Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртібін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы
24 қаңтардағыы № 75 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Мемлекеттік су кадастрын жүргiзудiң ұсынылып отырған Тәртібі бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 24 қаңтардағы
№ 75 қаулысымен
Бекiтiлген
Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртібі
ЕСКЕРТУ. Тәртiптiң мәтiніндегі сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
1996.08.20. № 1031 қаулысымен.
1. Мемлекеттік су кадастры Қазақстан Республикасының бiртұтас су қорының құрамына кiретiн сулардың жай-күйi, пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жүйеге келтiрiлген, үнемi толтырылып және анықталып отырылатын мәлiметтер жиынтығын көрсетедi және судың мөлшерi мен сапалық көрсеткiштерi бойынша есебiн, су пайдалануды тiркеу, сондай-ақ судың пайдаланылуы туралы мәлiметтердi қамтиды және "Жер үстi сулары", "Жер асты сулары", "Судың пайдаланылуы" жайлы үш бөлiмнен тұрады.
Мемлекеттік су кадастрының басты мiндетi экономика салаларын су объектiлерi, су ресурстары, оның режимi, сапасы мен пайдаланылуы, сондай-ақ су пайдаланушылар туралы қажеттi мәлiметтермен қамтамасыз ету болып табылады.
2. Осы тәртiп - мемлекеттік су кадастрын жүргiзудiң басты принциптерiн, оны жүргiзудегi Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасының, Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң және Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитеттiң қызметiн анықтайды және олардың қарамағындағы мемлекеттік су кадастрын жүргiзуге қатысы бар барлық кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Мемлекеттік су кадастрын жүргiзудi Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөніндегі комитетi, жер бетi суы бойынша - Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы, жер асты суы бойынша - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі жүзеге асырады.
Мемлекеттік су кадастрының көрсеткiштері облыс аумағы мен көлдер және өзендер бассейні бойынша, ал жер асты суы бөлiмi бойынша, сонымен қатар - гидрогеологиялық аймақтар бойынша жүйеге келтiрiлiп және бастырылып шығарылады.
Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу кезiнде:
- жер бетi су ресурстары, олардың сапасы және табиғи жағдай мен шаруашылық қызмет әсерiмен өзгеруi туралы - су объектiлерi мен оның учаскелерi бойынша, мемлекеттік және мемлекетаралық маңыздылығы бар өзендер мен көлдер бассейндерi, iшкi теңiз бассейiн, су шаруашылық учаскелерi, экономикалық аудандар аумақтары, облыстар және бүкiл Қазақстан Республикасы бойынша;
- жер асты суларының ресурстары, дебиттерi мен деңгейлерi, сондай-ақ гидродинамикалық көрсеткiштерi, оның сапасы және шаруашылық қызмет әсерiмен табиғи жағдайда өзгеруi туралы - жер асты суларының көздерi, өзен бассейндерi және олардың учаскелерi, су жүру белдеуi мен бассейнi, су шаруашылық учаскелерi, экономикалық аудандар, облыстар және бүкiл Қазақстан Республикасы бойынша;
- суды пайдалану туралы - мемлекеттік маңызы бар iшкi теңiз, өзен бассейндерi, су шаруашылық учаскелер, экономикалық аудандар аумақтары, облыстар және бүкiл Қазақстан Республикасы, сондай-ақ су пайдалану түрлерi және экономика салалары бойынша мәлiметтер пысықталады.
4. Бөлiмдерi бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргiзу Қазақстан Республикасы мемлекеттік су кадастрының жалпы автоматтандырылған ақпараттық жүйесi шеңберiнде қолда бар салалық автоматтандырылған ақпараттық жүйелердi (ААЖ) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік су кадастрын (тиiстi бөлiмдерi бойынша) жүргiзу жүйесiнiң бiртұтастығын қамтамасыз ету және жалпы мемлекеттік су кадастрын жүргiзу жұмыстарын үйлестiру үшiн құрамына тепе-теңдiк негiзде Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң, Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасының өкiлдерi кiретiн ведомствоаралық үйлестiрушi-сарапшы кеңес құрылады.
6. Бөлiмдерi бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргiзудiң нақты тәртібі мен әдiстерi және мемлекеттік су кадастрының көрсеткiштер құрамы, үлгiсi мен басылу мерзiмдерi ведомствоаралық үйлестiрушi-сарапшы кеңестiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетi, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы бекiткен әдiстемелiк нұсқаулармен анықталады.
7. Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу барысында Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетi, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы тиiстi бөлiмдер бойынша:
ақпаратты жинауды, бақылауды, өңдеудi, сақтауды, мәлiметтердiң автоматтандырылған жиынтығын қалыптастыру және ақпаратты төлем негiзiнде таратуды;
мемлекеттік су кадастр мәлiметтерiнiң жиынтығын қалыптастыру және жүргiзу әдiстерiн, алгоритмдерi мен машиналық бағдарламаларын әзiрлеудi және жетiлдiрудi;
қарамағындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер орындайтын мемлекеттік су кадастрын жетiлдiру және жүргiзу жөніндегі жұмыстарды басқаруды, жобалауды және бақылауды;
мемлекеттік су кадастрын және басқа да нормативтi-техникалық құжаттарды жүргiзу жөніндегі нұсқаушылық, әдiстемелiк тапсырмаларды жасауды;
су ресурстарын (су пайдалануды) және оның шаруашылық қызметiнiң әсерiмен өзгеруiнiң ағымдағы және келешекте бағалауды;
мемлекеттік су кадастрының басылымын баспаға және жариялауға дайындау;
мемлекеттік су кадастрын және автоматтандырылған ақпарат жүйесiн жүргiзудiң ұйымдық құрылымы мен тәртібінiң жалпы принциптерi мен ғылыми-әдiстемелiк негiздерiн жасауды;
мемлекеттік су кадастрын жетiлдiру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
мемлекеттік су кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi ведомствоаралық ақпараттармен алмасуды қамтамасыз етедi.
8. Мемлекеттік су кадастрының бiрлескен ведомствоаралық басылымын әзiрлеу мен жариялауды Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы жүзеге асырады.