2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкілеттіктері
1. Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдармен олардың құзыреттеріне сәйкес келісу бойынша не бірлесіп мынадай:
1) ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
2) банкноттар мен монеталарды сатуды, сатып алуды, айырбастауды, ауыстыруды, олардың төлемділігін айқындауды және айналыстан алып қоюды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының эмиссиясы, қолма-қол ақша айналысы, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды жүзеге асыру;
3) төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу, көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру;
4) валюталық реттеу және валюталық бақылау;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу;
6) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру;
7) құзыреті шегінде үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде шектеулі ықпал ету шаралары мен қадағалап ден қою шараларын қолдану;
9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару, оның ішінде оларды сыртқы басқаруға беру;
10) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін мемлекеттің тазартылған алтын сатып алуға басым құқығын іске асыру;
11) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
12) кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алуы;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шеңберінде сыртқы сектор статистикасы жөніндегі есептердің статистикалық нысандарын ұсыну;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шеңберінде әкімшілік деректерді жинау (қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну);
15) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруы;
16) қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйесін, оның ішінде шоттардың үлгілік жоспарларын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, оларға әдістемелік ұсынымдарды реттеу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру;
17) өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде төлем ұйымдарын есептік тіркеу;
18) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігіне жəне іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды белгілеу;
19) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының металл шоттарды ашуы, жүргізуі жəне жабуы;
20) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтермен операциялар жүргізуі;
21) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік қызмет көрсетуі;
22) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік жəне брокерлік қызметті жүзеге асыруы;
23) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін жəне заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқару, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау;
24) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру;
25) Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау жəне олармен жасалған еңбек шартын тоқтату;
26) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
27) банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау;
28) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сəйкес осы тармақта көзделмеген Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша актілерді қабылдайды.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті, Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын қарайды, мақұлдайды жəне Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
3) Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің жəне оның ведомстволарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жəне əлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) бекітеді;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды;
6) ұйымдарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін жəне (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру жəне олардың қызметіне қатысу туралы, сондай-ақ олардың атауын өзгерту туралы, қайта ұйымдастыру жəне тарату туралы шешімдер қабылдайды;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 16-бап жаңа редакцияда; 11.07.97 ж. № 154-1; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертiлдi
16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 9 адамнан тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің төрт лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан бір өкіл кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Ұлттық Банкiнен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы тағайындайды және босатады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 69-1-баппен толықтырылды
69-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісім
Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi қажет болуына қарай, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi.
Басқарманың жоспардан тыс мәжілістерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқарма мүшелерi Басқарма мәжілісiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.
Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы шешiмге қол қояды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Қызметтен кету және босату
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті және оның өкілеттіктері
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті:
1) базалық мөлшерлемені белгілейді;
2) ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;
3) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларына ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелері кіретін құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де бөлімшелерінің басшылары кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін талаптарға сәйкес келетін адамдар енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамы мен жұмыс регламентін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің отырыстарында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы төрағалық етеді.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi және оның өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкінің оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесi болып табылады.
Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң және ведомстволарының басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекiтедi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжілістерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.
Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитетінің жəне Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мəселелер қосылмайды.
Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу мен жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін айқындайды.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертiлдi
20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдары
Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi мен ведомстволары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актілеріне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың, қызметін реттеу және құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөніндегі өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-1-бап өзгертілді
20-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамы және олардың еңбегін реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында қызмет атқарып жүрген, еңбекақысы Қазақстан Ұлттық Банкі бюджетінің қаражатынан (шығыстар сметасынан) төленетін, мемлекеттік әкімшілік және азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамына:
1) мемлекеттік саяси қызметшілердің;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметшілерінің;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілерінің лауазымдары кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын, мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері болып табылады.
Лауазымдық өкілеттіктер деп қызметшілердің Қазақстан Ұлттық Банкіндегі және оның ведомстволарындағы нақты мемлекеттік лауазымымен көзделген, Қазақстан Ұлттық Банкінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге сай келетін құқықтар мен міндеттер түсініледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша еңбек міндеттерін орындайтын, азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілері болып табылады.
Техникалық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің актілерінде белгіленген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы бекітетін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-2-бап өзгертiлдi
20-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін қызметке тағайындау шарттары
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында тиісті лауазымға орналасу үшін қажетті білімі, кәсіби даярлығының деңгейі болуға тиіс.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына:
1) заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;
5) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адамды тағайындауға болмайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 20-3-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында олардың болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толу;
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) міндетті арнаулы тексерудің теріс нәтижелері;
4) кірістері мен мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсыну;
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
6) инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға бермеу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына жұмысқа кiру кезiнде жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтерді ұсыну;
8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде басқа мемлекеттік органға беруге байланысты басқа мемлекеттік органға ауыстыру;
8-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде берілген басқа мемлекеттік органға ауысудан бас тарту;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде берілген мемлекеттік орган Қазақстан Ұлттық Банкінің берілген функцияларды, өкілеттіктерді орындап жүрген және (немесе) сол штат бірліктерін атқарып жүрген қызметшілеріне олардың біліктілігіне сәйкес лауазымдарды ұсынады. Тең дәрежелі лауазым болмаған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкі қызметшісінің келісуімен оған мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген төмен тұрған лауазым ұсынылуы мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Банкі жұмыскерлерінің санын немесе штатын қысқарту негізінде еңбек шартын бұзу кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқартылатын лауазымды атқарып жүрген қызметшісіне кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.