24-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оның басқа қатысушылары бұзған ретте қолданылатын шаралар
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша мiндеттемелердi оның басқа қатысушылары бұзған ретте Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі халықаралық құқық нормаларына және шарттың өзiнiң талаптарына сәйкес қажеттi шаралар қолдану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар бередi.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша мiндеттемелердi оның басқа қатысушылары бұзған ретте Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп немесе оның келiсуiмен өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық құқық нормаларына және шарттың өзiнiң талаптарына сәйкес қажеттi шаралар қолдану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар бередi.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оның басқа қатысушылары елеулi түрде бұзған ретте, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларында көзделген өзге де жағдайларда мұндай шарт осы Жарлықтың 33 және 34-баптарында белгiленген тәртiппен тоқтатылуы мүмкiн.
25-бап. Халықаралық шарттарды түсiндiру
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түсiндiру Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүргiзiледi.
26-бап. Халықаралық шарт жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң немесе өзге нормативтiк құқықтық актiсi қабылдануы не Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығарылуы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы қабылдануы қажет болған реттерде Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен келiсе отырып, белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне немесе Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиiстi заң немесе басқа да нормативтiк құқықтық акт қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн қабылданған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң күшiн жоюға олар бұзылғаннан, өзгертiлгеннен немесе олардың қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн ғана жол берiледi.
27-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуi
Халықаралық шарттар Қазақстан Республикасы үшiн шартта көзделген немесе уағдаласушы тараптар арасында келісілген тәртiп пен мерзiмде күшiне енедi.
IV тарау
Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарын жариялау, тiркеу және сақтау
28-бап. Халықаралық шарттарды жариялау
1. Қазақстан Республикасы үшiн күшiне енген, осы Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiнде ратификациялаудан өткен мемлекетаралық және үкiметаралық шарттар Парламенттiң ресми басылымдарында жарияланады.
2. Қазақстан Республикасы үшiн күшiне енген, ратификациялауға жатпайтын мемлекетаралық және үкiметаралық шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы осы Жарлықта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылған үкiметаралық шарттар "Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағында" жарияланады.
3. Қазақстан Республикасы үшiн күшiне енген халықаралық шарттар, ведомствоаралық шарттарды қоса алғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы осы Жарлықта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылған шарттар "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, келісімдерi және жеке заң актілері бюллетенi" жинағында жарияланады.
4. Қазақстан Республикасының шет тiлдерде жазылған мәтiндерi дәлме-дәл сәйкес халықаралық шарттары осы тiлдердiң бiрiнде, қазақ және орыс тiлдеріндегі ресми аудармасымен қоса жарияланады.
29-бап. Халықаралық шарттарды тiркеу мен есепке алудың бiртұтас мемлекеттік жүйесi
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеу мен есепке алудың бiртұтас мемлекеттік жүйесi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң қарауында болады.
30-бап. Халықаралық шарттарды тiркеу және мәтiндерiн сақтау
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында және басқада халықаралық ұйымдардың тиiстi органдарында тiркеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының атынан және Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының түпнұсқалары (куәландырылған көшiрмелерi, ресми аудармалары) оларға қол қойылған (депозитарийден куәландырылған көшiрмелер, ресми аудармалар алынған) күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне сақтауға тапсырылады, ал Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі осы шарттардың көшiрмелерiн олар күшiне енген күннен бастап екi апта мерзiмде тиiстi мемлекеттік органдарға жолдайды.
3. Қазақстан Республикасының ведомствоаралық шарттарының түпнұсқалары тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың архивтерiнде сақталады, ал осы шарттардың куәландырылған көшiрмелерi оларға қол қойылған (депозитарийден куәландырылған көшiрмелер, ресми аудармалар алынған) күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне жiберiледi.
31-бап. Депозитарийдiң функцияларын жүзеге асыру
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі көп жақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын, егер осы шарттардың талаптарына сәйкес мұндай мiндеттер Қазақстан Республикасына жүктелген болса, жүзеге асырады.
2. Көп жақты халықаралық шарттардың депозитарийi мiндеттерiн орындаушы шет мемлекеттер органдарымен, халықаралық ұйымдармен немесе олардың бас атқарушы лауазымды адамдарымен хат-хабар жазысуды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.
V тарау
Қазақстан Республикасы халықаралық
шарттарының күшiн жою
32-бап. Халықаралық шарттардың күшiн жою туралы ұсыныстар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарының күшiн жою туралы ұсыныс енгiзедi.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Үкiмет қарауына жататын мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшiн жою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзедi.
3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп немесе оның келiсуiмен өз құзырындағы мәселелер бойынша осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған халықаралық шарттардың күшiн жою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзедi.
4. Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң келiсуiмен өз құзырындағы мәселелер бойынша ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарды бұзу туралы Қазақстан Республикасының үкіметіне ұсыныс енгiзедi.
33-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң халықаралық шарттардың күшiн жоюы
Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi ретiмен, алдыменен Мәжілісте, содан соң Сенатта қарай отырып:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы ратификацияланған және ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарының күшiн - Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының Үкiмет қарауына жататын халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылған халықаралық шарттарының күшiн - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша жояды.
34-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң халықаралық шарттардың күшiн жоюы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерiнiң, мемлекеттік комитеттерiнiң және басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ұсынуымен Қазақстан Республикасының ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарының күшiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң келiсуiмен жояды.
VI тарау
Қорытынды Ережелер
35-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын осы Жарлыққа сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
2. "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1228 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 19, 230-құжат) 5-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының