4) банктен немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өзінің иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге;
5) банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардан банк конгломератын тәуекелге ұшырататын, олар мен үлестес тұлғалар арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
6) банктің немесе банк конгломератының меншікті капиталын банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын мөлшерде арттыру мақсатында банк холдингінен, банктің ірі қатысушысынан банкті немесе банк конгломератын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің не банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалады. Бұл акциялар уәкілетті органға үш айға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.
Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқаруды тағайындау мерзімі уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде айқындалады.
Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға банктің өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің сенімгерлік басқарудағы акцияларын олардың акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық құны бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында өткізу жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, акцияларды өткізу бағасын бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға тиесілі банк акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырудың тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
4. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 47-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
47-2-бап. Санкциялар
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертiлдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өздерінің құзыреті шегінде банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы Заңның 48-бабында белгіленген негіздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолдануға құқылы.
2. Банктің барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.
Банктің барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысы осындай шешім банктің назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертiлдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы қабылданған шешім бойынша ақпарат уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
4. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге банктің атынан оның акционерлері ғана шағым жасауға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ғана Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге шағым жасауға құқылы.
Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру жағдайларына қолданылады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.07.97 № 154-1; 12.08.97 ж. № 200-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 48-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертiлдi
48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн негiздер
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не олардан айыру мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:
1) банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметi процесінде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы 2 және 7-тармақтарының талаптарын сақтамау;
2) банкте өзге банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін ірі қатысушы-жеке тұлға болмағанда, банк холдингі, банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін банктің ірі қатысушысы-жеке тұлға мәртебесін кері қайтарып алу;
3) депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар банкте (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар бас банктің не банк холдингінің не ірі қатысушының-жеке тұлғаның болмауы;
4) банк операцияларын қолданыстағы заңнама нормаларын үнемі (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
5) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашып көрсету жөнiндегi мiндеттi сақтамау;
6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңiлдiкті жағдайлар жасауға осы Заңның 40-бабында белгiленген тыйым салуды бұзу;
7) уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу не уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шараларын үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
8) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеуі;
9) осы Заңның 8-бабының шарттарына сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтi жүзеге асыру;
10) банктің осы Заңда, банк жарғысында және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияда белгiленген өзiнiң құқық қабiлетi шегiнен шығатын операцияларды жүзеге асыруы;
11) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның қызметтi өздерiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес ол берiлген күннен бастап қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның қызметті берілген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қатарынан күнтiзбелiк он екі ай бойы жүзеге асырмауы;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыру жəне банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
13-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан бақылау мен қадағалау жүргізуге кедергі келтіруі;
14) соттың банк қызметiн тоқтату туралы шешiмді қабылдауы;
15) уәкілетті органның банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының орындамауы;
16) банкті осы Заңға сәйкес төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызу.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
17) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы Заңның 42-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;
18) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің барлық немесе мәні бойынша ұқсас жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысын тоқтата тұруы не одан айыруы;
19) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;
20) осы Заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.
1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк (ислам банкін қоспағанда) депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.
1-2. 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-3. 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша, банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат берілген кезде жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолданудың мақсатқа лайықтығын айқындау және санкцияны таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға тигізетін әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы;
7) төлемге қабілетсіз банкке реттеу шараларын қолдану мүмкіндігі.
3. алынып тасталды
ҚР 11.07.97 № 154-1 Заңымен 48-1-баппен толықтырылды; ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 48-1-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 48-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 48-1-бап өзгертiлдi
48-1-бап. Банкті лицензиядан айырудың салдарлары
1. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айрылған банктің банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мыналарға:
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға;
банктің пайдасына келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға;
банктік шоттары жабылған тұлғалардың пайдасына келіп түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате көрсетулер бойынша келіп түскен және түсетін ақшаны қайтаруға;
клиенттің банк алдында берешегі болмаған немесе клиент банк алдындағы берешегін өтеген жағдайда, клиенттердің банкті лицензиядан айырғаннан кейін өздерінің банктік шоттарына келіп түсетін ақшаны аудару жөніндегі нұсқауларын орындау бойынша шығыстарға;
Алтыншы абзац 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;
2) құрылтайшылардың (қатысушылардың), банк органдарының банк мүлкіне билік етуге құқығы болмайды;
3) банктің басшы, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі;
4) банкті ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың банкке қоятын талаптары тарату ісі жүргізілгенде ғана қойылуы мүмкін;
5) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша банктің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ банк мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) банктің лауазымды адамдарына және ірі қатысушыларына өздеріне тиесілі банк акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;
7) банкке қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
8) банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) клирингтік қатысушы болып табылатын банктің сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалану есебінен орындайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырғаннан кейін уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындайды.
Банктің бұрын әрекет еткен органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банкті лицензиядан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдауға және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
Уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізуіне келісім береді немесе оны жүргізуден бас тартады.
Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) көрсетілген операцияны жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде банктің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (банкті тарату) туралы арызбен сотқа жүгінеді.
Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдамаған немесе уәкілетті орган осы операцияны жүргізуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде банктің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (банкті тарату) туралы арызбен сотқа жүгінеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банк немесе ол уәкілеттік берген тұлға лицензиядан айыру күніне дейін үш жыл ішінде жасаған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңның 61-13-бабының 2-тармағында көзделген мәмілелердің жарамсыздық негіздері болған кезде, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Осы Заңның 61-13-бабының 3-тармағында көзделген, мәмілелерді жарамсыз деп тану салдарлары барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банкке қолданылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Банктiң жұмыс тәртібі, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін) тағайындау тәртібі, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) өкілеттігі, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмшінiң) есептілікті және өзге де ақпаратты уәкілетті органға ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісі) өз қызметiн уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшісінiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтаған кезде уақытша әкiмшiлiктердің (уақытша әкiмшілердің) орындауы міндетті, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын беру туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.