2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11. Тұрғынжай банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншігіне өткен жəне (немесе) тұрғынжай акт бойынша берілген жəне «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын кепіл беруші - жеке тұлғаның меншігінде өзге тұрғынжай болмаған жағдайларда, осындай тұрғынжай банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншігіне өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өзіне осы тұрғынжайды жалға беру, соның ішінде оны сатып алу шартымен жалға беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
12. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 11-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде оны қарайды жəне жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) сатып алу шартымен немесе онсыз тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шартын жасасуға келісетіні туралы;
2) осы Заңда белгіленген негіздер бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шартын жасасудан бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін көрсете отырып, осындай шарт жасасудан бас тартатыны туралы хабарлайды.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
13. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай жағдайларда:
1) өтініш беруші халықтың əлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататыны жөнінде анық емес мəліметтерді ұсынған;
2) өтініш беруші кіріс көздерінің болмауына байланысты жалға алу ақысын төлей алмайтын;
3) өтініш берушінің банкроттығы;
4) өтініш берушінің меншік құқығында тұрғын үйі болған жағдайларда, осы баптың 11-тармағында көзделген өтініш бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шартын жасасудан бас тартуға құқылы.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14. Мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тұрғынжайды сатып алу шартымен жасалған жағдайда тұрғынжайға меншік құқығы жалға алушы жалға алу бойынша соңғы төлемді не тұрғынжайдың мүліктік жалдау (жалға алу) шартында айқындалған құнын толық мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырғаннан кейін жалға алушыға ресімделеді.
Жалға алушы мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша міндеттемелерді қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімде орындамаған жағдайда мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тоқтатылады, бұл ретте банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның мерзімі өткен төлемдерге тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) есепке жазуына жəне талап етуіне тыйым салынады.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 35-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 35-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
35-бап. Кредиттердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету
1. Кредиттердің қайтарымдылығы тұрақсыздық айыбымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
2-тармақтың қолданысы бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындайтын қатынастарға қолданылады. 2011 ж. 10.02. № 406-IV ҚР Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін төленген жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарттары бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) не заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес төленуге жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген, жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарттары бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) не заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес төленуге жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды) (бұр.ред.қара)
2. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні ішінде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға тиіс, мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні өткеннен кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,03 пайызынан аспауға, бірақ банктік қарыз шарты қолданылатын әрбір жылға берілген қарыз сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.
3. Клиент кредитті өтеу қабiлеті жоғары және сенiмдi болған жағдайда, банк қамтылымсыз кредит (бланктік кредит) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы. Қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) беру критерийлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
4. Егер кредиттің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін бірнеше кепіл нысанасы берілсе, онда қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда және қарыз алушы, кепіл беруші кепілдік қамтамасыз етуді азайту туралы талаппен өтініш жасаған кезде бағалаушы айқындаған кепіл нысаналарының нарықтық құны банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) кепілдік саясатының талаптарын ескергенде, қарыз алушы міндеттемелерінің орындалмаған бөлігінің сомасынан асып кеткен жағдайда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушы, кепіл беруші өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарыз алушы міндеттемелерінің мөлшерінен асып кеткен бөлігінде бір немесе бірнеше кепіл нысанасының кепілі туралы шартты (шарттарды) бұзу (өзгерту) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Егер орындалмаған міндеттемелердің сомасы кепілмен қамтамасыз ету құнының он пайызынан аз болса, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушы, кепіл беруші өтініш берген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) кепілдік саясатының талаптарын ескере отырып, кепіл нысанасын өтініш жасалған кезде бағалаушы айқындаған нарықтық құны орындалмаған міндеттеменің сомасын жабатын өзге мүлікке ауыстыруды қарауға міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кепiл туралы шартта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, банк кепiлдегі мүлiктi сауда-саттық (аукцион) өткізу арқылы соттан тыс тәртіппен дербес өткізуге құқылы.
6. Осы баптың 1 - 5-тармақтарында белгiленген нормалар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөніндегі операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1 Заңдарымен 36-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 36-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 36-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36-бап. Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцида (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертiлдi (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тəсілмен жəне мерзімдерде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы:
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертiлдi (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімді өткізіп алудың туындағаны және хабарламада көрсетілген күнге мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаның банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) осы баптың 1-1-тармағында көзделген өтінішпен жүгіну құқығы;
2) қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабардар етуге міндетті.
Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертiлдi (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы - жеке тұлға банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) баруға және (немесе) өзінің банктік қарыз шартының талаптарына, оның ішінде:
1) банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
2) шетел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;
3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға;
4) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертiлдi (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) банктік қарыз мерзімін өзгертуге;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертiлдi (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің күшін жоюға;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7) «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген тәртіппен кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өзі дербес өткізуіне;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
8) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) кепіл мүлкін беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) сатып алушыға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер жəне басқа да расталған мəн-жайлар (фактілер) туралы мəліметтерді қамтитын өтінішті жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тəсілмен ұсынуға құқылы.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 1-2-тармақ өзгертiлдi
1-2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 1-1-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде қарыз алушы - жеке тұлға ұсынған банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен қарайды жəне қарыз алушы-жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;
2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныс туралы;
3) банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тəсілмен хабарлайды.
Қарыз алушы - жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау кезеңінде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.
Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) жəне қарыз алушы - жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың да келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3. Қарыз алушы - жеке тұлға банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) осы баптың 1-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде бір мезгілде банкті (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды) хабардар ете отырып, уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
Уәкілетті орган қарыз алушы - жеке тұлғаның өтінішін оның банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) өтініш жасауының дәлелдемелері ұсынылған және банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде қарайды.
Уәкілетті органның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушы - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы жөніндегі өтінішін қарауы кезеңінде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы не соттан тыс тәртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талап уәкілетті орган өтінішті өтініш жасалған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен астам қараған, сондай-ақ қарыз алушы - жеке тұлғаның бұрын қаралған мәселе бойынша өтініші қайта берілген жағдайларда қолданылмайды.
Қарыз алушы - жеке тұлғаның өтінішін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіп пен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмек түрінде қарыз алушы алатын ақшаны (электрондық ақшаны), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаны, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтарды және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаны, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны, жеке сот орындаушыларының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттарындағы ақшаны, өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған қарыз алушы - Қазақстан Республикасы азаматының банктік шоттарындағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы.
Банктік қарыз шарты бойынша берешекті банктік жинақ шоттарындағы, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын ақша есебінен осындай банктік қарыздар бойынша өтелмеген негізгі борыштың сомасы мөлшерінде төлем талабымен өндіріп алуға жол берілмейді.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны алып қою бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.
Төлем талабын қою арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу оның банктік шотындағы ақша сомасының жəне (немесе) кейіннен қарыз алушының банктік шотына заңды тұлғадан немесе дара кəсіпкерден түсетін əрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі жəне төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банктік шотқа түсуі күтілместен жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кəсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кəсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кəсіпкердің ағымдағы шотында немесе жиынтығында бір банкте ашылған ағымдағы шоттарында сақталатын ақша сомасы төлем талабын орындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аз болмауға тиіс.
Егер жеке тұлға қызметін жеке кəсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кəсіпкер ретінде тіркелген болса, көрсетілген шектеу қарыз алушы-жеке тұлғаның немесе дара кəсіпкердің жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы - жеке тұлға осы баптың 1-1-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы жеке тұлға мен банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) арасында банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 2-тармағында көзделген шаралардан басқа:
1) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы.
Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
Банктік қарыз шартында қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.
Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) берешекті сотқа дейін өндіріп алуға жəне берешекті реттеуге берген күні ол туралы коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді.
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):