екi мильге дейiн ұзауға жол берiледi.
40. Шекара әскерлерi күзететiн теңiздiң жағалауларындағы, шекарадағы өзендердiң, көлдердiң және басқа су тоғандарының жағалауларындағы шомылуға арналған орындарды, оларды жабдықтау мен пайдаланудың тәртібін шекара әскерлерiмен келiсе отырып, жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.
41. Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң кемелерi аумақтық теңiздегi, Қазақстан Республикасының iшкi суларындағы, шекарадағы өзендер мен өзге де су тоғандарының қазақстандық бөлiгіндегі кемелерге (катерлерге) түн мезгiліндегі қажет кезде орнатылған шамсыз жүзуге рұқсат етiледi. Бұл жағдайда кемелердiң (катерлердiң) командирлерi басқа кемелермен соқтығысып қалуды болдырмайтын шаралар қабылдауға мiндеттi.
42. Шекара аймағындағы аң аулаудың тәртібі шекара әскерлерiмен келісіледi.
Шекара өтетiн жерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен шекара әскерлерiнiң шекара өтетiн жерден тыс орналасқан инженерлiк қоршауы арасындағы жерлерде аң аулауға тыйым салынады.
43. Шекара өтетiн және мемлекеттік шекара мен шекара әскерлерiнiң қоршау жерлерi тұрған аралықтағы тұста, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына (келісімдерiне) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік және қорғаныстық маңызды құрылыстар мен зiлзаланы жоюға, аса хауiптi жұқпалы аурулармен күрес жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты жұмыстардан басқа құрылыс, шабу және басқа жұмыстар шекара әскерлерiнiң келісімiмен жүргiзiледi.
44. Адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен өзге де мүлiктердi шекара арқылы өткізудi ресiмдеудiң тиiстi тәртібін қамтамасыз ету мүддесiмен белгiленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режим, сондай-ақ тиiстi бақылауды жүзеге асыратын шекара әскерлерiнiң, кеден және басқа мекемелердiң бақылау-өткізу бекеттерiн құру және қызмет жағдайына қолдау көрсету бөтен адамдардың бекеттердегi олар үшiн жабық өткізу орындарына және шетелге бара жатқан көлiк құралдарына енiп кетуiн болдырмауға ықпал етуге тиiс.
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі режимдi белгiлеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi Бас Басқармасы Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволармен келiсе отырып ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы негiзiнде және соны орындау үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудi жүзеге асыратын министрлiктер мен ведомстволар, аэропорттардың, теңiз және өзен порттарының, темір жол мен автомобиль вокзалдарының, станцияларының, бастықтары жергiлiктi жағдайды ескере отырып өздерiнiң бұйрықтарын (нұсқауларын) шығарады, оларды шекара әскерлерiмен, кеден органдарымен және iшкi iстер органдарымен келiседi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерi болып табылатын аэропорттарда, теңiз және өзен порттарында, теміржолдарда, автомобиль вокзалдары мен станцияларында шекара әскерлерi аэропорттарының, станциялардың, вокзалдардың әкiмшiлiктерiмен бiрлесiп, шекара және кеден бақылауы жүзеге асырылатын орынды айқындайды. Шекара әскерлерi бұл жерлерге қосымша режим тәртібін енгiзедi.
45. Оларға сенiп тапсырылған шетелге бара жатқан көлiк құралдарында адамдардың заңсыз жүруiне жол берген қазақстандық теңiз және өзен кемелерiнiң капитандары, әуе кемелерiнiң командирлерi, теміржолдағы поездардың бастықтары, вагондардағы жолсерiктер, автомобиль көлiгiнiң жүргiзушiлерi бұл үшiн Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауап бередi.
46. Шекара аймағының шегiнде, ал ол белгiленбеген жерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы маңындағы аудандар, қалалар, поселкелер, селолар, ауылдар немесе шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы теңiз, iшкi сулар шекарадағы өзендер мен өзге де су тоғандарының қазақстандық бөлiгi шегiнде мыналар жүзеге асырыла алады:
а) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң рұқсатымен - әуе кемелерiнiң барлық үлгiлерiнiң ұшуы және аэрофото түсiрулер, геологиялық, топографиялық жұмыстар.
Қорғаныс Министрлігінiң рұқсатымен және Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiмен келісіп-шекара өтетiн және мемлекеттік шекара мен шекара әскерлерiнiң инженерлiк қоршау желiлерi тұрған аралық жердегi жұмыстар;
б) Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң рұқсатымен-геологиялық, гидротехникалық, жол және өзге iздестiрулер, сондай-ақ шекарадағы өзен, көл және өзге су тоғандарының су режимi өзгеруiне байланысты гидротехникалық, мелиоративтiк және басқа жұмыстар, жергiлiктi жердi кино-фотоға түсiру, соның iшiнде шекара аймағының шегiнде.
47. Шекара өтетiн және мемлекеттік шекара мен шекара әскерлерiнiң мемлекеттік қоршау желісі тұрған аралықтағы жерге онда тұрақты тұрмайтын Қазақстан Республикасының азаматын өткізу өндiрiстiк немесе қызметтiк қажеттiлiк кезiнде ғана жүзеге асырылады. Бұл азаматтарды өткізудiң және уақытша болуының тәртібін, сондай-ақ аталған жерлердегi ауыл шаруашылық жұмыстары мен өзге де қызметтердi жүргiзудiң тәртібін жергiлiктi атқару органдарымен келiсе отырып шекара әскерлерi белгiлейдi.
Шекара өтетiн және шекара әскерлерiнiң инженерлiк құрылыс желiлерi тұрған жерде орналасқан елдi мекендерге өткізудiң тәртібі шекара аймағындағыдай жүзеге асырылады.
Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң (колхоздарды қоса) басшылары шекара өтетiн және мемлекеттік шекара мен шекара әскерлерiнiң, инженерлiк қоршау желiлерi тұрған аралықтағы тұста өткiзiлуi көзделген ауыл шаруашылығы және басқа жұмыстардың уақыты, орны мен сипаты туралы шекара әскерлерiнiң бөлiмшесiне күнi бұрын хабардар етуге және жұмыс iстейтiн азаматтардың белгiленген шекара режимiн сақтауын қамтамасыз етуге мiндеттi.
48. Шекара әскерлерi және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындай отырып, қару-жарақ пен жауынгерлiк техниканы қолданады:
а) қару-жарақ пен жауынгерлiк техника:
Қазақстан Республикасының аумағына қарумен басып кiрудi әскери топтар мен бандылардың әуеден шабуыл жасауын тойтару үшiн;
- Мемлекеттік шекарадағы қарулы арандатудың жолын кесу үшiн;
- Шекара әскерлерi мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне қарулы шабуылды тойтару үшiн;
- күтпеген жерден жасалған қарулы шабуылды тойтару және Қазақстан Республикасының шекарасын бұзушы басқа да қарулы қарсылықтарды тыю үшiн;
- жауынгерлiк техниканы пайдаланған шабуылды тойтару үшiн;
- ұсталған адамның тартып алынған қарумен қашқан кезiнде ескертусiз қолданылады;
б) «Тоқта!»деп дауыстап, жоғары қарай ескерту оғын атқаннан кейiн қару-жарақ пен жауынгерлiк техника:
- Шекарашылардың, шекараны немесе халықты қорғау жөніндегі қоғамдық парызын орындаушы адамдардың өмiрiне тiкелей қауiп төнген және оның бетiн қайтарудың басқадай әдiстерi мүмкiн болмаған жағдайда қарусыз адамның шабуылын тойтару мен қарсылығын тыю үшiн;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшiн ұсталған адамдар қашуға әрекет жасаған кезде, егер олар қарсылық көрсетiп, шекарашының өмiрiне анық қауiп төнсе;
- Әуе кемесiн алып қашқаны үшiн және бұған басқа әдiстi қарсы қоюдың мүмкiндiгi қалмаған кезде;
- азаматтарды олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрген шабуылдан, сондай-ақ кепiлге ұсталғандарды босату үшiн қолданылады.
49. Қазақстан Республикасының аумағындағы теңiзде, iшкi суларда, шекарадағы өзендер мен өзге су тоғандарының және ашық теңiздiң қазақстандық бөлiгіндегі сулардағы шекара әскерлерiнiң кемелерiнiң (катерлерiнiң), авиациясының қару-жарақ қолдануға хұқы бар:
а) ескертусiз:
- Қазақстан Республикасының шекарадағы кемелерiне (катерлерiне) қарулы шабуылды тойтару үшiн немесе шетел кемелерiнiң қазақстандық жағалауларға, су астындағы және су үстіндегі қазақстандық объектiлерге қарулы әрекетiн (ату және т.б.) тыю үшiн;
оларды Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнде, iшкi суларда, шекарадағы өзендер мен өзге су тоғандарының қазақстандық бөлiгiнде тоқталып, ұстаған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзушы - теңiз (өзен) кемелерiнiң қарулы қарсылығын тыю үшiн;
б) ескерту оғын атқаннан (дүркiн-дүркiн) кейiн:
- теңiз (өзен) кемелерiн алып қашуды болдырмау үшiн және оған басқа әдiспен қарсылық көрсетудiң мүмкiндiгi қалмағанда;
- мемлекеттік, кооперативтiк және жеке теңiз (өзен) кемелерiн қарулы шабуылдан қорғау үшiн, оларды басқадай қорғау шараларының нәтижесi болмағанда қолданады.
Кеменi нысанаға алу Қазақстан Республикасының суларында басталып, үздiксiз жүргiзiлген жағдайда, ашық теңiздегi шекара кемелерi (катерлерi) қару қолданады.
50. Шекара әскерлерiнiң ұшақтары мен тiкұшақтары:
- әскери топтар мен бандалардың Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасап басып кiруiн тойтару, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы қарулы арандатушылықтың жолын кесу үшiн;
- Шекара әскерлерiнiң кемелерiне (катерлерiне) оларға жасалған қарулы шабуылды тойтару кезiнде көмек көрсету үшiн немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұза отырып, қарулы қарсылық көрсеткен кемелердi тыю үшiн қару-жарақ қолданады.
51. Шекара әскерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзған әуе кемелерi мен басқа да ұшатын аппараттарға, шетелдiң әскери кемелерiне, соның iшiнде сүңгуiр қайықтарға қатысты қару-жарақ пен жауынгерлiк техниканы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен және Қорғаныс министрлігімен келісіп қолданады.
52. Шекара әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі қызметте жүрген кезде қару-жарақты сондай-ақ дабыл белгiсiн беруге немесе көмекке шақыруға пайдалануға хұқылы.
53. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерi, Әскери-Теңiз Күштерi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң басқа да түрлерi қару-жарақ пен жауынгерлiк техниканы шекара әскерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасаған әскери топтар мен бандаларды тойтаруына, мемлекеттік шекарадағы қарулы арандатудың жолын кесуiне жәрдем көрсеткен кезде, сондай-ақ мемлекеттік шекараны бұзған әуе кемелерiне, басқа да ұшу аппараттарына, шетелдiң әскери кемелерiне, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы теңiз бен iшкi суларында әшкереленген сүңгуiр қайыққа қатысты қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен қолданады:
54. Шекара әскерлерiне:
- егер олар қарулы қарсылық көрсетпесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзған адамдарға қатысты, соның iшiнде оларды ұстаған кезде керi оралуға әрекет жасаған адамдарға қатысты;
- егер шекараны бұзу анық кездейсоқ немесе мемлекеттiң шекараға жақын жерде ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарды атқаруға байланысты (аң аулау, мал жаю, саңырауқұлақ, жидек, отын жинау және басқа), сондай-ақ өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерде шомылу мен жүзу кезiнде орын алса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын шекарашылардың көзiнше бұзған адамдарға қатысты;
- шекарадағы режим мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режимдi бұзғаны үшiн ұсталған адамдар қашуға әрекеттенген кезде;
- егер олар қарулы қарсылық көрсетпесе Қазақстан Республикасының аумағындағы суларында (аумағындағы теңiзде) және шекарадағы өзендердiң, көлдердiң және басқа су тоғандарының Қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiкпен шұғылданып жүрген шетелдiң балық аулайтын және басқа кәсiпкер кемелерiне қатысты;
- егер мемлекеттік шекараны бұзудың нақты қаупi болмаса Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына жақын орналасқан шекара аймағындағы аудандардың, қалалардың, поселкелердiң, селолар мен ауылдардың аумағындағы жолдармен немесе шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағалауымен жүрiп бара жатқан және шекара әскерлерiнiң аялдау туралы талаптарын орындамаған автокөлiк құралдарына қатысты;
- Қазақстан Республикасының шекарасынан өтiп бара жатқан хайуанаттарға;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара режимiн бұзушыларға қару қолдануға тыйым салынады.
55. Қару қолданған кезде, әдетте, Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасап басып кiрудi тойтару, қарулы адамдардың жолын кесу мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қарулы бұзушылармен бетпе-бет жүздесуден басқа жағдайларда, шектес мемлекеттердiң аумағына оқ пен снарядтардың ұшуына жол берiлмейдi.
Қаруды заңсыз қолданған адам Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тәртiпке шақыратын, қылмыстық немесе өзге жауапкершiлiкке тартылады.
56. Мемлекеттік шекараны тiкелей қорғайтын шекара әскерлерiнiң бөлiмшелеріндегі қару мен оқ-дәрiнi сақтаудың, берудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық хауiпсiздiк комитетi айқындайды.
57. Қажет жағдайда, шекара әскерлерi құрамалары мен бөлiмдерi командирлерiнiң қарауы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғауға тартылған жекелеген азаматтарға шекараны қорғау жөніндегі әрекеттер кезеңiнде оқ ататын, суық қарулар берiлуi мүмкiн, бұл орайда шекара әскерлерiнiң құрамалар (бөлiмдер) командирлерi бұл азаматтардың қаруды қолданудың тәртібі туралы осы Ережеде көзделген талаптарды орындауын қамтамасыз етуге мiндеттi.
58. Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі мiндеттерiн орындаған кезде шекара әскерлерiне арнаулы құралдарды (қол кiсен, резеңке таяқ, көзден жас ағызатын, қолдануға рұқсат етiлген және басқа заттар (газдар), назарды басқа жаққа аударып жiберетiн жарық-дыбыс қондырғысы, көлiктi күшпен тоқтатуға арналған қондырғы, күрестiң жауынгерлiк әдiстерi мен қызметтiк иттер) қолдану құқы берiледi.
Бұл құралдарды қолдану мен пайдаланудың тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық хауiпсiздiк комитетi айқындайды.
59. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, егер олар қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмаса және шектес мемлекеттердiң шекарадағы өкiлiне берiлмесе, Қазақстан Республикасында құруға қалдырылуы немесе одан қуылуы мүмкiн.
Бұл шараларды жүзеге асырудың тәртібін Сыртқы iстер министрлігімен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Ұлттық қауiпсiздiк комитетi айқындайды.
60. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, шекара әскерлерiнiң басшылығына, күзетшi кемелердiң (катерлердiң) отрядтарына, бригадаларына, жекелеген бақылау - өткізу бекеттерiне, КХР-дың шекараны қорғау өкiлдерiмен уағдаластық бойынша мемлекеттік шекараның қолданылып жүрген режимiн ұстау, қақтығыстарды реттеу, қылмысты-элементтердiң шекараны бұзғаны, зiлзала, қауiптi аурулар, азаматтардың жоғалуы туралы хабарлау жөніндегі шараларды үйлестiру үшiн олармен шекара өкiлдерiнiң кездесуiн өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және басқа мүлiктердi өткізудi жүзеге асыру жөніндегі жұмыста байланыс пен өзара iс-қимылды қолдану отыруға рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 30 маусымдағы
№ 552 қаулысымен
Бекiтiлген
Аумағының шегiнде шекара аймағы белгiленетiн
аудандардың, қалалардың, селолық, ауылдық кеңестердiң, темір жол
стансаларының, әуе-жайлардың және өзен кеме айлақтарының
ТIЗБЕСI
картасы 1: 200000
1974 жылғы басылымы
Алматы облысы
Райымбек ауданындағы Нарынқол, Жамбыл, Текес, Тегiстiк, Көкбек, Қайнар, Сарыжаз, Шалкөде, Қарасаз, Сарыбастау, Сүмбi, Қызылшекара, Шибүтiн, Көмiршi селолық кеңестерi шегiнде.
Ұйғыр ауданындағы Көлжат, Кiшi Диқан, Кетмен, Дардамты селолық кеңестерi шегiнде
Талдықорған облысы
Панфилов ауданы - толығымен.
Гвардия ауданындағы Калиновка, Чкалов, Көксу селолық кеңестерi шегiнде.
Көксу ауданы - толығымен.
Талдықорған ауданы - толығымен.
Қапал ауданындағы Арасан, Суықсай селолық кеңестерi шегiнде.
Сарқанд ауданындағы Аманбөктер, Покатилов селолық кеңестерi шегiнде.
Үйгентас ауданындағы Лепсi селолық кеңесi шегiнде.
Алакөл ауданындағы Достық поселкелiк кеңесi және Арғайты селолық кеңесi шегiнде.
Семей облысы
Мақаншы ауданы - толығымен.
Ақсуат ауданындағы Ойшiлiк, Құмкөл, Екпiн, Ақсуат селолық кеңестерi шегiнде.
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы - толығымен.
Зайсан ауданы - толығымен.
Марқакөл ауданы - толығымен.
Катонқарағай ауданы - толығымен.
Темір жол стансалары
Талдықорған облысы
Алматы темір жолының Достық, Жалаңашкөл, Көктұма, Ақши стансалары мен № 13, 16, 19 разъездерi.
Әуежайлар (АӘФ-ның жергiлiктi әуе жолы)
Талдықорған облысы
Панфилов ауданының Жаркент қаласы
Семей облысы
Ақсуат ауданының Ақсуат селосы
Мақаншы ауданының Қабанбай селосы
Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан ауданының Зайсан қаласы
Тарбағатай ауданының Ақжар қаласы
Марқакөл ауданының Алексеевка селосы
Марқакөл ауданының Боран селосы
Катонқарағай ауданының Катонқарағай селосы
Өзен айлақтары
Iле пароходствосының Борахұдзыр және Дүбүн айлақтары,
Жоғарғы Ертіс пароходствосының Приозер, Боран айлақтары
Республиканың шекара маңындағы облыстарының жоғарыда көрсетiлген аудандарының, қалаларының, поселкелерiнiң, селолық (ауылдық) кеңестерiнiң барлық автобекеттерi (автостансалары) шекара аймағына