Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы
1995 ж. 19 маусымдағы № 2337 Қазақстан Республикасының Заңы
(2024.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен актінің нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
I бөлiм. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңдар
2-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
3-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайының қағидаттары
4-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетелдiктер
5-бап. Баспана беру
II бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi
6-бап. Еңбек қызметi және демалыс
7-бап. Денсаулық сақтау
8-бап. Әлеуметтік қамсыздандыру
9-бап. Тұрғын үй құқығы, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар
10-бап. Білім алу
11-бап. Мәдениет жетiстiктерiн пайдалану
12-бап. Қоғамдық бiрлестiктерге қатысу
13-бап. Ар-ождан бостандығы
14-бап. Некелiк және отбасылық қатынастар
15-бап. Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк
16-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау
17-бап. Салықтар мен алымдар
18-бап. Шетелдіктердің құқықтарын қорғау
19-бап. Сайлау құқығындағы шектеулер
20-бап. Әскери мiндеттiлiкке қатыстылығы
III бөлiм. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi
21-бап. Қазақстан Республикасына келудiң, Қазақстан Республикасынан кетудiң, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өтудiң ережелерiн белгiлеу
22-бап. Қазақстан Республикасына келу
23-бап. Қазақстан Республикасынан кету
24-бап. Транзиттiк жүрiп өту
IV бөлiм. Шетелдіктердің жауаптылығы. Болу мерзімін қысқарту. Шығарып жіберу
25-бап. Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық негіздері
26-бап. Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
27-бап. Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту
28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу
V бөлiм. Қорытынды ережелер
29-бап. Осы Заңның азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде қолданылуы
30-бап. Осы Заңның қолданылу аясын шектеу
31-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
I бөлiм. Жалпы ережелер
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдар
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдіктердің негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнама осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер азаматтығы жоқ адамдар
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер болып танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады.
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайының қағидаттары
Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер заң мен сот алдында тең болады, оларды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешқандай кемсітуге болмайды.
Шетелдіктердің өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделеріне, оның азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауынан бөліп қарауға болмайды.
01.03.01 ж. № 160-II ҚР Заңымен 4-бап толықтырылды; 16.03.01 ж. № 164-II; 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді; 2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетелдіктер
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың бірге немесе бөлек келген отбасы мүшелерін, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шетелдіктерден басқа, Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші, куә, қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы немесе сотталушы деп танылған шетелдіктер қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі.
4-баптың төртінші бөлігінің қолданысы 2021 ж. 2 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2020.13.05. № 327-VІ Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
Қандастардың оңайлатылған тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға бір мезгілде құжаттар тапсыруға құқығы бар.
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап Баспана беру
Қазақстан Республикасы адам құқықтары бұзылуының құрбандары болған шетелдікке баспана құқығын бередi.
Саяси баспана беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Президентi шешедi.
II бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi
16.03.01 ж. № 164-II; 2007.12.01. № 227-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап Еңбек қызметi және демалыс
Шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгiлеген негiз бен тәртiпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметiмен шұғылдана алады. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актілерімен шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөніндегі шектеулер белгiленуi мүмкiн.
Шетелдіктер жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметiнiң белгiлi бiр түрiмен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты мiндеткерлiкте болады.
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер жеке кәсіпкерлік субъектілері бола алады. Бұл ретте заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде демалыс алуға құқылы.
2009.16.07. № 186-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Денсаулық сақтау
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ерікті медициналық сақтандыру полисі болған кезде көрсетіледі.
19.06.97 ж. № 134-I ҚР Заңымен 8-бап өзгертiлдi; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Әлеуметтік қамсыздандыру
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктердің әлеуметтік, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және міндеттер алады.
01.03.01 ж. № 160-II ҚР Заңымен ; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілдi
9-бап Тұрғын үй құқығы, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар
Егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және мiндеттерге жауапты болады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер жеке меншiк құқығында тұрғын үйге (уақытша жүрген шетелдіктерді қоспағанда) және басқа мүлiкке, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының, ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторлық құқығына, сондай-ақ Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға ие бола алады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей пайдаланады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды пайдалануға құқылы.
16.03.01 ж. № 164-II ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Білім алу
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуына, егер олар осындай деңгейдегі әрбір білімді бірінші рет алып тұрса, құқық беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуына құқық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Білім беру ұйымдарына қабылданған шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарына ие болады және міндеттерін мойнына алады.
11-бап Мәдениет жетiстiктерiн пайдалану
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мәдениет жетiстiктерiн пайдалануға құқылы. Олар тарих және мәдениет ескерткiштерiне, басқа мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
12-бап Қоғамдық бiрлестiктерге қатысу
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер саяси мақсаттарды көздейтiн саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден басқа қоғамдық бiрлестiктерге, егер бұл олардың жарғыларына (ережелерiне) қайшы келмейтiн болса, кiруге құқылы.
13-бап Ар-ождан бостандығы
Қазақстан Республикасында жүрген шетелдікке Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей ар-ождан бостандығына кепiлдiк берiледi.
Дiни нанымға байланысты дұшпандық пен өшпендiлiктi өршiтуге тыйым салынады.
14-бап Некелiк және отбасылық қатынастар
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей некелiк және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдаланады және мiндеткерлiкте болады.
15-бап Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк
Қазақстан Республикасындағы шетелдікке тұрғын үйiне, жеке басының ары мен намысына тиiспеуге кепiлдiк берiледi.
16-бап Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау
Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуына рұқсат етiлген аумағында еркiн жүрiп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер, бұл мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасының бұған уәкiлеттiк берiлген органдарының актілерімен белгiленедi.
17-бап Салықтар мен алымдар
Егер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасындағы шетелдікке Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей негiзде салықтар мен алымдар салынады.
2021.29.12. № 91-VII ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап Шетелдіктердің құқықтарын қорғау
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің өздеріне тиесілі мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау үшін сотқа, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге құқығы бар.
Шетелдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа жағдайларда, сотта Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей процессуалдық құқықтарды пайдаланады.
19-бап Сайлау құқығындағы шектеулер
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер өкiлдi және басқа сайланбалы мемлекеттік органдарға және қызметке сайлай да, сайлана да алмайды, сондай-ақ республикалық референдумдарға қатыса алмайды.
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Әскери міндеттілікке қатыстылығы
Әскери міндеттілік Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге қолданылмайды.
III бөлiм. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап Қазақстан Республикасына келудiң, Қазақстан Республикасынан кетудiң, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өтудiң ережелерiн белгiлеу
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiнiң, олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өтуiнiң қағидалары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Қазақстан Республикасына келу
Егер Қазақстан Республикасының тиiстi тараппен келiсiмiнде өзгеше тәртiп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, шетелдiктер жарамды шетелдік паспорттар немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының келу визалары болған кезде Қазақстан Республикасына келе алады.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасына келуіне:
1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп пен халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;
2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздырса;
5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) егер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса;
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы бар деп таныған жағдайда;
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған әкімшілік жазаны атқармаған болса;
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне тағайындалған жазаны атқармаған немесе өтемеген болса;
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) егер ол ұйымдасқан топта (қылмыстық ұйымда) топбастаушы жағдайына ие болса;
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
7-3) егер ол Қазақстан Республикасының аумағында ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған болса және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сәйкес өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілген болса;
8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпесе;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшін қажетті қаражатының бар екендігі туралы растауды ұсынбаса;
10) егер ол келу туралы өтiнiшхат жолдаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) егер ол бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) егер ол бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
14) егер ол кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса, тыйым салынады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың Қазақстан Республикасына және шетелдіктер баруға болмайтын жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуіне келісім беруден бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген, реадмиссия тәртібімен қайтарылған шетелдіктердің шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған, реадмиссия тәртібімен кеткен күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.
Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.