Су жолдарын кеме жүзетiн жолдар санатына жатқызу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 19
тамыздағы 1994 ж. № 931 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 105 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға болатын әрi тиiмдi су жолдары кеме жүзетiн жолдар санатына жатады деп белгiленсiн.
2. Су жолдарын кеме жүзетiн жолдар санатына жатқызуды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң қажеттi негiздемесi бар ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жүзеге асырады, негiздемеде:
тасымалдау мен негiзгi жүк тасқынының көлемi;
тасымалдаушы ұйымның атауы;
жол сұлбасының қысқаша сипаттамасы;
су жолдарын пайдаланудың ерекшелiктерi;
жол шаруашылығына қызмет көрсетушi ұйымның атауы көрсетiлуге тиiс.
Ұсынысқа:
жолды күтуге жұмсалатын шығынның есеп-қисабы;
су тоғанының сызба жоспары мен гидрологиялық сипаттамасы;
су ресурстарын басқару және табиғатты қорғау мемлекеттік органдарының келісімi қосылады.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі су ресурстарын басқару, табиғатты қорғау, денсаулық сақтау мемлекеттік органдарымен және басқа да мүдделi ведомстволармен келiсуi бойынша кеме жүзуi үшiн ашық, қай ведомствоға жататыны мен меншiк нысанына қарамастан, барлық кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын iшкi су жолдарын пайдалану Ережесiн әзiрлеп, бекiтсiн.
4. Кеме жүзуi үшiн ашық қазiргi iшкi су жолдары осыған қосылған тiзбеге сәйкес сақталатын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 19 тамыздағы
№ 931 қаулысына
қосымша
Кеме жүзуi үшiн ашық қазiргi iшкi су жолдарының
ТIЗБЕСI
Қара Ертіс өзенi /Қытай Халық Республикасы шекарасынан бастап/ - Зайсан көлi - Бұқтырма, Өскемен және Шульба су қоймаларымен бiрге Ертіс /Ресей Федерациясымен шекараға дейiн/
Қапшағай су қоймасымен бiрге Iле өзенi, Қытай Халық Республикасы шекарасынан Қапшағай ГЭС-i су бөгетi шегiндегi аралық.
Орал өзенi, Батыс Қазақстан облысының Рубежка поселкесiнiң оның сағасына дейiн
Орал - Каспий каналы
Балқаш көлi
Есіл өзенi, Петропавл су қоймасы бөгетiнен Ресей Федерациясының шекарасына дейiн
Сырдария өзенi, Қызылорда қаласы мен паром өткелдерiнiң маңайы
Қазақстан Республикасы шегiндегi Каспий теңiзiнiң айдыны